Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Бейбітшілік және келісім музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 наурыздағы № 150 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Бейбітшілік және келісім музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын (бұдан әрі – кәсіпорындар) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      3. Кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы мәдениет саласындағы қызмет болып белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;

      2) кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады