Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуін, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 213 қаулысы.

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 174-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылытүсуін, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

      2. "Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiңсақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылытүсуін, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуғажататын) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруқағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 1612 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 10, 203-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 23 сәуірдегі
№ 213 қаулысымен
бекітілген

Мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдері 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 174-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi (бұдан әрі – мүлік) есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      2. Мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану (оның ішінде беру) және өткізу, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік кipicтep органдары:

      1) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдарында (бұдан әрі – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі органдар);

      2) коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті жергілікті атқарушы органдарда (бұдан әрі – коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдар);

      3) мемлекеттік мекемелерде меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз мүліктің (заттай дәлелдемелерді қоса алғанда) не меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, белгіленген тәртіппен мемлекеттік кіріске айналдырылған деп танылған заттың болуы, толық және уақтылы берілу мәселелері бойынша;

      4) мүлікті сақтау және өткізу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мүлікті сақтауға және өткізуге шарт жасасқан субъектілерді (жеке және заңды тұлғаларды, оның ішінде мемлекеттік органдарды) бақылауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармаққа орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 14.05.2021 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бақылауды жүзеге асыруды мемлекеттік кipicтep органдарының қызметкерлері тексерілетін субъект өкілінің қатысуымен жылына 1 (бір) реттен жиілетпей жүргізеді. Бақылауды жүзеге асыру мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнінен, ал бақылау кезеңі үш жылдан аспайды. Бұл ретте бақылауды тағайындаған мемлекеттік кірістер органы бақылауды жүзеге асыру мерзiмін 50 (елу) жұмыс күнiне дейiн ұзартады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.05.2021 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі органдарда бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      4. Мүлікті толық және уақтылы есепке қою, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі органдарда:

      1) мүлікті есепке алудың толықтығы мен оның сақталуы;

      2) мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісін жасаудың толықтығы мен дұрыстығы;

      3) есепке алынған мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабын жүргізу тәртібі;

      4) түгендеу карточкаларын ашу тәртібі, сондай-ақ түгендеу карточкалары деректерінің толықтығы мен дұрыстығы;

      5) мүлікті өткізу бойынша аукциондар ұйымдастыру тәртібінің сақталуы;

      6) мүлікті өткізуден түскен ақшаның бюджетке толық және уақтылы аударылуы;

      7) мәліметтердің уақтылы ұсынылуы және дұрыс болуы;

      8) мүлікті жою тәртібі тексеріледі.

      5. Мүлікті толық және уақтылы есепке қою, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі органдар мынадай құжаттарды береді:

      1) мүлік есепке алынған атқару парақтарының көшірмелері;

      2) мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік рәсіміне сәйкес мәлімделген кедендік декларациялар;

      3) есепке алынған мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабы;

      4) мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілері;

      5) мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі бойынша есепке алынған мүліктің түгендеу карточкалары;

      6) мүлікті өткізу жөнінде аукцион ұйымдастырушылармен жасалған шарттар және осы шарттармен бірге берілетін ақпарат;

      7) өткізілген аукциондардың нәтижелері туралы актілер мен хаттамалар;

      8) мемлекеттік кipicтep органдарына ұсынылған мүлік жөніндегі мәліметтер;

      9) жойылуға жататын мүліктің тізбесін қоса бере отырып, мүлікті жою туралы шешімдер;

      10) мүлікті жою туралы актілер;

      11) мүлікті өткізуден түскен ақшаның бюджетке енгізілгенін растайтын құжаттар.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.05.2021 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдарда бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      6. Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдарда бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай мәселелер қамтылады:

      1) мүлікті есепке алудың толықтығы және оның сақталуы;

      2) мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісін жасаудың толықтығы мен дұрыстығы;

      3) есепке алынған мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабын жүргізу тәртібі;

      4) түгендеу карточкаларын ашу тәртібі, сондай-ақ түгендеу карточкалары деректерінің толықтығы мен дұрыстығы;

      5) мүлікті өткізу бойынша аукциондар ұйымдастыру тәртібінің сақталуы;

      6) мүлікті өткізуден алынған ақшаның бюджетке аударылуының толық және уақтылы болуы;

      7) мәліметтердің уақтылы ұсынылуы және дұрыс болуы;

      8) мүлікті жою тәртібі.

      7. Бақылауды жүзеге асыру кезінде коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдар мынадай құжаттарды береді:

      1) есепке алынған мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабы;

      2) мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілері;

      3) мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі бойынша есепке алынған мүліктің түгендеу карточкалары;

      4) мүлікті өткізу жөніндегі аукционды ұйымдастырушылармен жасалған шарттар және осы шарттармен бірге ұсынылатын ақпарат;

      5) мүлік жөнінде мемлекеттік кipicтep органдарына ұсынылған мәліметтер.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.05.2021 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Мемлекеттік мекемелерде бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      8. Мемлекеттік мекемелерде меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз мүліктің (заттай дәлелдемелерді қоса алғанда) не меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, белгіленген тәртіппен мемлекеттік кіріске айналдырылған деп танылған заттың болуы, толық және уақтылы берілуі мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай мәселелер қамтылады:

      1) мүліктің мемлекеттік мекемелерде іс жүзінде болуы;

      2) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі органға немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органға есепке алуға мүлікті толық және уақтылы беруі;

      3) мүлікті мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі органға немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органға беру кезінде мемлекеттік мекемелердің мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісін толық және уақтылы жасауы.

      9. Мемлекеттік мекемелерде бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай құжаттар беріледі:

      1) заттай дәлелдемелерді есепке алу кітабы;

      2) заттай дәлелдемелердің, соттағы құжаттардың түсуін және берілуін есепке алу кітабы;

      3) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі органға немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органға мүлікті қабылдау-беру актілері;

      4) арнайы шоттар, шетел валютасындағы шоттар мен есеп айырысу кітаптары немесе карточкалары;

      5) меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз мүлікке (заттай дәлелдемелерді қоса алғанда) не меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, белгіленген тәртіппен мемлекеттік кіріске айналдырылған деп танылған затқа байланысты басқа да құжаттар.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.05.2021 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5-тарау. Мүлікті сақтау және өткізу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мүлікті сақтау және өткізуге шарт жасасқан субъектілерді (жеке және заңды тұлғаларды, оның ішінде мемлекеттік органдарды) бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      10. Мүлікті сақтауға және өткізуге шарт жасасқан субъектілерге (жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға) бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай мәселелер қамтылады:

      1) мүлікті сақтауға қабылдаудың толықтығы мен оның сақталуы;

      2) мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісінің толық және дұрыс жасалуы;

      3) мүлікті өткізу бойынша аукциондарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібінің сақталуы;

      4) мүлікті өткізуден түскен ақшаның бюджетке толық және уақтылы аударылуы.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.05.2021 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Бақылауды жүзеге асыру үшін мүлікті сақтауға және өткізуге шарт жасасқан субъектілерге (жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға) мыналар ұсынылады:

      1) мүлікті сақтауға және өткізуге мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі органмен немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органмен жасасқан құжаттар;

      2) мүлікті өткізу бойынша хаттамалар;

      3) мүлікке байланысты басқа да құжаттар.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.05.2021 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6-тарау. Бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша қабылданатын шаралар

      12. Бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша мемлекеттік кipicтep органының лауазымды адамы Салық кодексінің 175-бабының 6-тармағына сәйкес бақылау актісін жасайды.

      13. Мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану (оның ішінде беру) және өткізу, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мүлікті беру тәртібі мәселелері жөніндегі бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар болған кезде мемлекеттік кipicтep органы Салық кодексінің 175-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талапты шығарады және оны тексерілетін субъектіге жібереді.

      14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген талапты алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тексерілетін субъект мемлекеттік кipicтep органына бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жойылғаны және (немесе) мүлікті өткізуден түскен сомалардың өндіріліп алынғаны туралы жазбаша хабарлайды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.05.2021 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады