2017 – 2019 жылдарға арналған конкурстық рәсімдерден тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 912 қаулысы.

Денсаулық сақтау министрлігі 2017-2019 жылдарға арналған саладағы қолданбалы ғылыми зерттеулер тақырыптарын анықтау үшін тәсілдерін қайта қарады ("2017 – 2019 жылдарға арналған конкурстық рәсімдерден тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 912 қаулысы)

      ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2017-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер тақырыптарын анықтау үшін тәсілдерін қайта қарады.

      Сол тұрғыдан, ғылыми-техникалық бағдарламалар тақырыптарын іріктеу және анықтау үшін жаңа тәсілдер әзірленді. Осы критерийлер негізінде мемлекеттік органның Ғылыми кеңесінде бес ғылыми-техникалық бағдарлама бекітілді. Олар: "Бірқатар маңызды ауруларды симптомға дейінгі диагностикалаудың және емдеу әдістерінің жаңа молекулярлық-генетикалық әдістері"; "Қазақстан Республикасының экологиялық қолайсыз аумақтарындағы халықтың экологиялық жүктемесін азайту, медициналық қамтамасыз ету, халықты әлеуметтік қорғау мен сауықтырудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін әзірлеу"; "Функцияларын ауыр түрде жоғалту және күрделі асқынулармен жарақаттар салдары мен созылмалы ауруларды емдеу нәтижелерін жақсартуға арналған жаңа медициналық технологиялар"; "Қоғамдық денсаулық сақтау мақсатында профилактикалық ортаны қалыптастырудың ғылыми негіздерін әзірлеу және "Регенеративтік медицинада дің (мезенхимальдық) жасушаларын транспланттау".

      Ұсынылған ғылыми-техникалық бағдарламалар отандық денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін шешуге, шетелдік стратегиялық әріптестерді тартуға бағытталғандығын, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама және Ұлттық ғылыми кеңестің оң қорытындысын ескеріп, Министрлік 2017 жылғы сәуірде бағдарламаларды конкурстан тыс қаржыландыру үшін ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия қарауына енгізді.

      2017 жылғы желтоқсан айында ҚР Үкіметінің қаулысымен конкурстық процедуралардан тыс Министрліктің ғылыми-техникалық бағдарламасы бекітілді. ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысының хаттамасымен осы 5 бағдарлама мақұлданды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз