"KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамын қайта атау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамы "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.

      2. "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы 51% мөлшерінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне берілсін.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамында мемлекеттік органдар өкілдерінің сайлануын қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 1 наурыздағы
№ 100 қаулысына
қосымша

"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцяда – ҚР Үкіметінің 13.03.2019 № 106 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы;

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі;

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Директорлар кеңесінің мүшесі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі;

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі.

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2017 жылғы 1 наурыздағы
№ 100 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-179-жолмен толықтырылсын:

      "21-179. "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 332-1-жолмен толықтырылсын:

      "332-1. "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.";

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитетіне" деген бөлім және реттік нөмірі 359-1-жол алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы (ұсынымы) бойынша немесе онымен келісім бойынша қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімінде:

      реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

30.

"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" АҚ
 

      ".

      4. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:

      "Ұлттық компаниялар" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 42-жолмен толықтырылсын:

      "42. "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы".".

      5. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.

      6. "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

      6-бағанда:

      реттік нөмірлері 14, 23, 25, 26, 80, 85-жолдардағы "KazNex Invest" ЭИҰА" АҚ (келісім бойынша)" деген аббревиатура және сөздер "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісім бойынша)" деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 24-жолындағы "KazNex Invest" ЭИҰА" АҚ" деген аббревиатура "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісім бойынша)" деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;

      ескертпеде:

      аббревиатуралардың толық жазылуында:

      "KazNex Invest" ЭИҰА" АҚ – "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ – "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы".

      7. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 03.07.2019 № 469 қаулысымен.

      8. "Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 450 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 41-42-43, 258-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Инвестициялар тарту саласында:

      "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы".";

      5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы".".


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады