Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамдарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 840 қаулысы

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) кезекті 2018 жылғы Пхенчхан қаласындағы (Корея Республикасы) ХХІІІ қысқы Олимпиада және ХІІ қысқы Паралимпиада ойындарына, 2018 жылғы Джакарта мен Палембанг қалаларындағы (Индонезия) 18-ші жазғы Азия және 12-ші Параазия ойындарына, Буэнос-Айрес қаласындағы (Аргентина) 3-ші жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарына, Лозанна қаласындағы (Швейцария) 3-ші қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарына және 2020 жылғы Токио қаласындағы (Жапония) ХХХІІ жазғы Олимпиада және ХVІ жазғы Паралимпиада ойындарына дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 840 қаулысымен
бекітілген

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) кезекті 2018 жылғы Пхенчхан қаласындағы (Корея Республикасы) ХХІІІ қысқы Олимпиада және ХІІ қысқы Паралимпиада ойындарына, 2018 жылғы Джакарта мен Палембанг қалаларындағы (Индонезия) 18-ші жазғы Азия және 12-ші Параазия ойындарына, Буэнос-Айрес қаласындағы (Аргентина) 3-ші жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарына, Лозанна қаласындағы (Швейцария) 3-ші қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарына және 2020 жылғы Токио қаласындағы (Жапония) ХХХІІ жазғы Олимпиада және ХVІ жазғы Паралимпиада ойындарына дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада комитетінің бас хатшысы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады