Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 811 қаулысы.

      "2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы" Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 811 қаулысы "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Көрсетілген Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысын қабылдаудың мақсаты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айрылуы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 5%-ға индексациялау жолымен халықтың әлсіз бөлігін әлеуметтік қолдау болып табылады.

      Аталған арттырулар 2019 жылғы 1 қаңтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға қатысты.

      Қаулыны жүзеге асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша шығындарды талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға соқтырмайды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз