Өскемен қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 46 қаулысы.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің
13-бабының 5) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Глубокое ауданының жалпы ауданы 94,8173 гектар жерлерінің бір бөлігін Өскемен қаласының шегіне қосу жолымен Өскемен қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Глубокое ауданының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісуге енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2017 жылғы 6 қазандағы № 14/168-VI шешіміне және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 248 қаулысына келісім берілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 8 ақпандағы
№ 46 қаулысына
қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы жерлерінің Өскемен қаласының шегіне қосылатын бөлігінің экспликациясы

Атауы

Өскемен қаласының шегіне қосылатын жерлер ауданы
(гектар)

Оның ішінде:

аудан

ауылдық округ

елдi мекендердiң жерлері

өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

Глубокое

Бобровка

94,8173

18,9429

8,513

67,3614

Барлық жерлер:

94,8173


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады