Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 805 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
  2018 жылғы 5 желтоқсандағы
  № 805 қаулысымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-189-жолмен толықтырылсын:

      "21-189. "Қазақавтожол" ЖШС";

      "Ақмола облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 13-13-жол алып тасталсын;

      "Алматы облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 38-7-жол алып тасталсын;

      "Ақтөбе облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 133-7-жол алып тасталсын;

      "Атырау облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 145-7-жол алып тасталсын;

      "Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 165-16-жол алып тасталсын;

      "Жамбыл облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 180-6-жол алып тасталсын;

      "Батыс Қазақстан облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 194-6-жол алып тасталсын;

      "Қарағанды облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 214-18-жол алып тасталсын;

      "Қызылорда облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 218-7-жол алып тасталсын;

      "Қостанай облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 229-12-жол алып тасталсын;

      "Маңғыстау облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 236-9-жол алып тасталсын;

      "Павлодар облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 265-12-жол алып тасталсын;

      "Солтүстік Қазақстан облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 280-8-жол алып тасталсын;

      "Түркістан облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 304-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 359-10-1, 359-10-2, 359-10-3, 359-10-4, 359-10-5, 359-10-6, 359-10-7, 359-10-8, 359-10-9, 359-10-10, 359-10-11, 359-10-12, 359-10-13 және 359-10-14-жолдар алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 359-10-15-жолмен толықтырылсын:

      "359-10-15. "Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.

      4. "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат):

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      басым тәртіппен жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ірі ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6.4-жолмен толықтырылсын:

      "6.4. "Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі"";

      көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

      жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 27.2, 28.3, 29.4, 30.5, 31.6, 32.7, 33.8, 34.9, 35.10, 36.11, 37.12, 38.13, 39.14 және 40.15-жолдар алып тасталсын.

      5. "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қазақавтожол" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 393 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 25-26, 197-құжат):

      3-тармақ 2) тармақшадағы "тіркеуді қамтамасыз етсін." деген сөздер "тіркеуді;" деген сөзбен ауыстырып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) "Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне беруді қамтамасыз етсін.";

      4, 5, 6 және 7-тармақтар алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады