2010 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 308 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов 2010 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 мамырдағы
№ 308 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

2010 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі

      Тараптар арасындағы екіжақты қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге ниет білдіре отырып,

      екі мемлекеттің Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен Біріккен Араб Әмірліктері азаматтарының жалпыазаматтық паспорттарын иеленуші азаматтарының екі мемлекет аумағына келуі үшін виза алу талабынан босатуға дайын екендігін білдіре отырып,

      1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясын және 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясын назарға ала отырып,

      2010 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімнің 7-бабын және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) өзгерістер енгізу туралы 2017 жылғы 15 қаңтардағы хаттаманы басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:


1-бап

      1. Келісімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломатиялық, қызметтік, арнайы паспорттардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен Біріккен Араб Әмірліктері азаматтарының жалпыазаматтық паспорттарының иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім".

      2. Келісімнің 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тараптар Келісімді іске асыру мақсатында бір Тарап мемлекеті азаматтарының екінші Тарап мемлекетінің аумағына келуі үшін жарамды құжаттар тізбесіне мынадай құжаттарды енгізуге уағдаласты:

      Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:

      дипломатиялық паспорт;

      қызметтік паспорт;

      Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

      Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтары үшін:

      дипломатиялық паспорт;

      арнайы паспорт;

      Біріккен Араб Әмірліктері азаматының жалпыазаматтық паспорты.

      2. Бір Тарап мемлекетінің азаматтары – екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқандарын қоспағанда, дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына халықаралық қатынас үшін ашық өткізу пунктері арқылы визасыз келуге және одан кетуге, оны кесіп өтуге және онда келген күнінен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімде болуға құқылы.

      3. Бір Тарап мемлекетінің азаматтары – Қазақстан Республикасының азаматтары паспорттарының және Біріккен Араб Әмірліктері азаматтарының жалпыазаматтық паспорттарының иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына халықаралық қатынас үшін ашық өткізу пунктері арқылы келуге және одан кетуге, оны кесіп өтуге және онда келген күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде болуға құқылы.".

      3. Келісімнің бүкіл мәтіні бойынша "паспорт" деген сөз тиісті түрде "дипломатиялық, қызметтік, арнайы паспорт, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және Біріккен Араб Әмірліктері азаматының жалпыазаматтық паспорты" деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап

      1. Тараптар осы Хаттамаға қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен Біріккен Араб Әмірліктері азаматтарының жалпыазаматтық паспорттарының үлгілерімен алмасады.

      2. Екі Тарап та ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті немесе азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында осы Хаттаманың қолданысын тоқтата тұруға құқылы. Әрбір Тарап осы Хаттаманың қолданысын тоқтата тұру немесе жаңғырту туралы екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша түрде дереу хабарлайды.

3-бап

      Осы Хаттама белгіленбеген мерзімге жасалады және Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді.

      Осы Хаттама Келісімнің қолданысы тоқтатылған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.

      2017 жылғы "____"_______ ______ қаласында әрқайсысы қазақ, араб және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктерінің
       Үкіметі Үшін Үкіметі Үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады