Қазақстан Республикасында өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2019 – 2023 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 441 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № 419 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2021№ 419 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2019 – 2023 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекiтiлсiн.

      2. Жол картасын орындауға жауапты орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (келісу бойынша), кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (келісу бойынша):

      1) Жол картасын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;

      2) жыл сайын 10 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын 1 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2019 жылғы 26 маусымдағы
№ 441 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2019 – 2023 жылдарға арналған жол картасы



Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

Қаржыландыру көздерi және болжалды шығыстар
(мың теңге)

1

2

3

4

5

6

1. Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру

1.     

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің және еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген адамдардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру жөнінде ұсыныстарды қарау
 
 

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның хаттамасы

2019 жылғы қараша
 

Еңбекмині, ИИДМ, ЭМ, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

2.     

Халықаралық еңбек ұйымының № 161 "Еңбек гигиенасы қызметі туралы" Конвенциясын ратификациялау, сондай-ақ қолданыстағы еңбек заңнамасына ілеспе өзгерiстер мен толықтырулар енгізу қажеттігін қарау
 

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның хаттамасы

2020 жылғы мамыр
 

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

3.     

Нормативтік құқықтық актілерге қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

бұйрықтар

2019 – 2023 жылдар

ИИДМ

талап етілмейді

4.     

Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізуге ықпал ететін ішкі салалық іс-шараларды өткізу
 

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық үшжақты комиссиясы отырысының хаттамасы

2019 – 2023 жылдар
 

Еңбекмині, ИИДМ, ЭМ, АШМ, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

5.     

Өндірістік объектілерге еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізуді қамтамасыз ету
 

аттестаттау нәтижелері бойынша есептер
 

2019 – 2023 жылдар
 

Еңбекмині, ИИДМ, ЭМ, АШМ, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды заманауи халықаралық нормаларға, талаптарға және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сәйкес келтіру

6.     

"Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
 

бұйрық

2019 жылғы қараша
 

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

7.     

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы салалық нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі жоспар-графикті бекіту
 

жоспар-график

2019 жылғы желтоқсан
 

Еңбекмині, ДСМ, ИИДМ, ЭМ, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

8.     

Заңнаманы зиянды еңбек жағдайларындағы талаптар мен жұмыстарды нормалау бөлігінде жетілдіру

бұйрық

2020 жыл
 

ДСМ, Еңбекмині
 

талап етілмейді

9.     

"Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын және әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 944 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

бұйрық

2020 жылғы қаңтар
 

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

10.     

"Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1054 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

бұйрық

2020 жылғы қаңтар

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері (келісу бойынша)

талап етілмейді

11.     

"Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1020 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

бұйрық

2020 жылғы қаңтар
 

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері (келісу бойынша)

талап етілмейді

12.     

Өндірістік орта факторларының зияндылығы мен қауіптілігінің, еңбек процесінің ауырлығымен және қауырттылығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалаудың және жіктеудің гигиеналық өлшемшарттарын өзектілендіру

бұйрық

2020 жыл
 

ДСМ, Еңбекмині
 

талап етілмейді

13.     

"Қазақстан Республикасында кәсіптік патологияға медициналық көмек көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің №1032 бұйрығына толықтыру енгізу

бұйрық

2020 жыл

ДСМ

талап етілмейді

14.     

"Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

бұйрық

2021 жылғы қаңтар
 

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

15.     

"Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

бұйрық

2021 жылғы қаңтар
 

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

16.     

Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде қызметкер мен жұмыс берушінің аралас жауапкершілігін қолдану жөніндегі мәселені қарау

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиясы отырысының хаттамасы

2020 жыл

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуы үшін мемлекеттік және ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру

17.     

Анағұрлым қауiптi экономика салалары бойынша (тау-кен, металлургия, құрылыс, мұнай-газ және басқалары) өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындарын азайту жөніндегі жол карталарын әзірлеу және уәкілетті органдардың бекітуі

жол карталары

2019 жылғы желтоқсан
 

Еңбекмині, ИИДМ, ЭМ, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

18.     

Мыналардың:
- ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің/маманының;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің;
- техникалық еңбек инспекторының жұмысын ұйымдастыру, құқықтары мен міндеттерін бекіту бөлігінде ішкі бақылауды жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу

әдiстемелiк ұсынымдар

2019 жылғы желтоқсан
 

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

19.     

Жұмыс берушілерге:
- өндірістегі жазатайым оқиғалар бойынша;
- жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізу бойынша ақпарат беру үшін "Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жаңа функционалын әзірлеу

"Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі"
ААЖ-ны
модификациялау

2019 жылғы желтоқсан
 
 
 
 

Еңбекмині
 

талап етілмейді

20.     

Қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдармен бірлесіп, оларды технологиялық қайта жабдықтау жолымен қауіпті өндірістік объектілердегі авариялылық деңгейін төмендету бойынша жұмыстарды жүргізу

Еңбекминіне ақпарат

2019 жылғы желтоқсан
 

ИИДМ,
жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

21.     

Мемлекеттік еңбек инспекторларының Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы заңдарымен ратификацияланған Халықаралық еңбек ұйымының № 81 "Өндіріс пен саудадағы еңбек инспекциясы туралы", № 129 "Ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы туралы" конвенцияларына сәйкес бақылауды жүзеге асыру мәселесін қарау

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиясы отырысының хаттамасы

2020 жылғы ақпан

Еңбекмині

талап етілмейді

22.     

"Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

бұйрық

2020 жылғы наурыз

Еңбекмині
 

талап етілмейді

23.     

"Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 904 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

бұйрық

2020 жылғы наурыз
 

Еңбекмині

талап етілмейді

24.     

Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мемлекеттік еңбек инспекторларының біліктілігін арттыру

мемлекеттік еңбек инспекторларының біліктілігін арттыру жөніндегі жыл сайынғы жоспар

2020 – 2023 жылдар

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

жергілікті бюджет есебінен
 

25.     

Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің заманауи стандарттарын кәсіпорындарға жыл сайын енгізу

Еңбекминіне ақпарат

2019 – 2023 жылдар

жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

26.     

Республиканың кәсіпорындарында шарттық қатынастар шеңберінде қызметкерлердің қауіпсіз еңбек және тұру жағдайларын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушіден мердігерге дейін сатылы бақылауды енгізу
 
 
 

Еңбекминіне ақпарат

2019 – 2021 жылдар

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми-талдамалық зерттеулер және олардың нәтижелерін енгізу

27.     

Қазақстан Республикасында кәсiпорында кәсiптік тәуекелдерді бағалауды интеграциялау және өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау бойынша талдамалық зерттеулер жүргiзу

әдістемелік ұсынымдар
 

2019 жылғы желтоқсан

Еңбекмині

001 "Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 19 405 мың теңге мөлшерінде

28.     

Экономикалық қызмет түрлері және мөлшері, оның ішінде құрылыс, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік салалары мен өңдеуші өнеркәсіптерге қарай сараланған кәсіпорындар үшін кәсіптік тәуекелдерді басқару негізінде еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеу

еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жобасы
 

2019 – 2020 жылдар

Еңбекмині

034 "Еңбек қауіпсіздігі саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 224 070 мың теңге мөлшерінде

29.     

Кәсіптік тәуекелдерді басқару негізінде еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу үшін құжаттардың жобаларын әзірлеу

еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу бойынша басшылық

2019 – 2020 жылдар
 

Еңбекмині

034 "Еңбек қауіпсіздігі саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 224 070 мың теңге мөлшерінде

30.     

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жұмыскерлерге кәсіптік тәуекелге қарай зиянды еңбек жағдайларына байланысты сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін, емдік- профилактикалық тағам беру бөлігінде жетілдіру бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу

талдамалық зерттеулер
 

2020 жылғы желтоқсан

Еңбекмині

001 "Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 22 382 мың теңге мөлшерінде

31.     

Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы жобасын әзірлеу қажеттілігі туралы мәселені пысықтау

ғылыми зерттеулер
 

2020 жылы

Еңбекмині

034 "Еңбек қауіпсіздігі саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 113 400 мың теңге мөлшерінде

5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы әлеуметтік әріптестікті жандандыру және ақпараттық қамтамасыз ету

32.     

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселесін әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық және өңірлік үшжақты комиссиялардың отырыстарында қарау

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық және өңірлік үшжақты комиссиясы отырыстарының хаттамалары

тоқсан сайын

Еңбекмині, ИИДМ, ЭМ, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
республикалық кәсіптік одақтар
бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

33.     

Республикада еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге және енгізуге арналған ғылыми-практикалық конференция өткізу

ғылыми-тәжірибелік конференция
 

2019 жылғы тамыз
 

Еңбекмині
 
 

талап етілмейді

34.     

"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқанын өткізу

жол картасы

2019 – 2021 жылдар

Еңбекмині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
республикалық кәсіптік одақтар
бірлестіктері
(келісу бойынша)

001 "Еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде 40 000 мың теңге мөлшерінде

35.     

Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметкерлерді оқыту

білімдерін тексеру жөніндегі хаттамалар

2019 – 2023 жылдар

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
республикалық кәсіптік одақтар
бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

36.     

Мынадай:
- "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ең үздік кәсіпорын";
- "Жылдың ең үздік мемлекеттік инспекторы";
- "Жылдың ең үздік техникалық еңбек инспекторы" конкурстарын ұйымдастыру
 

конкурстар

2019 – 2023 жылдар
 

Еңбекмині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
республикалық кәсіптік одақтар
бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

37.     

"Vizion Zero" (жарақаттануға төзбеушілік) әлеуметтік қамсыздандыру халықаралық қауымдастығының бағдарламасына республика кәсіпорындарының қосылуы жөнінде ақпараттық науқандар өткізу

іс-шаралар жоспары

2019 – 2023 жылдар
 

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
республикалық кәсіптік одақтар
бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

38.     

"Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік" жыл сайынғы KIOSH қазақстандық халықаралық конференциясын және көрмесін өткізу

конференция және көрме
 

2019 – 2023 жылдар

Еңбекмині,
"ITECA" ЖШС
(келісу бойынша)

бюджеттен тыс қаражат есебінен


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      "ITECA" ЖШС – "ITECA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады