Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2022 № 1137 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 720-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2022 № 1137 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттары;
2) Рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2022 № 1137 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 282 қаулысымен бекітілген |
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттары
Ескерту. Өлшемшарттар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2022 № 1137 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің (бұдан әрі – кен орны) кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттары | Кен орны бойынша рентабельділік нормасы |
Алдағы күнтізбелік жылдың немесе ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кен орнының рентабельділік деңгейі | 5% ≥ кен орны бойынша рентабельділік деңгейі |
Ескертпе: кен орны бойынша рентабельділік деңгейін есептеуді жер қойнауын пайдаланушы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 720-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасы деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес дербес жүргізеді.
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2018 жылғы 21 мамырдағы | |
№ 282 қаулысымен | |
бекітілген |
Рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидалары
Ескерту. Қаулы қағидалармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2022 № 1137 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің (бұдан әрі – Салық кодексi) 720-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Қағидалар пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бөліктері) (бұдан әрі – кен орны) бойынша рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау тәртібін айқындайды және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша кен орындарына қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өзара байланысқан тараптар – Салық кодексінің 264-бабының 23) тармақшасына сәйкес осындай деп танылған тұлғалар;
2) минералдық шикізат – салық салу мақсатында пайдаланылатын ұғымдардағы минералдық шикізат және (немесе) қатты пайдалы қазбалар.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес қолданылады.
2-тарау. Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу
4. Кен орнын рентабельділігі төмен санатқа жатқызу үшін кен орнын игеруді көздейтін, оның ішінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, Салық кодексінің 720-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттарына (бұдан әрі – төмен рентабельділік өлшемшарты) сәйкес келетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органды хабардар етеді.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы хабарламаның көшірмесін салық төлеуші тіркеу есебіне қойылған жердегі салық органына жібереді.
5. Ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылға кен орнын рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы хабарлама осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.
Кен орнын алдағы күнтізбелік жылы рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы хабарлама ерте дегенде ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінде, бірақ 1 желтоқсанынан кешіктірілмей беріледі.
6. Кен орындары рентабельділігі төмен санатқа олар төмен рентабельділік өлшемшарттарына сәйкес келген және осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген шарттар сақталған кезде жатқызылады.
7. Бағамдық айырма бойынша кірістер мен шығыстар (шегерімдер), сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының сыйақылар бойынша кірістері мен шығыстары (шегерімдері) кен орны бойынша жоспарланатын рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасын есептеген кезде ескерілмейді.
1-параграф. Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жоспарланатын рентабельділік деңгейін есептеу
8. Күнтізбелік жыл үшін кен орны бойынша жоспарланатын рентабельділік деңгейін есептеу Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуы ескеріліп, өндіру көлемі негізінде тиісті салық кезеңіндегі минералдық шикізат, пайдалы қазбалар, металл, қайта өңдеу өнімінің бағасын қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының болжамды деректері негізінде былайша жүргізіледі:
1) өндірілген, оның ішінде тек бастапқы қайта өңдеуден өткен минералдық шикізатты жер қойнауын пайдаланушы кейінгі қайта өңдеуден өткізбей сататын кен орнының жоспарланатын рентабельділік деңгейі:
Рк = ТКк / ЖЖТк * 100 %, мұнда:
Рк – кен орны бойынша рентабельділік;
ТКк – осы тармақшаға сәйкес есептелген кен орны бойынша таза кіріс;
ЖЖКк – кен орны бойынша жылдық жиынтық кіріс, оның ішінде тауарлық өнімді сатудан түскен кіріс. Бұл ретте тауарлық өнімді сатудан түскен кіріс іс жүзіндегі сату бағасы бойынша есептеледі.
Салық кезеңіндегі кен орны бойынша таза кірістің мөлшері мына формула бойынша анықталады:
ТКк = СКк - КТСк+ СКөбт, мұнда:
КТСк – салық салынатын кіріске қатысты салық кезеңіндегі кен орны бойынша есептелген корпоративтік табыс салығы;
СКөбт – өзара байланысқан тараптың салық салынатын кірісі мыналардың қорытындысы ретінде айқындалады:
оған қатысты өндірілген, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден ғана өткен осындай минералдық шикізат өткізілген, қайта өңдеуді жүзеге асыратын өзара байланысқан тараптың салық салынатын кірісі (Салық кодексінің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстардың сомасына азайтуды есепке алмағанда) (бұл ретте мұндай салық салынатын кіріс осы Қағидаларды қолданатын салық төлеушіден алынған минералдық шикізат көлемінің минералдық шикізатты өзара байланысқан тараптың жалпы алу көлеміне қатысты үлес салмағы негізге алына отырып айқындалады);
өндірілген, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден өткен минералдық шикізатты Қазақстан Республикасының аумағында осы Қағидаларды қолданатын салық төлеушіден алған өзара байланысқан тараптың салық салынатын кірісі (Салық кодексінің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстардың сомасына азайтуды есепке алмағанда) (бұл ретте мұндай салық салынатын кіріс осы Қағидаларды қолданатын салық төлеушіден иелікке алынған минералдық шикізат көлемінің минералдық шикізатты өзара байланысқан тараптың жалпы иелікке алу көлеміне қатысты үлес салмағы негізге алына отырып айқындалады).
СКк – кен орны бойынша салық салынатын кіріс (Салық кодексінің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстардың сомасына азайтуды есепке алмағанда) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес түзетулер ескеріле отырып, мына формула бойынша анықталады:
СКк = ЖЖКк - Шк + Ттбб, мұнда:
Шк – кен орны бойынша Салық кодексінің ережелеріне сәйкес және осы Қағидалардың ережелері ескеріле отырып есептелген, өндірілген минералдық шикізатты өндіруге және бастапқы қайта өңдеуге байланысты шегерімдер;
Ттбб – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша түзету;
2) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген минералдық шикізаттың бір бөлігін немесе бүкіл көлемін кейіннен өзінің және (немесе) басқа заңды тұлғаға тиесілі өндірістерде қайта өңдеу үшін беретін кен орны бойынша жоспарланатын рентабельділік деңгейі осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайды қоспағанда, мына формула бойынша анықталады:
Рк = ТКк / ЖЖКк * 100 %, мұнда:
Рк – кен орны бойынша рентабельділік;
ТКк – осы тармақшаға сәйкес есептелген кен орны бойынша таза кіріс.
Салық кезеңіндегі кен орны бойынша таза кірістің мөлшері мына формула бойынша анықталады:
ТКк = СКк - КТСк+ СКөбт, мұнда:
СКөбт – өзара байланысқан тараптың салық салынатын кірісі мыналардың қосындысы ретінде айқындалады:
минералдық шикізатты қайта өңдеуді, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуді жүзеге асыратын өзара байланысқан тараптың салық салынатын кірісі (Салық кодексінің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстардың сомасына азайтуды есепке алмағанда) (бұл ретте мұндай салық салынатын кіріс осы Қағидаларды қолданатын салық төлеушіден алынған минералдық шикізат көлемінің минералдық шикізаттың қайта өңделетін, оның ішіде бастапқы қайта өңделетін жалпы көлеміне қатысты үлес салмағы негізге алына отырып айқындалады);
өндірілген, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден өткен минералдық шикізатты және (немесе) қайта өңдеу өнімін Қазақстан Республикасының аумағында осы Қағидаларды қолданатын салық төлеушіден алған өзара байланысқан тараптың салық салынатын кірісі (Салық кодексінің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстардың сомасына азайтуды есепке алмағанда) (бұл ретте мұндай салық салынатын кіріс осы Қағидаларды қолданатын салық төлеушіден иелікке алынған минералдық шикізат көлемінің минералдық шикізатты өзара байланысқан тараптың жалпы иелікке алу көлеміне қатысты үлес салмағы негізге алына отырып айқындалады).
СКк – кен орны бойынша салық салынатын кіріс (Салық кодексінің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстардың сомасына азайтуды есепке алмағанда) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес түзетулер ескеріле отырып, мына формула бойынша анықталады:
СКк = ЖЖКк - Шк + Ттбб, мұнда:
Шк – өңдеу жөніндегі шегерімдерге кен орнының үлесі бойынша коэффициентті қолдану арқылы кен орны бойынша Салық кодексінің ережелеріне сәйкес және осы Қағидалардың ережелері ескеріле отырып есептелген, кен орнында кейінгі қайта өндірілген минералдық шикізатты өндіруге, бастапқы қайта өңдеуге және кейінгі қайта өңдеуге байланысты шегерімдер.
Ттбб – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша түзету.
Кен орнының үлесі бойынша коэффициент – салық төлеушінің бүкіл келісімшарттық қызметі бойынша шегерімдердің жалпы сомасындағы келісімшарттық қызмет бойынша кен орны шегерімдерінің үлесі (кірістер мен шығыстарды (шегерімдерді) бөлу үшін қолданылады).
Кірісті есептеу үшін жалпы компания бойынша кіріс, оның ішінде өндірілген минералдық шикізатты өндірумен, бастапқы қайта өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты емес кірістерді (мысалы, сатып алу-сату шарты негізінде иелікке алынған пайдалы қазбаларды сатудан түскен кіріс) қоспағанда, сатудан түскен кіріс қабылданады.
Егер пайдалы қазбаларды сату (бастапқы қайта өңдеу болып табылмайтын қайта өңдеуден кейін) қайта өңдеу өнімінің құрамында пайдалы қазбалардың болуы негізге алынып жүзеге асырылатын болса, кен орны бойынша тауарлық өнімді сатудан түсетін кіріс пайдалы қазбалардың әрбір түрі бойынша мына формула бойынша есептеледі:
ЖЖКк = (Тс * Төк/Тө)1*Б1+(Тс * Төк/Тө)2*Б2+…(Тс * Төк /Тө)n*Бn, мұнда:
Тс – өндірілген минералдық шикізаттан алынған дайын өнімді (бастапқы өңдеу болып табылмайтын өңдеуден кейін) компания бойынша (пайдалы қазбаның әрбір түрі бойынша) іс жүзіндегі барлық сату көлемі;
Тө – кейінгі өңдеуге жіберілген өндірілген минералдық шикізат құрамындағы пайдалы қазбалардың компания бойынша (пайдалы қазбаның әрбір түрі бойынша) іс жүзіндегі барлық көлемі;
Төк – кен орны бойынша (пайдалы қазбаның әрбір түрі бойынша) кейінгі өңдеуге жіберілген өндірілген минералдық шикізат құрамындағы пайдалы қазбалардың іс жүзіндегі көлемі;
Б – пайдалы қазбаны сатудың нақты бағасы.
Өндірілген минералдық шикізаттан алынған өңдеу өнімін сату осындай қайта өңдеу өнімінің құрамындағы пайдалы қазбалар негізге алынбай жүзеге асырылатын болса, ЖЖКк әрбір қайта өңдеу өнімін сатудан түскен кіріске кен орнының үлесі бойынша коэффициентті қолдану жолымен есептеледі.
Минералдық шикізатты және (немесе) қатты пайдалы қазбаларды, оның ішінде бастапқы өңдеуден өткендерін кейінгі қайта өңдеуден өткізбей сатқан кезде оларды өткізу құны да ЖЖКк-ге енгізіледі;
3) жер қойнауын пайдаланушы Салық кодексінің 745-бабының 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалары бар минералдық шикізаттың бір бөлігін немесе бүкіл көлемін кейіннен өзінің және (немесе) басқа заңды тұлғаға тиесілі өндірістерде қайта өңдеу үшін беретін кен орны бойынша жоспарланатын рентабельділік деңгейі мына формула бойынша анықталады:
Рк = ТКк / ЖЖКк * 100 %, мұнда:
Рк – кен орны бойынша рентабельділік;
ТКк – осы тармақшаға сәйкес есептелген кен орны бойынша таза кіріс.
Салық кезеңі үшін кен орны бойынша таза кірістің мөлшері мына формула бойынша анықталады:
ТКм = СКк - КТСк, мұнда:
СКк – кен орны бойынша салық салынатын кіріс (Салық кодексінің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстардың сомасына азайтуды есепке алмағанда) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес түзетулер ескеріле отырып, мына формула бойынша анықталады:
СКк = ЖЖКк - Шк + Ттбб, мұнда:
Шк – өңдеу жөніндегі шегерімдерге кен орнының үлесі бойынша коэффициентті қолдану арқылы кен орны бойынша Салық кодексінің ережелеріне сәйкес және осы Қағидалардың ережелері ескеріле отырып есептелген, кен орнында кейінгі қайта өндірілген минералдық шикізатты өндіруге, бастапқы қайта өңдеуге және кейінгі қайта өңдеуге байланысты шегерімдер.
Бұл ретте осы Қағидалардың мақсатында минералдық шикізатты қайта өңдеуге арналған шығыстар бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын шегерімдер нақты шығыстар бойынша есепке алынады, бірақ Қазақстан Республикасындағы жылдық инфляция деңгейіне ұлғайтылған алдыңғы кезеңнің (күнтізбелік жыл) қайта өңдеу шегерімдерінен аспайды. Бұл ретте, егер алдыңғы жылы іс жүзіндегі қайта өңдеу шегерімдері тиісті шектен асып кетсе, онда алдыңғы кезеңнің шегерімдері ретінде ағымдағы кезеңде мұндай шегерімдер осы шектен аспаған неғұрлым жақын күнтізбелік жылдың шегерімдері ескеріледі.
Кен орнының үлесі бойынша коэффициент – салық төлеушінің бүкіл келісімшарттық қызметі бойынша шегерімдердің жалпы сомасындағы кен орнының келісімшарттық қызметі бойынша шегерімдерінің үлесі (кірістер мен шегерімдерді бөлу үшін қолданылады);
Ттбб – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша түзету.
Кірісті есептеу үшін өндірілген минералдық шикізатты өндірумен, бастапқы өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты емес кірістерді (мысалы, сатып алу-сату шарты негізінде алынған пайдалы қазбаларды сатудан түскен кіріс) қоспағанда, жалпы компания бойынша кіріс, оның ішінде тауарлық өнімді сатудан түскен кіріс қабылданады.
Егер пайдалы қазбаларды сату (бастапқы қайта өңдеу болып табылмайтын қайта өңдеуден кейін) қайта өңдеу өнімінің құрамындағы пайдалы қазбалар негізге алынып жүзеге асырылатын болса, кен орны бойынша тауарлық өнімді сатудан түсетін кіріс пайдалы қазбалардың әрбір түрі бойынша мынадай формуламен есептеледі:
ЖЖКк = (Тс * Төк/Тө)1*Б1+(Тс * Төк/Тө)2*Б2+…(Тс * Төк /Тө)n*Бn, мұнда:
Тс – өндірілген минералдық шикізаттан алынған дайын өнімді (бастапқы өңдеу болып табылмайтын өңдеуден кейін) компания бойынша (пайдалы қазбаның әрбір түрі бойынша) іс жүзіндегі барлық сату көлемі;
Тө – кейінгі өңдеуге жіберілген өндірілген минералдық шикізат құрамындағы пайдалы қазбалардың компания бойынша (пайдалы қазбаның әрбір түрі бойынша) іс жүзіндегі барлық көлемі;
Төк – кен орны бойынша (пайдалы қазбаның әрбір түрі бойынша) кейінгі өңдеуге жіберілген өндірілген минералдық шикізат құрамындағы пайдалы қазбалардың іс жүзіндегі көлемі;
Б – Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген түзетулер ескеріле отырып, Салық кодексінің 745-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде қалыптастырылатын сату бағасы. Егер минералдық шикізаттың құрамында Салық кодексінің 745-бабының 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар да, пайдалы қазбалардың басқа түрлері де болса, онда пайдалы қазбалардың басқа түрлерін сату кезінде ЖЖКк көрсеткіші мақсатында нақты сату бағасы қолданылады.
Минералдық шикізат және (немесе) қатты пайдалы қазбалар, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден өткендері кейінгі қайта өңдеуден өткізілмей сатылған жағдайда олардың Салық кодексінің 745-бабы 3-тармағының 1) тармақшасының негізінде қалыптастырылатын баға қолданылған сату құны да ЖЖКк-ге енгізілуге жатады.
Осы тармақша, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген түзетулер ескеріле отырып, Салық кодексінің 745-бабының 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбаларды, минералдық шикізатты және (немесе) құрамында осындай пайдалы қазбалар бар өңдеу өнімін Салық кодексінің 745-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде қалыптастырылатын сату бағасы бойынша сатқан кезде (оның ішінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына) ғана қолданылады.
Осы Қағидалардың мақсатында дәл сол шегерімдерді бір реттен артық қолдануға жол берілмейді.
9. Төмен рентабельді санатқа жатқызылған кен орны үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (бұдан әрі – ПҚӨС) мөлшерлемелері 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Салық кодексінде белгіленген ПҚӨС мөлшерлемелері мөлшерінде қолданылады.
2-параграф. Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша ішкі рентабельділік нормасын есептеу
10. ПҚӨС Салық кодексінің 746-бабының 3-тармағында көзделген шарттар қатар сақталып, өнеркәсіптік өндіру басталған сәттен бастап 60 ай бойы кен орны бойынша 0 пайыз мөлшерлеме бойынша есептеледі.
11. Кен орны бойынша ішкі рентабельділік нормасының деңгейі жер қойнауын пайдаланушының ақша ағындары негізінде мына формула бойынша есептеледі:
ІРН = АА / ЖЖК * 100%, мұнда:
ІРН – ішкі рентабельділік нормасы – тиісті салық кезеңдеріне жүргізілетін инвестициялардың өтелу коэффициенті;
АА – ақша ағыны – салынған инвестицияларды қайтару құнының тиісті салық кезеңдеріндегі ақша ағындарына сүйене отырып есептелген есептік көрсеткіші;
ЖЖК – кен орны бойынша тиісті салық кезеңіндегі жиынтық жылдық кіріс.
Ақша ағыны (АА) мына формула бойынша анықталады:
АА = АА1 + АА2 +…+ Аn
Кен орны бойынша жиынтық жылдық кіріс мына формула бойынша анықталады:
ЖЖК = ЖЖК1 + ЖЖК2 + …+ ЖЖКn, мұнда:
1, 2, ... n – уақыт кезеңі (жыл).
АА1-п, – жер қойнауын пайдаланушының жылдық ақша ағыны кен орны бойынша жиынтық жылдық кіріс және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орны бойынша жүргізілген шығындар арасындағы айырма ретінде анықталады;
ЖЖК1-n – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) шеңберіндегі қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы алған кен орны бойынша жиынтық жылдық кірістің сомасы салық заңнамасына сәйкес айқындалады.
Келісімшарт (лицензия) шеңберiнде кен орны бойынша жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығындар мыналарды қамтиды:
1) күрделi шығындар – жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру барысында капиталданатын және салық заңнамасына сәйкес амортизациялатын, оның ішінде өнеркәсіптік өндіру басталғанға дейін жүргізілген шығындар;
2) күрделi шығындар бойынша амортизацияның және қарыз қаражаты бойынша сыйақылардың есептелген сомаларын қоспағанда, салық заңнамасына сәйкес шегеруге жатқызылатын, капиталдандырылуға тиіс шығындар;
3) кен орны бойынша салық заңнамасына сәйкес есептелген корпоративтік кіріс салығының сомалары.
Рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидаларына қосымша |
Нысан
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы хабарлама
1. Жер қойнауын пайдаланушының (заңды тұлғаның) толық атауы не (жеке тұлғаның)
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса):__________________
__________________________________________________________________.
2. Орналасқан жері (пошталық мекенжайы):_______________________
__________________________________________________________________.
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі:
_________________________________________________________________.
4. Пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыруға негіз болатын және пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты, кен орнын (бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу болжанатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт:
4.1. Келісімшарттың толық атауы, келісімшарттың тараптары, келісімшарт жасалған күн: ___________________________________________
__________________________________________________________________.
4.2. Құзыретті органда келісімшарттың тіркелген күні мен нөмірі:_____
__________________________________________________________________.
4.3. Келісімшарттың (кен орнының) атауы:________________________.
4.4. Келісімшарттық аумақтың (кен орнының бір келісімшарт бойынша кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) орналасуы:
_________________________________________________________________.
4.5. Өндірілетін пайдалы қазбаның түрі: __________________________.
5. Байланыс жасайтын адам (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы, телефоны):_______________________________________________
__________________________________________________________________
(басшының тегі, аты және әкесінің аты (егер болса), лауазымы)
_____________________ Мөрдің орны
Хабарланған күні: 20__ж. "__" _____________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 282 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1122-құжат).
2. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 892 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 51, 516-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат).
4. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 443 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 40, 255-құжат).
5. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 553 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 40-41, 277-құжат).