Байланыс формасы

"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 216қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 13.11.2018 № 746 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасында:

      "Паспорт (негізгі параметрлер)" деген 1-бөлімде 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қаржыландыру көздері және көлемі

республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат:
2017 – 40 295 647 мың теңге;
2018 – 67 392 995 мың теңге;
2019 – 41 540 291 мың теңге;
2) жергілікті бюджет есебінен бөлінетін қаражат: 2017 – 45 038 436 мың теңге;
2018 – 45 391 093 мың теңге;
2019 – 45 453 119 мың теңге

      ";

      "2.1. Осы Бағдарламада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:" деген кіші бөлімде:

      50) тармақша алып тасталсын;

      51) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "51) үміткер – "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылған жұмысшы, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруа және фермерлік қожалықтар, қызмет мерзіміне қарамастан зәкірлік кооперацияларға қатысушылар;";

      мынадай мазмұндағы 53) тармақпен толықтырылсын:

      "53) зәкірлік кооперация – шағын және орта шаруа (фермерлік) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерінің және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бар басқа да үміткерлердің ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру және өнімдерді кепілді өткізу мақсатында АӨК орта және ірі субъектілерімен әріптестігі.";

      "4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері" деген бөлімде:

      "4.3 Міндеттер" деген кіші бөлімде:

      "4.3.2. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту" деген тармақта:

      3, 4 және 5-кестелер мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-кесте. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша нәтижелер көрсеткіштері


Р/с№

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өткен адамдардың саны

мың адам

15

30

30

30

30

ҰКП (келісім бойынша), ЖАО

2

Бизнестерін ашқан және кеңейткен қатысушылардың саны, оның ішінде өткен жылдары кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өткен қатысушылардың есебінен

%

20

20

20

20

20

АШМ, ҰЭМ, ЖАО

      4-кесте. Ауылда және шағын қалаларда кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері

Р/с№

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Ауылда, оның ішінде зәкірлік кооперацияны дамыту үшін берілген кредиттердің/ микрокредиттердің көлемі

млн. теңге

ЖАО есептері


44 759
10 000

31 043
10 000

31 043
10 000


АШМ, ЖАО, "ҚазАгроКепіл" АҚ (келісім бойынша)

2

Ауылда берілген кредиттердің/ микрокредиттердің саны, кемінде

бірлік

ЖАО есептері

3300

11000

7500

7500

3900

АШМ, ЖАО

3

Ауылда берілген кепілдіктердің саны, кемінде

бірлік

ЖАО есептері

252

290

320

346

373

АШМ, ЖАО, "ҚазАгроКепіл" АҚ (келісім бойынша)

4

Ауылдағы қаржыландырылған бастапқы бизнестің үлесі, кемінде

%

ЖАО есептері

20

20

20

20

20

АШМ, ЖАО

      5-кесте Қалаларда кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері

Р/с№

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Қалаларда, моноқалаларда берілген кредиттердің/
Микрокредиттердің көлемі

млн. теңге

10000
7000
3000

16000

15000

15000

15000

ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ
(келісім бойынша)

2

Қалаларда, моноқалаларда берілген кредиттер/микрокредиттер саны

бірлік

2500

3000

3750

3750

3750

ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ
(келісім бойынша)

3

Қалаларда, моноқалаларда қаржыландырылған стартап жобалардың үлесі, кемінде

%

20 %

20 %

20 %

20 %

20 %

ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ
(келісім бойынша)

4

Қалаларда, моноқалаларда берілген кепілдіктердің саны

бірлік

500

500

750

750

750

ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ
(келісім бойынша)

                                                                                                                                    ";

      "5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту" деген кіші бөлімде:

      "5.2.1. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту" деген тармақта:

      он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оқуға қатысушыларды жинау туралы хабарландыру және оқыту кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурсына орналастырылуға тиіс.";

      "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды іске асыру тетігінде:

      1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) оқуға үміткерлер "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқыту мәселелері жөнінде консультация алу үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасының (ӨКП) аудандық/қалалық филиалдарына/халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтің немесе елді мекеннің әкіміне жүгінеді;

      2) ӨКП-нің аудандық/қалалық филиалы халықты жұмыспен қамту орталықтары (портал арқылы электрондық түрде/қағаз түрінде) ұсынған оқуға үміткерлердің тізімінен жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқытуды ұйымдастырады (жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың, оның ішінде статусты өзектендіру кезінде анықталғандарының тізімін халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы қалыптастырады);

      3) оқуға үміткерлер өңірлік кәсіпкерлер палатасының (ӨКП) аудандық/қалалық филиалдарына қатысуға өтінішпен жүгінеді және тізбесі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларында көзделген құжаттарды тапсырады;";

      5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бастау Бизнес" жобасын қаржыландыру Бағдарламаның екінші бағытының операторы мен қаржылай емес қолдау операторының арасында тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      "5.2.2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау" деген тармақта:

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кредиттер/микрокредиттер алуға "Бастау Бизнес" жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат алған (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) Бағдарлама қатысушылары басым құқыққа ие.";

      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, кәсіпкерлік әлеуеті бар жұмысын жаңадан бастаған кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруа және фермер қожалықтары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

      Қаржыландыру мақсаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің және зәкірлік кооперацияларға қатысушылардың қызметін кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тіркелуі және Халықты жұмыспен қамту орталығының МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға берген жолдамасының бар болуы Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит алуы үшін міндетті шарт болып табылады.";

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кредиттер/микрокредиттер:

      1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашу, ісін жаңа бастаған кәсіпкердің қызметін кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашу және зәкірлік кооперацияларға қатысушылардың қызметін дамыту үшін;

      2) қалаларда, моноқалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа микрокәсіпорындар құру, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қызметін кеңейту үшін ұсынылады.";

      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кредиттер/микрокредиттер ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қызметін кеңейту және (немесе) зәкірлік кооперациялар мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысушылардың қызметін дамыту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ете отырып, кемінде екі жаңа тұрақты жұмыс орнын құру шартымен ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Қаржы агенттігі жұмыскерлер санының орташа жылдық өсімінің серпінін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен алған ақпаратты пайдаланады. Жұмыскерлер санының орташа жылдық өсімінің серпінін есептеу кезінде есепті күн келесі қаржы жылының басы болып табылады.";

      он бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға мынадай шарттармен бюджеттік кредит беріледі:

      1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 7 жылға;

      2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға микрокредит беру;

      3) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 айды құрайды және бюджеттік кредитті жергілікті атқарушы органға аударған кезден бастап есептеледі.";

      он сегізінші бөлік алып тасталсын;

      жиырма бірінші және жиырма екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ-ға бюджеттік кредит беру шарттары:

      1) кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;

      2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01 %;

      3) игеру кезеңі – микрокредит беру ұйымдары мен "АШҚҚ" АҚ үшін - 12 ай;

      4) нысаналы мақсаты – "АШҚҚҚ" АҚ үшін – Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға микрокредит беру; микрокредит беру ұйымдары үшін – Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру үшін МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру.

      МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру шарттары:

      1) қорландыру мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, мақсатты пайдалану шарттарында жүзеге асырылады. Микроқаржы ұйымдары үшін қарыз қаражаты микрокредит ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес қамтамасыз етілмей беріледі;

      2) кредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;

      3) сыйақының номиналды мөлшерлемесі – "Даму" КДҚ" АҚ үшін жылдық 1 %-ға дейін және "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ үшін жылдық 2 %-ға дейін;

      4) игеру кезеңі – кредиттік келісім жасасқан күннен бастап шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде 12 ай, қалаларда және моноқалаларда 6 ай;

      5) нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру.";

      жиырма төртінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы:

      ауылдық елді мекендерде (оларың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 5,0 мың АЕК-ке дейін;

      қалаларда, моноқалаларда (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) – 6,5 мың АЕК-ке дейін;

      Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында – 8,0 мың АЕК-ке дейін;";

      "5.2.3. Қалалардағы және ауылдағы кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру" деген тармақта:

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін кепілдіктердің мөлшері кредит/микрокредит сомасынан 85%-дан аспайды.";

      "5.3. Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту" деген кіші бөлімде:

      "5.3.4. Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету" деген тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті атқарушы органдар осы Бағдарлама шеңберінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті бюджет қаражатын мынадай жұмыстар мен объектілер түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға пайдалана алады:";

      іске асыру тетігінде:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға құрылатын жұмыс орындары санының көрсеткіштерімен қоса, іріктелген инфрақұрылымдық жобалар бойынша жобалардың тізбесін ұсынады.";

      "Қажетті ресурстар" деген 6-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қажетті ресурстар

      Бағдарламаны іске асыруға:

      1) республикалық бюджеттен 2017 жылы – 40 295 647 мың теңге,
2018 жылы – 67 392 995 мың теңге, 2019 жылы – 41 540 291 мың теңге көзделеді;

      2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2017 жылы – 45 038 436 мың теңге, 2018 жылы – 45 311 093 мың теңге, 2019 жылы – 45 453 119 мың теңге көзделеді.";

      "Бағдарлама өлшемшарттары" деген 7-бөлімде:

      5) тармақша алып тасталсын;

      Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

      "2-міндет. Ауылда және қалада кәсіпкерлік негіздерін қаржыландыру" деген кіші бөлімде "Нәтижелер көрсеткіштері:" деген бөлімнің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1)

Ауылда берілген кредиттердің/
микрокредит тердің саны

бірлік



АШМ, ЖАО

3300

11 000

7500

7500

3900




2)

Қалаларда берілген кредиттердің/
микрокредит тердің саны
 

бірлік



ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша)

2500

30
00

37
50

37
50

3750




                                                                                                                                                                                          ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады