Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру (екінші кезең)" жобасын іске асыру туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 қазандағы № 654 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру (екінші кезең)" жобасын іске асыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру (екінші кезең)" жобасын іске асыру туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 19 қазандағы
№ 654 қаулысымен
мақұлданған


  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру (екінші кезең)" жобасын іске асыру туралы келісім

      Осы жерде және бұдан әрі жеке-жеке "Тарап" немесе бірге "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы төмендегілер туралы Келісім жасасты:

1-бап. Келісімнің нысанасы

      1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) "Өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру (екінші кезең)" жобасын (бұдан әрі – жоба) жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ЭЫДҰ жоба шеңберінде орындайтын жұмысты қаржыландыруға келіседі.

      3. Жобаны іске асыру мерзімі – осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 24 ай.


2-бап. Бюджет және қаржыландыру тетіктері

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі ЭЫДҰ-ға осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын оның 1-қосымшасында көрсетілгендей, жобаны іске асыруға байланысты шығыстарды өтеуге 900000 (тоғыз жүз мың) еуро беруге міндеттенеді.

      2. Жарна мынадай кестеге сәйкес төленеді:

      1) 450000 (төрт жүз елу мың) еуро мөлшеріндегі алғашқы жарна 50 % (елу) осы Келісім күшіне енген және ЭЫДҰ-дан тиісті шот-фактура алынған кезден бастап 30 (отыз) күннің ішінде төленеді;

      2) 450000 (төрт жүз елу мың) еуро мөлшеріндегі екінші жарна 50 % (елу) ЭЫДҰ-дан шот-фактура алынған жағдайда, 2018 жылғы қарашада төленетін болады.

      3. ЭЫДҰ қазіргі кезде жарнаның жалпы сомасынан 6,3% әкімшілік шығындарды өтеуді қарастыратын ЭЫДҰ-ның қаржылық ережелеріне және басқа тиісті қағидаларына, саясаттарына және рәсімдеріне сәйкес осы жарнаны әкімшілендіретін болады. Шығыс бухгалтерлік есептің жалпыға бірдей қабылданған қағидаттарына сай ЭЫДҰ шоттарында көрсетілетін болады және ол ЭЫДҰ аудитінің стандартты қағидаларына сәйкес аудит кезінде тексерілуі мүмкін.

3-бап. Жұмыстар мен есептіліктің сипаттамасы

      1. ЭЫДҰ осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын оның 2-қосымшасында сипатталғандай, жобаның жүзеге асырылуына жауапты болады.

      2. Есепті кезеңнің соңынан бастап үш айдың ішінде (күнтізбелік жылдың соны) 2018 жылғы наурызда ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығыстар туралы ақпаратпен бірге жобаның іске асырылу барысы туралы аралық есепті ұсынады.

      3. Есепті кезеңнің соңынан бастап үш айдың ішінде (күнтізбелік жылдың соны) 2019 жылғы наурызда ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығыстар туралы ақпаратпен бірге жобаның іске асырылу барысы туралы аралық есепті ұсынады.

      4. Жоба аяқталғаннан кейін үш айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне қорытынды есеп пен шығыстар бойынша түпкілікті қаржы есебін ұсынатын болады.

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық есептілікке қойылатын талаптардың, осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын оның 3-қосымшасында сипатталғандай, ЭЫДҰ стандартты есептілік форматына сәйкес шығындар туралы есепте сақталатындығымен келіседі.

4-бап. Ақпарат алмасу

      Тараптар жобаны жүзеге асыру үшін бір-біріне көмек көрсетеді және қажетті ақпараттарды ұсынады.

      Тараптардың арасындағы кез келген ақпарат алмасу мынадай мекенжайға жіберіледі:

      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі - 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, тел.: +7 (7172) 74-28-77, e-mail: d.tazhenova @ economy.gov.kz;

      ЭЫДҰ үшін: ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттік бағдарламасы, Ғаламдық байланыстар хатшылығы, 75775, Франция, Париж Cedex 16, 2, rue André-Pascal, эл.мекенжайы: jolanta.chmielik@oecd.org.

5-бап. Жобаның нәтижелерін пайдалану

      1. Жобаның кез келген нысандағы нәтижелері ЭЫДҰ айрықша меншігі болып қалады.

      2. Үшінші тұлғалардың құқықтарын, сондай-ақ ЭЫДҰ құжаттардың жіктелуіне және жіктемеден шығарылуына қатысты қағидалары және саясаттары сақталған кезде, егер қолданылатын болса, ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне кез келген мемлекеттік коммерциялық емес мақсаттар үшін жоба бойынша қорытынды есепті пайдалануға, көшірмесін жасауға және қағаздағы көшірмелерін таратуға қарапайым қайтарып алынбайтын құқық береді. Қазақстан Республикасының Үкіметі қорытынды есепті өзінің веб-сайтында орналастыруға және толық "ОҚУ ҮШІН" (html 5) таратуға уәкілетті болып табылады.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі қажет болғанда ЭЫДҰ-ның авторлық құқығын әрқашан тиісінше мойындайды.

      4. ЭЫДҰ осындай жарияланымның тіліне және нысанына қарамастан, қорытынды есепті алғашқы жариялау құқығын өзіне қалдырады.

      5. Қорытынды есепке Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобаға қосқан үлесін мойындау кіреді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нышаны жоғарыда көрсетілген мойындаудың жанында жарияланымның ішінде немесе жарияланым мұқабасының сыртқы бетіне орналастырылады.

      6. Жоба барысында ЭЫДҰ-ға ұсынылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып табылатын кез келген мәліметтер немесе ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып қалады. ЭЫДҰ көрсетілген мәліметтер мен ақпараттарды өзінің есебін дайындау мақсатында және жобаны жүзеге асыру үшін кеңінен пайдалануға және/немесе қосуға құқығы бар.

6-бап. Дауларды шешу

      Осы Келісімнің болуын, жарамдылығын немесе бұзылуын қоса алғанда, оны түсіндіруге, қолдануға немесе орындауға қатысты немесе содан туындаған, келіссөздер арқылы шешіле алмайтын кез келген даулар, келіспеушіліктер немесе наразылықтар осы Келісімді жасасу күніне қолданылып жүрген, халықаралық ұйымдар мен Аралық соттың тұрақты палатасының мемлекеттеріне арналған төрелік соттың факультативтік қағидаларына сәйкес міндетті күші бар түпкілікті төрелік талқылаумен шешіледі. Судьялардың саны - біреу. Судья Тараптардың арасындағы уағдаластық жолымен таңдалады, егер мұндай уағдаластыққа төреліктің талабынан кейін үш айдың ішінде қол жеткізілмесе, судья Тараптардың бірінің талабы бойынша жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес тағайындалады. Төрелік сот Парижде, Францияда өтеді және барлық іс жүргізу және берілетін түсініктемелер ағылшын тілінде болуы тиіс.

7-бап. Артықшылықтар және иммунитеттер

      Осы Келісімде ешнәрсе халықаралық ұйым ретінде ЭЫДҰ-ның иммунитеттерден және/немесе артықшылықтардан бас тартуы ретінде түсіндірілмеуі тиіс.

8-бап. Өзгерістер

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісім оның ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген түзетулер арқылы өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.

9-бап. Күшіне енуі

      Осы Келісім оған екі Тарапта қол қойғаннан кейін күшіне енеді және қолданылады және екі Тарап та осыдан туындаған барлық міндеттемелерді орындамайынша, қолданыста болып табылады.

      Алты түпнұсқа данада, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі данадан қол қойылды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндердің арасында айырмашылық болған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасы жалғыз төлнұсқа нұсқа болып табылады.

      Қазақстан Республикасы Экономикалық
      Үкіметінің тарапынан Ынтымақтастық және даму
      ұйымының тарапынан
      Тимур Сүлейменов Андреас Шаала
      Қазақстан Республикасының Ғаламдық байланыстар
      Ұлттық экономика министрі хатшылығының директоры
     
      Қолы:____________________ Қолы:____________________
Күні:____________________ Күні:_____________________
      Антуан Пайль
Атқарушы директор
     
Күні:____________________
            Қолы:____________________


  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы
арасындағы "Өңірлік бәсекеге
қабілеттілікті арттыру (екінші
кезең)" жобасын іске
асыру туралы келісімге
1-қосымша

Қоса берілген бюджет, еуро

Атауы

Еуро

ЭЫДҰ қызметкерлеріне арналған шығыстар

574 948

Бір адамға арналған шығыстар

72 368

Консультанттарға арналған шығыстар

21 622

Кездесулерге/семинарларға арналған шығыстар (ЭЫДҰ қызметкерлері мен сарапшылары)

165 344

Әртүрлі (мысалы, басып шығару, көшірмелер, жариялау, ілеспе аударма)

18 018

ЭЫДҰ әкімшілік шығыстары, венчурлік капитал

47 700

ЖИЫНЫ

900 000










  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Экономикалық
ынтымақтастық және даму
ұйымы арасындағы "Өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру (екінші кезең)" жобасын іске асыру туралы келісімге
2-қосымша

      "Өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру (екінші кезең)"

      Қазақстанның өңірлік бәсекеге қабілеттілік жобасы ұлттық және қосалқы ұлттық деңгейлерде сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ЭЫДҰ стратегиялық тәсіліне негізделеді.

      Қазақстанның өңірлік бәсекеге қабілеттілігінің жобасы Қазақстандағы бірінші жоба болып табылады, ол қосалқы ұлттық деңгейде өңірлік бәсекеге қабілеттілік мәселелері бойынша ЭЫДҰ білімі мен тәжірибесін ескереді. Ол Қазақстанның өңірлерінде жан-жақты өсуге және өңірлік дамуға ықпал етуге бағытталған.

      Жобаның негізгі міндеттері тікелей шетелдік инвестицияларды (ТШИ) тарту бойынша өңірлердің әлеуетін нығайту, шикізат емес секторларда бәсекеге қабілеттілікті арттыру және ТШИ мен ШОБ линкиджін (байланыстарын) дамытуды қолдау болып табылады.

      Жоба өңірлік бизнес/климатты жақсартуға бағытталған реформаларды әзірлеу және жүзеге асыру арқылы инвестициялар көздерін әртараптандыру мен жеке сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қосалқы ұлттық әкімшіліктермен және өңірлік мүдделі тараптармен жұмыс істейді.

      Мәнмәтін туралы неғұрлым толық ақпарат қосымшада қолжетімді.

      Екінші кезеңде болжанған тәсіл (24 ай)

      Қазақстанмен, атап айтқанда, 2016 жылғы желтоқсанда Ұлттық экономика министрлігімен талқылағандай, қосалқы ұлттық деңгейде сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қолдау жөніндегі жұмыстарды жалғастырудың маңызы зор. Осыған байланысты келесі суретте осы жобаның жаңа кезеңінің құрылымы туралы ақпарат көрсетілген.

      1 кесте. Өңірлік бәсекеге қабілеттіліктің жобасы – Жаңа кезең




      ЭЫДҰ Қазақстанның өңірлеріндегі сектордың бәсекеге қабілеттілігі саласында қолданыстағы саяси кедергілерді бағалауға бағытталған тәсілді қабылдайды, одан кейін егжей-тегжейлі саяси ұсынымдарды және оларды іске асыру процесін қолдауды дайындайды. Тәсілдің негізгі сипаттамалары мыналар болып табылады:

      Экономикалық бәсекеге қабілеттілікті арттыру: экономиканы әртараптандыру мен индустрияландыру аясында өңірлердің экономикалық бәсекеге қабілеттілігінің кедергілерін басуға назар аудару.

      Зерттеу нақты деректерге негізделген және іскерлікке бағытталған: компаниялар мен салалық қауымдастықтардың, перспективалық шетелдік инвесторлардың кері байланысын, ЭЫДҰ мүше елдердің және мүше емес елдердің тәжірибесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан үлесті қоса алғанда, жобаның бірнеше мүдделі тараптар үшін өзекті болып табылатын фактілерге негізделген саяси ұсынымдарды беру мақсатында деректердің қатаң сандық және сапалық талдауының үйлесуіне сүйене отырып.

      Сонымен қатар бұл зерттеу жеке секторға негізделген: компаниялар мен салалық қауымдастықтармен кері байланыс жасау үшін пікіртерімдер мен сұрақнамаларды пайдалана отырып, сондай-ақ ұсынымдардың жеке секторды дамыту үшін қолайлы болып табылатындығына кепілдік беру үшін жұмыс топтарының кеңестеріне жеке сектор өкілдерінің қатысуымен.

      Өзара байланыстылық. Жоба құрамдауыштарының және олардың арасындағы тұжырымдардың ауысуының өзара байланыстығын мойындай отырып, ұсынылғанның өзара іс-қимылы мен талдауының келісілген болуын қамтамасыз ету үшін.

      Ұлттық және қосалқы ұлттық деңгейлерде әлеуетті ұлғайту: берілген ұсынымдар әлеуетін мақсатты ұлғайтуды жүргізу, ЭЫДҰ-ға мүше және мүше емес елдер сарапшыларының қатысуымен ұсынымдарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Үкіметіне қолдау көрсету мақсатында.

      Диалогқа жәрдемдесу: қосалқы ұлттық деңгейде бәсекеге қабілеттілікке қызығушылық танытқан Қазақстандағы түрлі мүдделі және мемлекеттік және жеке сектор тараптарының арасындағы диалогқа жәрдемдесу, оның ішінде жұмыс топтарының жобалары арқылы.

      Әдіснама/дағдыларды беру: талдау әдіснамасын беру және оларға басқа бағдарламаларды дербес орындауға мүмкіндік беру үшін қазақстандық директивтік органдардың жобаны іске асыруы.


1-қосымша. Өңірлік өсу үшін кешенді тәсілдің маңызы неге зор - Аумақты дамыту саласындағы саясат комитетінің орталығы
Аумақты дамыту саласындағы саясат комитеті (АДСК) (бұрынғы Аумақты дамыту саласындағы саясат комитеті) өңірлік саясат саласында тәжірибе алмасу және талқылау үшін басты халықаралық форум болып табылады. Ол тиімді және инновациялық басқару және өңірлік бәсекеге қабілеттілікке жәрдемдесу мақсатында Аумақты дамыту саясаты жөніндегі хатшылықтың жұмысын басқарады. Экономикалық және әлеуметтік шарттардың өзгеруіне байланысты аумақты дамытудың жаңа стратегиясына шоғырланған, бір жаңа комитетке ЭЫДҰ қызметінің түрлі бағыттарын біріктіріп жинау үшін, сондай-ақ ұлттық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде түрлі әріптестердің қатысуымен жалпы саясатты бағалау үшін 1999 жылы АДСК құрылды.
Өңірлік деңгейде өсудің факторларын анықтайтын ЭЫДҰ талдауы инфрақұрылым, адами капитал, инновациялар мен агломерация сияқты драйверлердің бірқатарын анықтайды (ЭЫДҰ, 2009). Негізгі факторлардың i) эндогенді (ішкі) болып табылатындығы басты табыс болуы мүмкін, яғни олар табиғи ресурстармен немесе физикалық географиямен анықталмай, саясаттың көмегімен шешілуі мүмкін және ii) осы эндогенді факторлар кешенді тәсілдің қажеттігін көрсете отырып, бірін-бірі толықтырады:
Өңірлік деңгейде инфрақұрылымды жақсарту анағұрлым жоғары өсу қарқынына әкеледі. Мұндай инвестицияларды білім берудегі және инновациядағы жақсартулармен қоса ілестірген жөн. Бұл адами капиталды қалыптастыру, инновацияларды арттыру және физикалық инфрақұрылымды қамтамасыз ету саласында саясатты үйлестіру тиімді болар еді деген ойға әкеледі. Инфрақұрылымға инвестициялардың әсері үш жылдан бастап бес жылға дейінгі мерзімде пайда болады.
Адами капитал - өңірлік жұмыс күшінде біліктілігі жоғары қызметкерлердің болуы және біліктілігі төмен қызметкерлердің болмауы - өңірлердің барлық типтерінде өсуді анықтайтын ең сенімді фактор болып табылады. Адами капиталды жақсартудың әсерлері де шамамен бес жыл мерзімде пайда болады.
Үшінші маңызды элемент инновация болып табылады (ғылым мен технология сияқты құрамдауыштар тұрғысынан өлшенеді). Инновацияның оң әсерлері ұзақ мерзімді перспективада шамамен он жылдан кейін сезіледі.
Агломерациялар экономикасының да өсуге оң әсері бар, бірақ олар өсудің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету үшін қажетті немесе жеткілікті болып табылмайды.
Осы зерттеулерде эндогенді элементтер трансферттер мен субсидияларға қарамастан өңірлік деңгейде өсу үшін маңызды болып табылатындығы негіз болып табылады. Сандық талдау мен сапалық тақырыптық зерттеулерді біріктіретін келесі зерттеулер (ЭЫДҰ, 2012) осы нәтижелерді растайды және саясат пен институционалдық факторлардың маңыздылығын атап өтеді.
Дамуы төмен өңірлердің өсу әлеуетін ескере отырып, инвестициялаудың жақсы экономикалық мәні бар. Дамуы төмен өңірлерге бағытталған саясат әлеуметтік себептермен ғана насихатталмауы тиіс; осы өңірлердің өз активтері бар болғанға дейін олар ұлттық экономиканың өсуіне көп үлес қосуы мүмкін.
Субсидиялардың негізіндегі саясат емес, өсуге әсерін тигізетін стратегия анағұрлым тиімді және тұрақты болып табылады. Ұзақ мерзімді перспективада бұл да тәуелділіктен, рентаның соңына түсуден және болашақтағы жоғары шығындардан аулақ бола отырып, анағұрлым әділ қоғам құруға көмектеседі.
ЭЫДҰ зерттеуі өсу әлеуетін арттыру үшін жергілікті жағдайларды ескере отырып, құрылымдық саясатқа география мен факторларды қосуға үндейді.


1-құрамдауыш: алдыңғы пилоттық өңірлерді мониторингілеу және бағалау

      Негізгі қызмет. ЭЫДҰ алдыңғы кезеңнің пилоттық өңірлеріне (Атырау, Қызылорда және Шығыс Қазақстан) арналған ұсынымдардың іске асырылуын бағалауда Ұлттық экономика министрлігіне қолдау көрсететін болады. Осы қолдау ұлттық үкімет үшін өңірлік органдардың таныстырылымдарды ұйымдастыруы нысанында жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, ЭЫДҰ Еуразиядағы бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ЭЫДҰ Дөңгелек үстелінде Қазақстанның қатысуын қолдайды. Дөңгелек үстел бәсекеге қабілеттілік жөніндегі реформаларды іске асыру бойынша сараптамалық шолуларды жүргізу мақсатында ЭЫДҰ мүшелері мен Еуразияға әріптес елдер үшін бірлескен тұғырнама ретінде 2013 жылы негізі қаланды. Қазақстанға арналған шолулар:

      1) шағын фермерлер үшін ауыл шаруашылығының нарықтарына қолжетімділікті жақсарту, 2014 жылы ұсынылды. 2015 жылы кәсіптік стандарттар арқылы мұнай-химия және химияда Қазақстанның дағдыларын күшейту.

      2) нәтижелер. Мониторингілеудің және бағалаудың жалпы құрылымына үлесі. Жоба үкіметке ТШИ ағынын мониторингілеудің және бағалаудың бірыңғай жүйесін әзірлеуге және инвестицияларды ынталандыру жөніндегі қызметтеріне қолдау көрсетеді. Мониторинг пен бағалау жөніндегі есептердің сараптамалық бағасы. Жоба сонымен қатар, сараптамалық есептер мен нұсқаулықтардағы ұсыныстарды мониторингілеу, іске асыру жөніндегі Еуразиядағы бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ЭЫДҰ Дөңгелек үстелінің сессияларында Қазақстанның үкіметіне қолдау көрсетеді.

      3) шағын фермерлер үшін ауыл шаруашылығы нарықтарына қолжетімділікті жақсарту 2014 жылы ұсынылды және мониторинг шамамен 2018 жылы жүргізілетін болады (Қызылорда мен Шығыс Қазақстанға баса назар аудара отырып). Кәсіптік стандарттар арқылы мұнай-химия және химияда Қазақстанның дағдыларын күшейту 2015 жылы ұсынылды және мониторинг шамамен 2018 жылы жүргізілетін болады (Атырауға баса назар аудара отырып).

2-құрамдауыш: Ұлттық аумақтық шолуды және Ұлттық қала саясатына шолуды жүзеге асыру туралы өңірлік диалог және секторлардың бәсекеге қабілеттілік стратегияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша екі жаңа пилоттық өңірді нысаналы қолдау

      Негізгі қызмет. Қазақстанда жақында ЭЫДҰ аумақтық шолуы мен Қала саясатына шолу жүргізілді - бұл шолулар өңірлік және қалалық трендтердің тереңдетілген талдауын ұсынды және аумақтық саясат пен басқаруды қалай жақсарту қажет екені туралы ұсынымдар келтірілді.

      Аумақтық шолуда өңірлік саясаттың қазақстандық экономиканы әртараптандыруға және табиғи ресурстарға тәуелділігін төмендетуге қалай көмектесе алатынына баса назар аударылды. Шолуда экономикалық белсенділік пен орналастырудың үлгілері анағұрлым шоғырландырылып келе жатқаны атап өтілді және ел агломерациядан көп пайда алуы мүмкін деген тұжырым жасалды. Шолуда өңірлік дамуға қатысты қазіргі заманғы тәсілді жүзеге асыру кезінде басқару реформаларының қатар жүруі керектігі атап өтілді. Осы мақсатта салыстырмалы артықшылықтар саласына бағытталған ғылыми негізделген баяндамада өңірлік саясатқа жәрдемдесу үшін анағұрлым сапалы қосалқы ұлттық деректер жинаудың қажеттілігі атап өтілді. Сонымен қатар, мемлекеттік инвестициялардың сапасын арттыру және азаматтардың тартылуын жақсарту мақсатында қосалқы ұлттық үкіметтерге әкімшілік және фискалдық міндеттерді беру ұсынылды. Қаржылық басқарудың мықты әдістерімен қатар қосалқы ұлттық деңгейде қаржының бөлінуін таратудың нақты қағидалары мен формулалары осындай реформалардың сыни элементтері болып табылады.

      Қалалық саясатқа шолу Қазақстан мен оның қалаларының жаңғыртылу үстінде, бірақ оның қалалық орталықтары экономикалық өсудің жылжымалы күші ретінде өзінің әлеуетін толық іске асырмас бұрын кейбір проблемаларды шешуі қажет екенін көрсетті. Шолу қалалық қоғамдық көліктердің қысқартылуы, қолжетімді тұрғын үйлердің жетіспеушілігі және ауаның ластануы мен қалдықтарды жою сияқты проблемаларды шешуде анағұрлым тиімді басқарудың қажеттілігі сияқты қалалардағы негізгі проблемаларды атап өтті. Осы және басқа проблемаларды шешу үшін баяндамада қалалық ортаның саласында деңгейлес саясатты үйлестіруді жақсарту, жер пайдалануды жоспарлаудың барлығын қамтитын жүйесін әзірлеу ұсынылды және инфрақұрылымдағы алшақтықты еңсеруге көмектесетін бағдарламалардың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, Шолу қалалық дамудың кешенді, яғни министрліктердің салалық жоспарларының арасындағы үйлестіруші болып табылатын стратегияны әзірлеу қажеттілігін атап өтті.

      Осы екі баяндаманың ұсынымдары Қазақстан үшін қызметтегі басым бағыттарды атап көрсетеді. Ұлттық аумақтық шолуды және Ұлттық қалалық саясатқа шолуды іске асыру жөніндегі осы диалог осы күш-жігерлерді қолдау тәжірибесімен және озық практикасымен алмасу тәсілі ретінде ұсынылады.

      Іске асыру жөніндегі диалогтың мақсаттары Ұлттық аумақтық шолудағы және Ұлттық қала саясатына шолуда қамтылған саясаттар бойынша негізгі ұсынымдардың ішінен төртеуін орындай алатын Қазақстанның ресми тұлғаларына қатысты тәжірибемен және алдыңғы қатарлы практикамен алмасу болып табылады. Іске асырудың диалогына арналған ұсынылатын төрт тақырып мыналардан тұрады:

      Өңірлік бәсекеге қабілеттілік. ЭЫДҰ зерттеуінде өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін кейбір негізгі факторлар анықталды, оларға қолжетімділік пен инфрақұрылым, дағдылар, инновациялар, кәсіпкерлік пен басқару жатады. Жергілікті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тиімді ұсыну да экономикалық бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі элементі болып табылады. Мамандық пен біліктілік бойынша болсын, өндіріс ауқымы бойынша болсын, өңір мен муниципалитеттің көрсетілетін қызметтерді ұсыну қабілеттілігі жергілікті деңгейде қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің маңызды аспектісі болып табылады. Қазақстанның жақындағы ЭЫДҰ Аумақтық шолуы бюджетті құру, қаржылық басқару, мемлекеттік сатып алу және нормативтік қамтамасыз ету саласындағы озық практикасы табысты мемлекеттік инвестициялар үшін негіз құрайтынын атап өтті. Тиісті тетіктер мен тиісті бюджеттік салалар үкіметтің түрлі деңгейлерінің бейілділігін күшейтеді. Осы семинарда өңірлік саясатты қолдау үшін осы тетіктерді жетілдіру және дамыту мәселелеріне баса назар аударылатын болады.

      Қала саясаты. ЭЫДҰ қалалардың саясатына шолуында қала аудандарын әкімшілік бірліктер ретінде емес, "функционалдық экономикалық бірліктер" ретінде алғаш рет аша отырып, функционалдық қала аудандарын (ФҚА) анықтау үшін ЭЫДҰ-ЕО әдіснамасы алғаш рет қолданылды. Бұл семинар ФҚА құрылысын және олардың қала саясатын тұрақты дамыту ісіндегі тиімділігін түсіндіретін болады. Семинар сонымен қатар, Қазақстандағы қалалық дамудың үш негізгі тақырыбына арналады: жер пайдалануды жоспарлау жүйесін, қолжетімді тұрғын үй нұсқаларын және олардың қоғамдық қала көлігімен байланыстарын жаңғырту. Бұл үш тақырып қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды болғандықтан, іріктеліп алынды.


      1 - кесте. Іске асыру жоспары мониторингінің компоненттері – мысал


Саясат саласы

ЭЫДҰ жалпы ұсынымы

Іс-қимыл

Пилоттық өңір

Жауапты агенттік

Әлеуетті дәлелдік база

Жұмыстрды орындау барысы (аяқталды/орындалуда/басталған жоқ)

Пікірлер

Инвестицияларды ынталандыру

Инвестицияларды тарту үшін өңірлік әлеует-
ті жақсару
 

1

Қызмет көрсету орталығына инвесторларды, тәжірибесі мен біліктілігі бар кемінде бір бас менеджерді, сүйемелдеу бойынша екі мененджерді жұмысқа қабылдау (яғни сауда-өнеркәсіптік палатада/кәсіпкерлер палатасында / жеке секторда /банкте еңбек өтілімі 5 жылдан кем емес;
ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгерген; коммуникативтік дағдылары мен бастамашылдығы бар)

Атырау,
Шығыс Қазақстан,
Қызылорда

Инвестициялар және даму министр-лігі,
Kazakh Invest,
Инвестор
ларға қызмет көрсету орталығы

Инвесторларға қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің лауазымы
- Инвесторларға қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің түйіндемесі
- Лауазымдық нұсқаулықтар / Инвесторларға қызмет көрсету орталығының лауазымдарына арналған техникалық тапсырма
 

Орында-
луда

Атырау қаласының қалалық әкімдігі және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өздерінің ЭЫДҰ жалпы ұсыныстарын қолдайтындары туралы хабарлады;
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі жақында онда қызметтік ISC пен инвестицияларды тарту және инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі өңірлік кеңестің бар екенін хабарлады



2

Инвестицияларды мақсатты көтермелеу үшін әр өңірде бір-екі басым секторды таңдау; әлеуетті инвесторлармен алмасу үшін әр басым секторға арналған жазбаша құнды ұсынысты дайындау

Атырау,
Шығыс Қазақстан,
Қызылорда

Инвесторларға қызмет көрсету орталығы

Әр басым сектор бойынша ұсынылатын басымдықтары бар құжат;
Әр басым сектор бойынша инвестицияларды тартуға арналған іс-қимыл стратегиясы/жоспары





3

Әр басым сектор үшін әлеуетті инвесторлардың тізімін/дерекқорын және осы секторларға инвесторларды тарту жөніндегі іс-қимыл жоспарын құру; Инвесторларға үнемі көмек көрсету

Атырау,
Шығыс Қазақстан,
Қызылорда

Инвесторларға қызмет көрсету орталығы/ Kazakh Invest

Инвесторлардың тізімі/дерекқоры
Инвесторларға жіберу үшін секторлар бойынша хаттар мен құжаттардың үлгісі
Инвесторлармен өзара іс-қимыл хаттамасы





4

Инвесторларға қызмет көрсету орталықтары мен Kazakh Invest арасындағы байланысқа/кері байланысқа арналған кесте және арна орнату
 

Атырау,
Шығыс Қазақстан,
Қызылорда

Инвесторларға қызмет көрсету орталығы/ Kazakh Invest

Өзара іс-қимыл кестесі Өзара іс-қимыл хаттамасы
Қызмет көрсету орталықтарының жұмыс барысы және Kazakh Invest жүргізетін мәселелер туралы жаңартылған ақпарат және оларды шешуге қабылданған іс-қимыл





5

Жауап беруінің шекті мерзімі 24-48 сағатты құрайтын және өзекті ақпаратпен инвесторлардың барлық сұраныстарына арналған жауаптың хаттамасын белгілеу және соны орындау (мысалы, нақты стандарттары бар тағам өнімдерін қайта өңдеуге арналған жер телімдері)

Атырау,
Шығыс Қазақстан,
Қызылорда

Инвестициялар және даму министрлігі /Инвесторларға қызмет көрсету орталығы/ Kazakh Invest

- Құжаттың хаттамасы
- Келіп түсетін сұраныстардың журналы (кім, қашан, сұрау салу, қабылданған шаралар, кейігі шаралар)



      Қосалқы ұлттық аумақтық көрсеткіштер. ЭЫДҰ аумақтық шолуы орналасқан орнына байланысты проблемалардың диагностикасына көмектесе алатын аумақтық көрсеткіштерді әзірлеудің маңыздылығын атап өтеді және прогресті бақылауға және хабарлауға көмектеседі. Бұл тиімді өңірлік және қалалық саясаттың да, сол сияқты орталықсыздандырудың да тиімді күш-жігері сияқты маңызды элемент. Бұл семинар Қазақстанның аумақтық көрсеткіштерді жақсартуының және оларды саясатты әзірлеуде, соның ішінде іс-әрекеттің басым салаларында пайдаланудың сараптамалық бағасын ұсынады.

      Мемлекеттік инвестициялардың қағидаттары. Мемлекеттік инвестициялар (мысалы, жеке немесе "жұмсақ" инфрақұрылымға күрделі шығындар) мемлекеттік шығындардың өсуіне әлеуетті әсерін тигізетін бірден бір түрі болып табылады және жеке секторды инвестициялаудың ұйытқысы бола алады. Тиімді мемлекеттік инвестициялар теңсіздікті жоюда, үкімет пен азаматтардың арасында сенімділікті нығайтуда және әл-ауқатын арттыруда шешуші рөл атқарады. ЭЫДҰ елдерінде мемлекеттік инвестициялардың үштен екісінен астамы қосалқы ұлттық үкіметтердің деңгейінде, яғни штаттар, өңірлер, провинциялар мен муниципалитеттер бойынша жүзеге асырылады. Қазақстанда мемлекеттік инвестициялық жобалардың аясында орталық үкіметке қосалқы ұлттық үкіметтерді тарту мемлекеттік инвестициялардың мүмкіндігін максималды пайдаланатын еді. ЭЫДҰ барлық деңгейдегі үкіметке олардың мемлекеттік инвестициялық әлуетін үкіметтік тәсілді пайдалана отырып мықты және әлсіз жақтарын және жақсарту мақсатында басымдықтарын анықтау үшін 12 қағидатты анықтады. Бұл семинар оларды Қазақстанда іске асыру қағидаттары мен тәсілдеріне арналатын болады.

      Нәтижелері. Астанадағы төрт семинар (әрқайсысы бір күн) Қазақстанға ұсынымдарды жүзеге асыру бойынша күш-жігеріне жәрдемдесетін саясаттың шеңберін анықтауға және тәжірибе алмасуға баса назар аударылған. Семинарлардың мазмұны жинақталатын және іске асырудың тиісті бағдарламаларының маңызды элементтері анықталатын семинарлардың материалдары.

Секторлардың бәсекеге қабілеттілігінің стратегияларын іске асыруда екі жаңа пилоттық өңірге қолдау көрсету жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары

      Бұл жұмыс процесі үш жақты тәсілмен сипатталады: бастапқы диагностика және басымдық беру, кейін стратегияларды және "жол карталарын" әзірлеу және саяси реформаларды жүзеге асыруды қолдау.

      Диагностика және басымдықтарды айқындау. Жоба екі пилоттық өңірді таңдаудан басталады, олар географиялық орналасу тұрғысынан, экономикалық құрылымы және демографиялық өлшемшарттары әртүрлілікті қамтамасыз етеді. Бір пилоттық сектор әр өңірді мемлекеттік және жеке секторлардың арасындағы диалог нәтижелерінің, жеке секторларды зерттеудің, мәліметтерді талдаудың және қайталама көздердің негізінде таңдалады. Өңір үшін бәсекеге қабілеттілікті арттыру өңірдің экономикасын талдауды, инвестициялық климаттың жалпы кедергілерін шолуды, пилоттық секторды талдауын және ТШИ тарту мақсатында саясат мәселелері бойынша салалық ұсыныстардың жинағын қамтитын Инвестицияларды тартудың өңірлік стратегиясын (ИТӨС) бағалау әзірленді.

      Стратегиялар мен "жол карталарын" әзірлеу. Бастапқы диагностиканың нәтижелеріне және басымдықтарды анықтауға негізделе отырып, ЭЫДҰ өңірлерге қатысы бар негізгі салалардағы саясат мәселелері бойынша мақсатқа бағытталған мына ұсыныстарды береді:

      Секторлардың бәсекеге қабілеттілік стратегиялары (СБС) жеке секторды зерттеу, жергілікті мүдделі тараптармен консультациялар нәтижелеріне, кабинеттік зерттеулерге негізделе отырып, пилоттық өңірлердегі пилоттық секторлар үшін әзірленеді. Стратегия пилоттық секторға ТШИ тарту үшін жағдайларды жақсарту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін саяси реформалардың жол картасымен аяқталады.

      СБС одан әрі нығайту мақсатында тиімділікті арттыру саясатын жүзеге асырудың бірқатар басшылық қағидаттарын ұсынылады, оның құрамында нақты секторларда саясат реформаларын жүзеге асыруға қатысты өңірлік және ұлттық деңгейлерде саясат әзірлеушілері үшін егжей-тегжейлі басшылық ететін нұсқаулықтар бар.

      Іске асыруды қолдауға арналған әлеуетті құру. ЭЫДҰ саясаттың барлық салаларында әлеуетті тұрақты өсіру арқылы ұлттық және өңірлік үкіметтерге қолдау көрсетеді. Бұл қолдау нақты секторларда бәсекеге қабілеттілікті арттырудың озық тәжірибесін зерттеу мақсатында ЭЫДҰ елдеріне елдің ішкі миссиялары мен саясатты жүзеге асыруды қолдау және бақылау үшін әлеуетті жасау жөніндегі семинарлар, жұмыс топтары, өңірлерге тұрақты миссиялар нысанында жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, ЭЫДҰ халықаралық сарапшыларының ұлттық және қосалқы ұлттық директивті органдары мен ШОК арасындағы байланыстарды орнатуға жәрдемдесу үшін әлеуетті мақсатта теңдей өсіруді қамтамасыз етеді.

      Нәтижелері. Қазақстанның өңірлік бәсекеге қабілеттілігінің жобасы ең алдымен Қазақстанның өңірлеріне қосалқы ұлттық деңгейде өсудің әлеуетін арттыру, өзінің стратегиялық күн тәртібін жақсарту үшін ЭЫДҰ басқа елдерінің тәжірибесі мен білімдерін пайдалануға мүмкіндік береді. Ол Қазақстанның әлемдік нарықтарға терең интеграциясын және экономикасының әртараптандырылуын қолдайтын пилоттық секторларының бәсекеге қабілеттілігін дамытуды қолдауға бағытталады. Өңірлер озық тәжірибені, әдістерді, стратегияларды, операцияларды және статистиканы қоса отырып, мемлекеттік қызметтің және саясаттың ерекше саласында ЭЫДҰ білімінің беделді және жаңғыртылған бірегей қорына қолжетімділікке ие болады.

      Бұдан басқа, жобаның аясында оның мақсаттарына сәйкес келетін нәтижелердің/ әсерлердің бірқатарына қол жеткізіледі деп күтілуде, мысалы:

      Әлеуетті дамыту. Жобаның аясында қосалқы ұлттық деңгейде (яғни, пилоттық өңірлерде) әлеуетті өсіруге баса назар аударылатын болады. Бұл бірнеше мүдделі тараптармен, оның ішінде ұлттық және өңірлік директивті органдармен, инвестицияларды көтермелеу жөніндегі агенттіктермен (ИКА), шағын және орта кәсіпкерліктермен және дара кәсіпкерлермен орын алады. Басты назар екі пилоттық секторда бәсекелес кластерлерді талдау үшін Қазақстанға сарапшылардың миссиялары, ЭЫДҰ мүше елдеріне ел ішіндегі миссиялары арқылы пилоттық секторда әрекет ететін ЭЫДҰ мүшелерімен білім беру желілерін дамытуды қолдау кезінде әлеуетті теңдей өсіруге баса назар аударылады.

      ТШИ үшін хабардар болуы, бәсекеге қабілеттілік және тартымдылық. Жоба пилоттық өңірлерде ТШИ үшін инвестициялық мүмкіндіктерді және кедергілерді жақсы түсінуді қамтамасыз етеді, ол инвестицияларды көтермелеу үшін институционалдық әлеуетті нығайтуға көмектеседі.

      ТШИ басқаруды үйлестіру мен тартымдылық стратегиялары. Жоба саяси реформаларды әзірлеуде және жүзеге асыруда ұлттық және қосалқы ұлттық үкіметтердің арасындағы сатылас үйлесімділікті көтермелеу арқылы көп деңгейлі басқаруды жақсартады.

      Кәсіпкерлік пен ШОК қолдауды күшейту. Жоба пилоттық өңірлерге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға, қосылған құнның ғаламдық тізбегіне ШОК бірігуін қолдауға, біліктілікті арттыруға және технологияларды беруді көтермелеуге жәрдемдеседі. Жоба жергілікті ШОК ұсынатын өнімдер мен көрсететін қызметтер туралы ақпараттың қолжетімділігін жақсарту үшін әлеуетін құруға қолдау көрсететін болады және шетелдік инвесторларды жергілікті ШОК-тан сатып алу байланыстарын реттеу үшін көтермелейді.

      ЭЫДҰ ұсынылатын екі пилоттық өңірдің әрқайсы бойынша мынадай жазбаша нәтижелерді ұсынады:

      Әлеуетті арттыру жөніндегі барлық семинарлар миссияларының хаттамалары мен қысқаша есептері. Инвестицияларды ілгерілетудің өңірлік стратегияларының бағалауы. Пилоттық сектордың тартымдылығын және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды талдау - ("Секторлардың бәсекеге қабілеттілігінің стратегиясы"). Қазақстан үшін аса маңызды параметрлердің ұсынымдарын, мысалы, уақытша шектің айналасында басымды ету (мысалы, қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективаларды жақсарту) және жауаптылық деңгейлерін (мысалы, ұлттық үкіметпен макро/мезо деңгейлер және әкімдіктермен, жергілікті жеткізушілердің қауымдастықтарымен шағын деңгейлер).

      3. Ұсынылған мерзімдер

      Жоба 24 айға созылады. Жобаның ұсынылған жоспары төменде көрсетілген, сонымен қатар жоба іске асырылған кезде қажетіне қарай өзгертілуі мүмкін.

Мерзімдері
(ай)

Міндеттері

Қызметі

Пилоттық өңірлердің қатысуы

Күтілетін нәтижелер

0

Алдын ала консультациялар мен мерзімдерді айқындау

Қызмет мерзімін бекіту

Үйлестіру орталығының басшылығымен екінші тараптың командасын тағайындау (жергілікті деңгейде) және білім беру көздерін анықтау.
Консультация беретін негізгі мүдделі тараптарды айқындауға көмектесу.

Өңірлік инвестицияларды тарту бойынша стратегияның жоспары және Сектордың бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі стратегиялар

2

Деректерді түгендеу және жинау.

Түгендеудің қолданыстағы талдауын және қолданыстағы деректерді қабылдау

Сұратылған ақпарат пен деректерді ұсыну

3-4

Талдау және әзірлеу

Талдау жүргізу және алғашқы әзірлемені дайындау (draft).
Негізгі мүдделі тараптармен консультация беруді және сұхбатты ұйымдастыру.
Көпжақты мүдделі тараптармен семинарды ұйымдастыру.

Қажетіне қарай қосымша ақпарат ұсыну.
Жиналыстар мен семинарларды ұйымдастыруға жәрдемдесу

Қазақстанның пилоттық өңірлеріндегі мүдделі тараптардың көпжақты қатысуымен өтетін семинар және Сектордың бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі стратегияларды таныстыру

3-8

Әлеуетті бастапқы өрістету

ЭЫДҰ елдерінен сарапшылардың қатысуымен капиталды өрістету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

Капиталды өрістету жөніндегі кездесулерді ұйымдастыруда логистикалық қолдауды қамтамасыз ету.
Елдің іс-шараларында және сапарларында қатысушы сарапшыларды тағайындау.

Ұсынымдарды басымды ету.
Қазақстандағы және ЭЫДҰ еліндегі әлеуетті арттыру жөніндегі іс-шаралар.

6

Алдыңғы пилоттық өңірлердегі іске асырудың мониторингі

Астанада ұлттық іс-шараны ұйымдастыру

ЭЫДҰ ұсынымдары орындалуының жай-күйін ұсыну

Өткен кезең ұсынымдарының орындалуын бағалау

8-18

Әлеуетті нығайту

Әлеуетті нығайту жөніндегі қызметті жалғастыру.
ЭЫДҰ тиісті органдарынан кері байланысты (feedback) алу.

Іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесу

Шілдеде саясат мәселелері жөніндегі
сапар

Нәтижелерді тарату

Нәтижелерді тарату/ елдегі әлеуетті арттыру мәселелері жөніндегі қызметтің әсері.
Қазақстанда Ұлттық экономика министрлігімен кездесуде негізгі нәтижелерді таныстыру.

Елде нәтижелерді таратуға жәрдемдесу.
 
Саясат мәселелері бойынша кездесулерге қатысу.

Қазақстанда өткізілетін іс-шаралар бойынша ақпаратты тарату

5-24

Мониторинг және бағалау

Еуразия бойынша ЭЫДҰ дөңгелек үстеліне мониторинг пен бағалау жөніндегі есептерді дайындау.
Пилоттық өңірлерде ұсыныстарды іске асыруды бағалауда Ұлттық экономика министрлігін қолдау (алдыңғы кезең).

Өзінің пікірлерін ұсыну және қажетіне қарай дөңгелек үстелге қатысу.
Мониторинг пен бағалау кезінде Ұлттық экономика министрлігінің жұмысына үлесін қосу.

Мониторинг және бағалау бойынша есептер.
Қазақстан өңірлерінің мониторингі мен бағалау жүйесіне үлес қосу.

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы
арасындағы "Өңірлік бәсекеге
қабілеттілікті арттыру (екінші
кезең)" жобасын іске
асыру туралы келісімге
3-қосымша

ШЫҒЫНДАР ТУРАЛЫ СТАНДАРТТЫ ЕСЕП


  ЭЫДҰ
  Экономикалық ынтымақтастық
  және даму ұйымы

      Сіздің сілтемеңіз: донор және сілтеме: ХХХ

      Біздің сілтеме: XXX

      Саласы: XXX

Сілтеме: шығындар саласының сипаттамасы

Жарнаның сомасы ХХХ еуро КК/АА/ЖЖ бастап КК/АА/ЖЖ дейінгі кезең


      ЭЫДҰ директоры
Шығындар саласы
ЭЫДҰ Бухгалтерлік бөлімінің басшысы
                                                                  


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады