"2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 275 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2017 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына (2016 жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 27-қосымшада:

      реттік нөмірі 78-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

78

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелеріне арналған мерекелік іс-шаралар мен салтанатты концерттерді өткізу, "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясындағы іс-шараларды, халықаралық конкурстар мен фестивальдерді өткізу, Мемлекет басшысының шетел делегацияларымен ресми кездесулері аясында концерттік бағдарламаларды ұйымдастыру, шығармашылық ұжымдардың және орындаушылардың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ТҮРКСОЙ, Шыңжан-Ұйғыр автономдық ауданының іс-шараларына қатысуын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

"Қазақ әуендері" АҚ

033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" 105 "Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу"

543
29
09

      ".

      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады