Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.11.2021 № 811 қаулысымен.
2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері:
күнтізбелік 90 күнге дейін – 12 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
күнтізбелік 180 күнге дейін – 24 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
күнтізбелік 270 күнге дейін – 36 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
күнтізбелік 365 күнге дейін – 48 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленетін маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері алымдарды төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне байланысты осы қаулыға қосымшаға сәйкес мөлшерлерде белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.11.2021 № 811 қаулысымен.2. "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 459 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 44, 265-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері
Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.11.2021 № 811 қаулысымен.
Р/с | Экономикалық қызмет түрінің атауы | Айлық есептік көрсеткішпен мөлшерлемелер | ||||||||||||
шетелдік жұмыскерлердің бірінші санаты | шетелдік жұмыскерлер-дің екінші санаты | шетелдік жұмыскер-лердің үшінші санаты | шетелдік жұмыскер-лердің төртінші санаты | |||||||||||
қолданы-лу мерзімі бір жылдық рұқсат | қолданы-лу мерзімі екі жылдық рұқсат | қолданы-лу мерзімі үш жылдық рұқсат | ||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |||||||
1 | Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 137 | 274 | 411 | 158 | 179 | 200 | |||||||
2 | Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 154 | 308 | 462 | 178 | 202 | 225 | |||||||
3 | Өңдеуші өнеркәсіп | 154 | 308 | 462 | 178 | 202 | 225 | |||||||
4 | Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау | 137 | 274 | 411 | 158 | 179 | 200 | |||||||
5 | Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау | 137 | 274 | 411 | 158 | 179 | 200 | |||||||
6 | Құрылыс | 171 | 342 | 513 | 198 | 224 | 250 | |||||||
7 | Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдарды жөндеу | 154 | 308 | 462 | 178 | 202 | 225 | |||||||
8 | Көлік және қоймаға жинау | 137 | 274 | 411 | 158 | 179 | 200 | |||||||
9 | Тұру және тамақтану бойынша қызметтер | 137 | 274 | 411 | 158 | 179 | 200 | |||||||
10 | Ақпарат және байланыс | 137 | 274 | 411 | 158 | 179 | 200 | |||||||
11 | Қаржы және сақтандыру қызметі | 137 | 274 | 411 | 158 | 179 | 200 | |||||||
12 | Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар | 137 | 274 | 411 | 158 | 179 | 200 | |||||||
13 | Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет | 137 | 274 | 411 | 158 | 179 | 200 | |||||||
14 | Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 137 | 274 | 411 | 158 | 179 | 200 | |||||||
15 | Міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 137 | 274 | 411 | 158 | 179 | 200 | |||||||
16 | Білім беру | 137 | 274 | 411 | 158 | 179 | 200 | |||||||
17 | Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер | 137 | 274 | 411 | 158 | 179 | 200 | |||||||
18 | Өнер, ойын-сауық және демалыс | 137 | 274 | 411 | 158 | 179 | 200 | |||||||
19 | Өзге де қызмет түрлерін ұсыну | 154 | 308 | 462 | 178 | 202 | 225 | |||||||
20 | Үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін үй шаруашылықтары-ның қызметі | 137 | 274 | 411 | 158 | 179 | 200 | |||||||
| Эксаумақтық ұйымдардың және органдардың қызметі | 137 | 274 | 411 | 158 | 179 | 200 |