Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары бекiтiлсiн.

      2. "Мемлекеттiк бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 41, 461-құжат) мынадай өзгерiстер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережеде:

      кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Ереже Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерiнің іссапар тәртібін айқындайды.".

      9, 10, 11 және 12-тармақтар алып тасталсын.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 256 қаулысымен
бекiтiлген

Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының шегiнде және шет мемлекеттерге қызметтiк iссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртiбiн айқындайды.

      2. Іссапар жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу болып табылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға арналған шығыстарын өтеу тәртiбi

      3. Іссапарға жiберiлген қызметкердiң мынадай шығыстары өтеледi:

      1) iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi;

      2) көрсеткен растау құжаттары бойынша (фискалдық чек, кіріс кассалық ордер, шот-фактура, шот, жүкқұжат, хабарлама, ал тұрғаны үшін дара кәсіпкер берген құжаттарды ұсынған жағдайда адамның мүлікті жалға беру құқығын растайтын құжаттар (жалдау шарты, патент, куәлік) және қонақүй қызметтерін берушілер ұсынатын басқа да растау құжаттары қосымша беріледі) тұрғын үй-жайды жалдауы бойынша:

      мемлекеттiк мекемелердiң басшылары мен басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Жоғарғы Сот судьялары үшiн тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстардың сомасы тәулiгiне Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында – айлық есептiк көрсеткiштің он еселенген мөлшерiнен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен аспауға тиiс;

      мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстардың сомасы тәулігіне Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында – айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен, аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және ауылдық округтарда айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;

      растаушы құжаттар болмаған кезде тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегi шығыстар, қызметкерлер тегін берiлген тұрғын үй-жайды пайдаланғаннан басқа жағдайларда, қызметтiк iссапарлар бойынша тәулiкақы нормасының 50 пайызы мөлшерiнде өтеледi;

      3) темiржолмен жүрген кезде – купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" класты вагондарын қоспағанда) тарифі бойынша; су жолдарымен, тас және топырақ жолдармен – сол жергiлiктi жердегi қолданылып жүрген жол құны бойынша, ерекше жағдайларда, (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өту кезінде, көрсетiлген көлік құралдарының болмауы немесе іссапардың қауырттылығы) мемлекеттiк мекеме басшысының рұқсатымен жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" класты вагондарының тарифтері бойынша темiржол көлiгiмен және әуе көлiгiмен – экономикалық класс тарифі бойынша, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарларына әуе көлігімен "Бизнес" класс тарифі бойынша көрсеткен жол құжаттарының негiзiнде iссапарға жiберiлген орынға жетуі және тұрақты жұмыс орнына қайтып келуi бойынша (әкiмшiлiк iссапарға жіберілушіге тиісті қозғалыс құралдарын берген жағдайлардан басқа жағдайларда);

      4) жол жүру билеттерi мен қонақүйдегі орынды алдын ала алғаны үшiн, сондай-ақ iссапарға жiберiлген орнына келу және тұрақты жұмыс орнына қайтып келу кезiнде поездарда ақ жайма жабдықтарын пайдалануының құны осы шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде;

      5) iссапар орнына және тұрақты жұмыс орнына қайтып келу жол құжаттары болмаған кезде осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген көлiкпен (әуе көлiгiн қоспағанда) жол жүрудiң ең төменгi құны бойынша шығыстар өтеледi;

      6) темiржол станциясына, айлаққа, әуежайға, егер олар елдi мекен шегінен тыс орналасса, растайтын құжаттар болған кезде автокөлiкпен (таксиден басқа) жүруi бойынша;

      7) мемлекеттік мекеменің басшысын, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының рұқсатымен мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарын, орталық атқарушы органның жауапты хатшысын жақын аудан және облыс орталықтарына қызметтік автокөлікпен іссапарға жіберген кезде көлік шығыстары;

      8) жұмыс орнынан Қазақстан Республикасынан тыс жерге тікелей рейс болмаған жағдайда, мемлекет ішінде жұмыс орнынан кету (ұшу) орнына және кері жол жүру жөніндегі шығыстар 161 "Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік іссапарлар" ерекшелігі бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте шақыру бойынша мемлекет ішінде жұмыс орнынан кету (ұшу) орнына және кері жол жүру жөніндегі шығыстар шақырушы тараптың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      4. Жергiлiктi жерге iссапарға жiберiлген кезде, одан iссапарға жiберiлген қызметкердiң тұрғылықты жерiне күн сайын қайту мүмкiндiгi болса, шығыстар мынадай тәртiппен өтеледi:

      1) егер iссапарға жiберiлген қызметкер жұмыс күнi аяқталғаннан кейін өз еркiмен iссапар орнында қалса, онда растаушы құжаттарды көрсеткен кезде тұрғын үй-жайды жалдау туралы, тәулiкақы және көлiктiк шығыстар осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген мөлшерде өтеледi;

      2) егер iссапарға жiберiлген қызметкер тұрғылықты жерiне күн сайын қайтып келсе, онда жол жүру билеттерi болған кезде тәулiкақыны төлемей, тек қана көлiктiк шығыстар өтеледi.

      Қызметкер күн сайын iссапар орнынан тұрғылықты жерiне қайтып келуi мәселесiн әрбiр нақты жағдайда қашықтықтың ұзақтығын, көлiк қатынасының жағдайларын, орындалатын тапсырманың сипатын, сондай-ақ қызметкерге демалыс үшiн жағдай жасаудың қажеттiгін ескере отырып, iссапарға жiберiлетін адам жұмыс iстейтiн орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеменiң басшысы шешедi.

      5. Iссапарға жiберiлген қызметкерге уақытша жұмысқа жарамсыздығы жағдайында оған жалпы негіздермен тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар өтеледi (iссапарға жiберiлген қызметкер стационарлық емдеуде жатқан жағдайды қоспағанда) және ол өзіне жүктелген қызметтiк тапсырманы орындауға кiрiскенше немесе тұрақты жұмыс орнына қайтып келгенше барлық уақыт ішінде, бiрақ 40 күннен артық емес уақыттың iшiнде тәулiкақы төленедi.

      Іссапарға жiберiлген қызметкердiң уақытша жұмысқа жарамсыздығы, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша тұрақты жұмыс орнына келе алмауы белгіленген тәртiппен куәландырылуы тиiс.

      Уақытша жұмысқа жарамсыздық кезеңiнде iссапарға жiберілген қызметкерге жалпы негіздермен уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төленедi. Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндерi iссапардың мерзiмiне енгiзiлмейдi.

      6. Іссапарға жiберiлген қызметкерге iссапарға кетер алдында жол жүру ақысына, тұрғын үй-жай жалдауы бойынша шығыстарға және тәулiкақыға тиесiлi сомалар шегiнде ақшалай аванс беріледi. Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес жұмыс күнi iшiнде ақша қаражатының нақты шығыстары туралы аванстық есеп бередi. Аванстық есепке iссапар куәлiгi, тұрғын үй-жайды жалдау мен жол жүру шығыстары туралы құжаттар қоса берiледi.

3-тарау. Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртiбi

      7. Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарлар кезінде мынадай шығыстар өтеледi:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, сондай-ақ олармен бірге жүретін адамдар (Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының жұбайлары), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері (күзетілетін тұлғамен бірге жүргенде) шетелге жол жүрген кезде шетелдік валютадағы көліктік шығыстар 1-сынып бойынша авиабилеттің құны мөлшерінде өтеледі;

      2) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының шетелдегі төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары тұрақты комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі қызмет бабындағы істер бойынша шетелге жол жүрген кезде көліктік шығыстар шетелдік валютада "Бизнес" сыныпты авиабилеттің құны мөлшерінде өтеледі;

      3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы болған кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары;

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы болған кезде осы тармақшаның екінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациясы шет елге шыққан кезде авиатасымалдаушыға арнайы рейстердің шығыстары өтеледі;

      4) басқа мемлекеттiк қызметшілер қызмет бабындағы iстер бойынша шетелге жол жүрген кезде көлiктiк шығыстар шетелдiк валютада "Экономикалық" сыныпты авиабилеттiң құны мөлшерiнде өтеледi;

      5) шетелде қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлердің тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарын өтеудің нормалары (тәулігіне бір адамға):

      осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген лауазымды адамдар үшін іс жүзіндегі шығындар бойынша, оның ішінде броньдау бойынша шығыстар;

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларын, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі арнайы өкілін, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілін қоспағанда, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген лауазымды адамдар үшін люкс сыныптамасы бойынша қонақүйдің бір орындық нөмірінің құны бойынша;

      Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары басшыларының орынбасарлары, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі үшін жартылай люкс сыныптамасы бойынша қонақүйдің бір орындық нөмірінің құны бойынша;

      осы тармақшаның екiншi, үшiншi, төртінші абзацтарында көрсетілмеген басқа мемлекеттiк қызметшілер үшiн стандарт сыныптамасы бойынша қонақүйдiң бiр орындық нөмiрiнiң құны бойынша;

      Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысымен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасымен, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысымен бірге жүретін адамдар үшін іс жүзіндегі шығындар бойынша, оның ішінде броньдау бойынша шығыстар;

      өткізу кезеңінде қонақүйде тұру құны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен келісу бойынша қонақүй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстарды өтеудің бекітілген шекті нормаларынан асатын халықаралық іс-шараларға Қазақстан Республикасының делегациясы құрамында қатысатын адамдар үшін – іс жүзіндегі шығындар бойынша;

      6) құзыретіне Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық төреліктерде, шетелдік соттарда және шетелдік мемлекеттік органдарда қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысу кіретін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұзақтығы 41 күннен 180 күнге дейінгі үздіксіз ұзақ мерзімді қызметтік шетелдік іссапарларына стандарт сыныптамасы бойынша қонақүйдің бір орындық нөмірінің құнына 0,5 коэффициентін есепке ала отырып, тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормалары (тәулігіне бір адамға) қолданылады;

      7) шетелде қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлердің тәуліктік және қонақүй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстары мынадай нормалар бойынша АҚШ долларымен және евромен өтеледі:

Р/с

Мемлекет

Тәуліктік

Қонақ үй нөмірлерінің сыныптамасы

люкс

жартылай люкс

стандарт

АҚШ доллары

евро

АҚШ доллары

евро

АҚШ доллары

евро

АҚШ доллары

евро

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.

Аустрия Республикасы


80


435


320


230

2.

Аустралия

90


400


300


250


3.

Әзербайжан Республикасы

80


250


200


150


4.

Албания Республикасы

80


180


150


120


5.

Алжир Халық Демократиялық Республикасы

80


150


120


100


6.

Антигуа және Барбуда

80


180


150


120


7.

Аргентина Республикасы

80


330


210


120


8.

Мысыр Араб Республикасы

90


200


175


120


9.

Багам Аралдары Достастығы

80


150


120


100


10.

Белиз

80


150


120


100


11.

Бермуд аралдары

80


150


120


100


12.

Босния және Герцеговина


80


195


160


125

13.

Бруней-Даруссалам Мемлекеті

90


180


140


120


14.

Вануату

80


150


120


100


15.

Шығыс Самоа

80


150


120


100


16.

Уругвай Шығыс Республикасы

80


150


120


100


17.

Люксембург Ұлы Герцогтігі


80


405


205


110

18.

Габон Республикасы

80


150


120


100


19.

Бахрейн Корольдігі

90


300


240


100


20.

Қатар Мемлекеті

90


400


270


130


21.

Израиль Мемлекеті

90


330


250


160


22.

Кувейт Мемлекеті

90


330


240


150


23.

Грек Республикасы


80


285


230


185

24.

Доминикан Республикасы

80


150


120


100


25.

Мадагаскар Демократиялық Республикасы

80


150


120


100


26.

Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы

80


150


120


100


27.

Судан Республикасы

80


150


120


100


28.

Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы

80


150


120


100


29.

Шығанақтағы аумақтар

80


150


120


100


30.

Иордан Хашимит Корольдігі

80


180


140


120


31.

Ирак Республикасы

80


180


140


110


32.

Иран Ислам Республикасы

80


250


180


130


33.

Ирландия


80


405


250


165

34.

Италия Республикасы


80


375


290


205

35.

Йемен Республикасы

80


150


120


100


36.

Ауғанстан Ислам Республикасы

80


150


120


100


37.

Мауритания Ислам Республикасы

80


150


120


100


38.

Пәкістан Ислам Республикасы

80


290


180


155


39.

Дания Корольдігі


80


400


225


150

40.

Андорра Княздігі

80


150


120


100


41.

Бельгия Корольдігі


80


310


250


165

42.

Гайана Кооперативтік Республикасы

80


150


120


100


43.

Испания Корольдігі


80


330


250


205

44.

Кайман аралдары

80


150


120


100


45.

Камбоджа Корольдігі

80


150


120


100


46.

Кампучия

80


210


190


180


47.

Канада

100


300


285


150


48.

Корей Халық Демократиялық Республикасы

80


450


250


150


49.

Қытай Халық Республикасы

100


220


180


150


Гонконг қаласы

100


220


180


150


50.

Қырғыз Республикасы

80


275


130


100


51.

Лесото Корольдігі

80


150


120


100


52.

Лихтенштейн Князьдігі


80


405


205


110

53.

Марокко Корольдігі

80


230


200


180


54.

Непал Корольдігі

80


150


120


100


55.

Нидерланд Корольдігі


80


305


250


165

56.

Норвегия Корольдігі


80


390


330


250

57.

Сауд Арабиясы Корольдігі

90


400


180


130


58.

Свазиленд Корольдігі

80


150


120


100


59.

Таиланд Корольдігі

90


300


240


130


60.

Тонго Корольдігі

80


150


120


100


61.

Швеция Корольдігі


80


530


355


200

62.

Лаос Халық- Демократиялық Республикасы

80


150


120


100


63.

Латвия Республикасы


80


175


130


85

64.

Ливан Республикасы

80


260


150


100


65.

Ливия

80


165


120


100


66.

Литва Республикасы


80


165


125


100

67.

Макао

80


150


120


100


68.

Малави

80


150


120


120


69.

Мальдив Республикасы

80


150


120


100


70.

Мексикалық Біріккен Штаттары

80


230


180


125


71.

Монако Княздігі


80


525


305


175

72.

Моңғолия Республикасы

80


150


120


100


73.

Мьянма Одағы Республикасы

80


150


120


100


74.

Конго Халық Республикасы

80


150


120


100


75.

Жаңа Зеландия

80


300


240


150


76.

Бангладеш Халық Республикасы

80


200


150


100


77.

Палау Республикасы

80


150


120


100


78.

Біріккен Араб Әмірліктері

90


460


220


160


79.

Танзания Біріккен Республикасы

80


150


120


100


80.

Папуа Жаңа Гвинея

80


160


130


100


81.

Португалия Республикасы


80


265


210


150

82.

Пуэрто-Рико

80


150


120


100


83.

Ангола Республикасы

80


180


150


120


84.

Армения Республикасы

80


200


170


130


85.

Барбадос Республикасы

80


150


120


100


86.

Беларусь Республикасы

80


315


120


100


87.

Бенин Республикасы

80


150


120


100


88.

Болгария Республикасы


80


380


200


130

89.

Көпұлтты Боливия Республикасы

80


150


120


100


90.

Ботсвана Республикасы

80


150


120


100


91.

Мажарстан


80


285


215


125

92.

Венесуэла Боливаршыл Республикасы

80


260


210


110


93.

Вьетнам Социалистік Республикасы

80


200


150


100


94.

Гаити Республикасы

80


150


120


100


95.

Гамбия Республикасы

80


150


120


100


96.

Гана Республикасы

80


150


120


100


97.

Гватемала Республикасы

80


150


120


100


98.

Гвинея Республикасы

80


150


120


100


99.

Гвинея-Бисау Республикасы

80


150


120


100


100.

Буркино Фасо Республикасы

80


150


120


100


101.

Бурунди Республикасы

80


150


120


100


102.

Гибралтар Республикасы

80


150


120


100


103.

Гондурас Республикасы

80


150


120


100


104.

Гренада

80


150


120


100


105.

Грузия

80


180


150


100


106.

Джибути Республикасы

80


150


120


100


107.

Заир Республикасы

80


150


120


100


108.

Замбия Республикасы

80


185


150


120


109.

Зимбабве Республикасы

80


165


130


100


110.

Үндістан Республикасы

80


300


250


150


111.

Индонезия Республикасы

80


260


230


217


112.

Исландия Республикасы


80


315


210


115

113.

Кабо-Верди Республикасы

80


150


120


100


114.

Камерун Республикасы

80


150


120


100


115.

Кения Республикасы

80


185


150


120


116.

Кипр Республикасы


80


265


210


150

117.

Колумбия Республикасы

80


220


200


160


118.

Коста-Рика Республикасы

80


150


120


100


119.

Код-д'Ивуар Республикасы

80


150


120


100


120.

Куба Республикасы

80


340


270


150


121.

Корея Республикасы, Сеул қаласы

90


530


250


210


122.

Либерия Республикасы

80


150


120


100


123.

Маврикий Республикасы

80


150


120


100


124.

Мали Республикасы

80


150


120


100


125.

Македония Республикасы


80


190


165


115

126.

Мальта Республикасы

80


230


180


120


127.

Мозамбик Республикасы

80


180


130


100


128.

Молдова Республикасы

80


190


150


100


129.

Намибия Республикасы

80


150


120


100


130.

Нигер Республикасы

80


175


140


120


131.

Никарагуа Республикасы

80


150


120


100


132.

Панама Республикасы

80


150


120


100


133.

Парагвай Республикасы

80


145


120


100


134.

Перу Республикасы

80


245


200


140


135.

Польша Республикасы


80


330


180


125

136.

Эль-Сальвадор Республикасы

80


150


120


100


137.

Сенегал Республикасы

80


150


120


100


138.

Сингапур Республикасы

90


500


300


200


139.

Словения Республикасы


80


195


165


125

140.

Суринам Республикасы

80


150


120


100


141.

Сьерра Лион Республикасы

80


240


160


100


142.

Тәжікстан Республикасы

80


170


130


100


143.

Тринидад және Тобаго Республикасы

80


150


120


100


144.

Уганда Республикасы

80


180


140


100


145.

Өзбекстан Республикасы

80


315


180


100


146.

Украина

80


315


180


120


147.

Филиппин Республикасы

90


280


220


150


148.

Хорватия Республикасы


80


260


195


125

149.

Чад Республикасы

80


150


120


100


150.

Чили Республикасы

80


240


180


110


151.

Эквадор Республикасы

80


150


120


110


152.

Ресей Федерациясы

80


450


280


220


153.

Руанда Республикасы

80


150


120


100


154.

Румыния


80


280


185


130

155.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі


80


580


390


215

80


550


375


205

156.

Самоа

80


150


120


100


157.

Сан-Марино Республикасы

100


320


250


180


158.

Сейшель аралдары

80


150


120


100


159.

Сент-Люсия

80


150


120


100


160.

Сирия Араб Республикасы

80


260


180


110


161.

Словак Республикасы


80


190


165


125

162.

Соломон аралдары

80


120


110


100


163.

Сомали Республикасы

80


150


120


100


164.

Америка Құрама Штаттары

100


525


400


260


Нью-Йорк қаласы

100


1200


1000


575


165.

Оман Сұлтандығы

90


300


240


120


166.

Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы

80


150


120


100


167.

Сербия және Черногория


80


205


165


125

168.

Тайвань

80


150


120


100


169.

Тоголез Республикасы

80


150


120


100


170.

Тунис Республикасы

80


150


120


100


171.

Түрікменстан

80


240


180


120


172.

Түркия Республикасы

100


350


230


180


173.

Бразилия Федеративтік Республикасы

80


330


210


150


174.

Германия Федеративтік Республикасы


80


400


210


165

175.

Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы

80


150


120


100


176.

Финляндия Республикасы

100


370


300


200


177.

Француз Республикасы


80


415


290


230

178.

Малайзия

90


300


270


170


179.

Нигерия Федеративтік Республикасы

80


150


120


100


180.

Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы

80


240


180


120


181.

Чех Республикасы


80


255


210


125

182.

Швейцария Конфедерациясы

100


430


285


220


183.

Экваторлық Гвинея

80


150


120


100


184.

Эстония Республикасы


80


330


175


125

185.

Оңтүстік Африка Республикасы

80


190


160


100


186.

Ямайка

80


180


150


120


187.

Жапония

100


360


325


220


      ;

      8) осы тармақтың 7) тармақшасында көзделген тәуліктік шығыстарды өтеудің нормалары осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген лауазымды адамдардың ұзақ мерзімді қызметтік шетелдік іссапарларына да қатысты қолданылады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.10.2018 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 256 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 60-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1273 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 3-4, 44-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1098 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 585-құжат).

      4. "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1290 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 682-құжат).

      5. "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 975 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 62, 490-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады