Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 471 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) мазмұнындағы 149-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "149-бап. Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау";

      2) 149-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "149-бап. Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау

      1. Террористiк тұрғыдан осал объектінің меншік иесінің, иеленушісінің не басшысының не террористiк тұрғыдан осал объект бойынша күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы – ";

      3) 214-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "214-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу

      1. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын мәліметтерді тіркеу, мәліметтерді және құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде бұзуы –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Қаржы мониторингі субъектілерінің "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты бермеуі, уақтылы бермеуі –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруден бас тартуы –

      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шаралар қолданбауы –

      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл туралы заңнамасын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтату жөніндегі шаралар қолдану және (немесе) ақшамен және өзге мүлікпен операцияларды тоқтату жөніндегі шаралар туралы бөлігінде ақпарат беру бөлігінде қаржы мониторингі субъектілерінің бұзуы –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Қаржы мониторингі субъектілерінің іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тартулары туралы ақпарат беру бойынша міндеттемелерін орындамауы –

      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Қаржы мониторингі субъектілері ішкі бақылау қағидаларында бекітілген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасын орындамауы –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Қаржы мониторингі субъектілерінің "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты бермеуі, уақтылы бермеуі –

      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      9. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттер операцияларын тоқтатпауы –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      10. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларын және оны жүзеге асыру бағдарламаларын әзірлеу және қабылдау бойынша міндеттерді орындамауы не ішкі бақылау қағидаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі –

      жеке тұлғаларға – сексен, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      11. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттері мен өзге де тұлғаларға қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақпараттың берілгені туралы хабарлауы –

      бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      12. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      13. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш немесе одан да көп жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      алты айға дейінгі мерзімге лицензияның немесе біліктілік аттестатының (куәлігінің) қолданысын тоқтата тұрып не олардан айырып немесе үш айға дейінгі мерзімде заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрып жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, адвокаттарға, нотариустарға, дара кәсіпкерлерге – үш жүз, тауар биржаларына, бухгалтерлік қызмет көрсету саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, микроқаржы ұйымдарына, төлем ұйымдарына, ойын бизнесін және лотореяны ұйымдастырушыларға, пошта операторларына, аудиторлық ұйымдарға – бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.";

      4) 247-баптың тоғызыншы бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) уәкілетті органның ескерту хаты шығарылған себептерді үш ай ішінде жоймауы;";

      5) 804-бапта

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "24-1) қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органның (214 (бұл бұзушылықтарды заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизинг қызметін лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, бухгалтерлік ұйымдар және бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын кәсіби бухгалтерлер жасаған кезде), 463 (бұл бұзушылықтарды заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизинг қызметін лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жасаған кезде) – баптар);";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті қызметкерлерінің де құқығы бар (86 (төртінші бөлігі), 185, 211 (бірінші бөлігі), 214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 245, 251, 252 (екінші бөлігі), 462, 463, 464 (екінші бөлігі) – баптар).".

      2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат):

      1) 138-баптың 76) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "76) террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жағдайына;";

      2) 140-баптың 3-тармағының 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың сақталуына;".

      3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат;
№ 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат):

      1) 8-бап 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту және олардың санаттарына сәйкес терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру бойынша оларға қойылатын талаптарды белгілеу;";

      2) 9-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) қорғалатын адамдардың келуіне арналған террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын қосымша талаптарды белгілеу;".

      4. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21-III, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат):

      12-бап мынадай мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-2) ұлттық қауіпсіздік органдарының террористік тұрғыдан осал ведомстволық объектілерінің тізбесін олардың санаттарына сәйкес әзiрлеуге және бекітуге;".

      5. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-I, 143-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат):

      1) 1-бапта:

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) аудиторлық қызмет – осы Заңға сәйкес қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпараттың аудитiн жүргiзу және қызметтер ұсыну жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;

      7) аудиторлық ұйым - аудиторлық қызметтi жүзеге асыру үшiн құрылған және кәсіби ұйымның мүшесі болып табылатын коммерциялық ұйым;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) Әдеп кодексі – аудиторлардың, аудиторлық және кәсіби ұйымдардың кәсіби қызметінің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған және Қазақстан Республикасында қолданылатын әдеп қағидалары жинағы;";

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) халықаралық аудит стандарттары (бұдан әрі – аудиторлық стандарттар) – Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған стандарттар мен құжаттар;";

      2) 3-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа мынадай қызметтердi де көрсете алады:

      1) аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа көрсетілетін қызметтер;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау, аудит, қаржы-шаруашылық қызметтi талдау және қаржылық жоспарлау жөнiнде, аудит стандарттарына сәйкес iлеспе қызметтердi көрсету жөнiнде әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар әзiрлеу, сондай-ақ оларды тарату;";

      3) 4-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аудит осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн аудит стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Аудит стандарттарын Қазақстан Республикасында оларды ресми жариялауға Халықаралық бухгалтерлер федерациясының жазбаша рұқсаты бар ұйымдар қазақ және орыс тiлдерiнде жариялауы мүмкін.";

      4) 5-баптың 2-тармағының жиырма үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аудит мiндеттi болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын ұйымдар жылдық қаржылық есептiлiкпен бiрге аудиторлық есептi де жариялауға мiндеттi.";

      5) 7-1-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және өзінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.

      2. Аудиторлық қызметтi және кәсiби аудиторлық ұйымдар қызметiн мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";

      6) 11-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;

      7) 12-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) уәкiлеттi органның ескерту хатында көрсетілген себептi үш ай iшiнде жоймаса;";

      8) 13-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы шешiм Бiліктiлiк комиссиясы айқындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.";

      9) 17-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Аудит, салықтар бойынша аудит, өзге де ақпарат аудитін жүргізуге және басқа да қызметтер көрсетуге арналған шарт";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аудит жүргiзу және (немесе) қызмет көрсету шартында осы Заңға сәйкес: шарттың мәні, мерзiмi, ақы төлеу мөлшерi мен талаптары, тараптардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi, алынған ақпараттың құпиялылығы, сондай-ақ кәсіби ұйымға мүшелігі көзделедi.

      3. Міндетті аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудиті және (немесе) ілеспе және басқа көрсетілетін қызметтер аудитін жүргізу шарты аудиттелетін субъектінің аудит стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.";

      10) 20-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;";

      11) 21-бапта:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;";

      10) тармақшадағы "хабарлауға міндетті." деген сөздер "хабарлауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.";

      12) 24-баптың бірінші бөлігінің үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "өздерiмен азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шартын соңғы үш жылға жасасқан ұйымдарға;

      соңғы үш жылда осы Заңның 3-бабы 2-тармағының 2) және (немесе)
3) тармақшасында аталған (бухгалтерлік есеп және (немесе) қаржылық есептілік бөлігінде) қызметтер көрсетілген ұйымдарға;".

      6. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат):

      1) 1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) адамдар көп жиналатын объектілер – террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру қағидаларымен олардың санаттары және сыйымдылық көрсеткіштері айқындалатын сауда объектілері, қоғамдық тамақтану объектілері, концерт залдары, спорт,
ойын-сауық объектілері, көлік инфрақұрылым объектілері (автомобильдік және қалалық рельсті көліктер саласындағы) және басқа да көпшілікке арналған құрылысжайлар, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, туристерді орналастыру орындары;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) террористік тұрғыдан осал объектілер – терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер және стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, қорғалатын объектілер, қауіпті өндірістік объектілер, адамдар көп жиналатын объектілер;";

      мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:

      "19) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы – террористік акт жасауға кедергі болатын жағдайды сипаттайтын, сондай-ақ ол жасалған жағдайда салдарын барынша азайтуды және жоюды қамтамасыз ететін террористік тұрғыдан осал объектілердің жағдайы.";

      2) 4-бапта:

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру тәртібін айқындайды;";

      5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларын террористік қатерлердің сипаты мен ерекшелігі туралы хабардар ету, терроризмге қарсы
іс-қимыл мен терроризмге қарсы қорғану жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, қорғалатын объектілерді қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризм актісінің жасалуына бөгет болу, оның салдарларын азайту және жою дайындығын бағалауды жүзеге асыру, терроризмге қарсы практикалық
оқу-жаттығулар, жаттығулар мен эксперименттер өткізу арқылы олардың терроризмге қарсы қорғалуы деңгейінің артуына септігін тигізеді;";

      3) 7-бапта:

      1), 2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары:

      Қазақстан Республикасының заңдарымен өздерінің қарауына жатқызылған террористік қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және оларды тергеп-тексереді;

      террористік қатерлерді талдауды және болжауды жүзеге асырады;

      терроризмге қарсы операциялар өткізуді ұйымдастырады;

      қарсы барлау шаралары арқылы террористік іс-әрекетке қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;

      шет мемлекеттердің тиісті құзыретті органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады;

      террористік және экстремистік ұйымдарға қарсы іс-қимыл саласында барлау қызметін жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының террористік қатерлерден қорғалуын қамтамасыз етуге қатысады және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігін айқындайды;

      ұлттық қауіпсіздік органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін олардың санаттарына сәйкес әзірлейді және бекітеді;

      2) Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары:

      Қазақстан Республикасының заңдарымен өздерінің қарауына жатқызылған террористік қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және оларды тергеп-тексереді;

      терроризмге қарсы операцияларды өткізуге қатысады;

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының объектілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін және Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі объектілерді қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылайды;

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдары объектілерінің паспорттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін объектілердің паспорттарын қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу паспорттарын келіседі, есепке алуды, сақтауды және (немесе) жоюды жүргізеді;

      3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, күзетілуге жататын өзге де адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, күзет іс-шараларын ұйымдастырады және жүргізеді;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекітеді және олардың санаттарына сәйкес терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі оларға қойылатын талаптарды белгілейді;

      қорғалатын адамдардың келуіне арналған, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын қосымша талаптарды белгілеуге құқылы;

      қорғалатын объектілердің терроризмге қарсы қорғалу паспорттарын келіседі, есепке алуды, сақтауды және (немесе) жоюды жүргізеді.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі терроризмге қарсы операциялар жүргізіледі;

      4) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:

      терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде әуе, су және жер беті кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады;

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін олардың санаттарына сәйкес әзірлейді және бекітеді;";

      5) тармақша алып тасталсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган терроризмге қарсы
іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласында Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыруды қамтамасыз етеді, шет елдердегі мекемелерінің террористік тұрғыдан осал объектілері тізбесін олардың санаттарына сәйкес әзірлейді және бекітеді;";

      4) 10-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-2-бап. Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау

      1. Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау үшін осы объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының және терроризм актілерінің салдарларын жоюға және (немесе) барынша азайтуға мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың дайындығының деңгейін арттыру жөніндегі құқықтық, ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық, арнайы, күзеттік және өзге де шаралар жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік органдар осы Заңның 4-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына сәйкес айқындалған террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру тәртібі негізінде:

      мемлекеттік орган басқармасы құрылымына кіретін;

      мемлекеттік органмен мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы қызметін жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді.

      Аталған нормативтік құқықтық актілер, арнайы мемлекеттiк органдар, құқық қорғау органдарының объектілері үшін, сондай-ақ Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелері, басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдары үшін әзірленетіндерін қоспағанда, мынадай тәртіппен:

      Күзетілетін объектілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы объектілер үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және Ішкі істер министрлігімен,

      күзетілетін объектілер үшін Мемлекеттік күзет қызметімен;

      Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі объектілер үшін сыртқы барлау субъектілерімен келісіледі.

      3. Террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау мақсатында террористік тұрғыдан осал нақты объектінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру туралы ақпарат қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады. Шектеуге жататын ақпарат түрлері осы Заңның 4-бабы
3-тармағының 4) тармақшасы негізінде әзірленетін қағидалармен айқындалады";

      5) 10-3-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары өздеріне сеніп тапсырылған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында осы Заңның 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасы негізінде әзірленетін Қағидаларға және осы Заңның 10-2-бабының 2-тармағы негізінде әзірленетін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес:

      3) және 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) объектінің терроризмге қарсы қорғалуы бойынша объектілердің персоналдарымен профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыру;

      4) терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтармен қатысуға;";

      5) тармақша алып тасталсын;

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Тиісті өткізу режимін қамтамасыз ету, өз персоналымен оқу іс-шараларын ұйымдастыру, терроризмге қарсы қорғаудың техникалық құралдарын тиісінше пайдалану жөніндегі міндеттерді террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелерімен, иеленушілерімен немесе басшыларымен күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметінің субъектілері де орындайды.";

      6) 23-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-1-бап. Меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін мемлекеттік бақылау

      1. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын орындау нысанасына жүзеге асырылады.

      2. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне мемлекеттік бақылау осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерін, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын, арнайы мемлекеттік органдардың объектілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзететін объектілерді және Қазақстан Республикасынан тыс жердегі объектілерді қоспағанда, бақылау объектілеріне (субъектілеріне) бару арқылы тексеру нысанында жүзеге асырылады.";

      7) 23-2-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-2-бап. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы тексерулер жүргізу тәртібі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бақылау субъектілерін (объектілерін) тексеруді Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мерзімді негізде және жоспардан тыс жүргізеді.

      Мерзімді негізде тексеру уәкілетті орган бақылау субъектісіне қатысты 2 жылда 1 рет белгілейтін тексеру болып табылады.

      Жоспардан тыс тексеру:

      1) бұрын берілген нұсқамалардың орындалуын бақылау;

      2) Қазақстан Республикасының барлық аумағында немесе аймақтары мен елді мекендерінің аумағында террористік қауіптілік деңгейін енгізу;

      3) террористік тұрғыдан осал объектілерге қатысты террористік сипаттағы ықтимал қатерлер туралы ақпарат түскен жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың терроризмге қарсы комиссиясының төрағасы шешім қабылдаған кезде тағайындалатын тексеру болып табылады.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Тексеру қадағалау субъектісіне алдын ала хабарламай жүргізіледі.

      2-2. Ішкі істер органдарының лауазымды адамдары тексеру жүргізу кезінде мыналарға:

      1) осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде бақылау субъектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруіне;

      2) қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) алуға не олардың көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанына сәйкес терроризмге қарсы қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарына қол жеткізуге;

      3) мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға (азаматтық авиация, өнеркәсіп қауіпсіздігі, атом энергиясы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың мамандарын міндетті тарту);

      4) аудио-, фото- және бейне түсіруді жүзеге асыруға құқылы.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тексеру тағайындау туралы актіні тексерілетін тұлғаға не оның уәкілетті өкіліне тапсыру сәті тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2, 5-3 және 5-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "5-1. Тексеру тағайындау туралы актіде:

      1) актінің нөмірі мен күні;

      2) уәкілетті органның атауы;

      3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымы;

      4) тексеру жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;

      5) бақылау субъектісінің атауы, оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұратын жері, сәйкестендіру нөмірі және қадағалау объектісі;

      6) тексеру нысанасы;

      7) тексеру жүргізу мерзімі;

      8) тексеру жүргізу негізі (жоспарлы, жоспардан тыс. Жоспардан тыс тексеру жағдайында жоспардан тыс тексеру үшін негіз болған себеп көрсетіледі);

      9) актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы және уәкілетті органның мөрі;

      10) бақылау субъектісінің не оның уәкілетті адамының тексеру тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолы көрсетіледі.

      5-2. Тексеру тағайындау туралы акт Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 140-бабының 3-тармағына сәйкес тіркеуге жатады.

      5-3. Тексеру тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан немесе тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың субъектілерге (объектілерге) және (немесе) тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуге кедергі келтірген жағдайларда хаттама жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам және бақылау субъектісі не оның уәкілетті өкілі қол қояды.

      Бақылау субъектісі бас тарту туралы жазбаша түсіндірме беріп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеру тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеруді тоқтату үшін негіз болып табылмайды.

      5-4. Тексеру жүргізу мерзімі осы баптың 4-тармағында анықталған он бес күннен аспайтын мерзімге тек бір рет ұзартылуы мүмкін. Ұзарту уәкілетті органның басшысымен (не оның міндетін атқаратын тұлғамен) күрделі және (немесе) ұзақ мерзімді сараптама (зерттеу) жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

      Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту бақылау субъектісіне хабарлай отырып, тексеруді ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркеу нөмірі мен күні және ұзарту себебі көрсетіледі.

      Тексеру мерзімдерін ұзартқан жағдайда ішкі істер органдары міндетті тәртіпте ол туралы бақылау субъектісіне не оның уәкілетті адамына хабарлайды.

      Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны ішкі істер органдары ұзартқанға дейін бір жұмыс күн бұрын тапсырыс пошта жөнелтілімі нысанында алғаны туралы хабарламамен не электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат арқылы, егер субъект мұндай мекенжайды бұрын бақылау органына табыс еткен болса, бақылау субъектісінің электрондық поштасының мекенжайына немесе өзге де лайықты тәсілмен жолданады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тексеруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы ішкі істер органының қызметкері тексеру нәтижелері бойынша екі данада:

      1) тексеру нәтижелері туралы акт;

      2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.

      Егер тексеру жүргізу нәтижесінде осы баптың 16-тармағында көрсетілген мән-жайларды қоспағанда, субъектінің объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша міндеттерін орындамау және (немесе) тиісінше орындамау фактісі анықталған болса, бақылау органының лауазымды адамы (адамдары) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде бұзушылыққа жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Тексеру нәтижелері туралы актіде:

      1) актінің нөмірі, жасаған күні, уақыты және орны;

      2) уәкілетті органның атауы;

      3) негізінде тексеру жүргізілген тексеру тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;

      4) тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымы;

      5) тексеру жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;

      6) бақылау субъектісінің атауы, оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұратын жері, сәйкестендіру нөмірі және бақылау объектісі;

      7) тексеру жүргізу күні, жері және кезеңі;

      8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер;

      9) бақылау субъектісін, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдарды тексеру нәтижелері туралы актімен таныстыру немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартқаны туралы жазбасы;

      10) тексеру жүргізген лауазымды адамның қолы көрсетіледі.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тексеру нәтижелері туралы актіге бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама қоса беріледі.

      Тексеру жүргізу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау анықталған тексеру нәтижелері туралы әрбір акт бойынша бір ғана нұсқама берілуі мүмкін.

      Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, тексерілетін адам оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізу нәтижелері туралы актіге қоса берілуі мүмкін, бұл туралы тиісті белгі жасалады.

      8. Тексерілетін тұлғаның түпнұсқасында бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамамен (олар болған жағдайда), қосымшалардың көшірмелерімен бірге тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану және басқа да іс-қимылдар үшін тексерілетін тұлғаға не оның уәкілетті өкіліне тапсырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексерудің аяқталған мерзімінен кешіктірмей тексеру нәтижелері туралы актіні бақылау субъектісіне не оның уәкілетті өкіліне табыс еткен күн тексеру аяқталған күн болып саналады.";

      мынадай мазмұндағы 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24-тармақтармен толықтырылсын:

      "11. Тексеру нәтижелері туралы акт мынадай тәсілдермен:

      1) қолма-қол – алғаны туралы белгімен;

      2) поштамен – хабарламамен тапсырыс хатын жолдау арқылы табыс етіледі.

      12. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу болмаған жағдайда тексеру жүргізу кезінде тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.

      13. Тексеру қорытындылары бойынша осы Заңмен белгіленген іс-шараларды және оны іске асыру үшін қабылданған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді орындамау (бұзушылықтар) анықталған жағдайда бақылау органының лауазымды адамы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.

      14. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада:

      1) нөмірі мен күні;

      2) тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымы;

      3) бақылау субъектісінің атауы, оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі және бақылау объектісі;

      4) тексеру нәтижелері туралы актінің нөмірі мен күні;

      5) анықталған бұзушылықтар мен оларды жою туралы талаптар;

      6) нұсқаманы орындау мерзімдері;

      7) шағымдану тәртібі көрсетіледі.

      15. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау оны орындау мүмкіндігіне нақты ықпал ететін мән-жайлар ескеріп отырып бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кем емес мерзімде айқындалады.

      Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдерін айқындау кезінде:

      1) бақылау субъектісінде бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық мүмкіндіктерінің бар болуы;

      2) инженерлік-техникалық қорғау құралдарының техникалық жай-күйінің ерекшеліктері;

      3) мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан міндетті қорытындыларды, келісулерді және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да құжаттарды алу мерзімдері;

      4) бюджеттік жоспарлау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ресімделген растаушы құжаттар бар болған жағдайда, мемлекеттік бюджеттен объектілердің терроризмге қарсы қорғалуына ақша қаражатының уақтылы, толық бөлінуі немесе түспеуі ескеріледі.

      16. Осы баптың 15-тармағының 3) және 4) тармақшаларымен байланысты бұзушылықтар анықталған жағдайларда осы Заңның 10-3-бабында көзделген барлық басқа міндеттері орындалған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы нұсқама әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай жасалады.

      17. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі нұсқамада белгіленген мерзім ішінде бақылау субъектісіне (объектісіне) барып тексеру жүргізген бақылау органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат ұсынуға міндетті.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ақпаратты ұсынбаған жағдайда, бақылау органы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.

      18. Нұсқаманы бақылау субъектілері орындауы үшін міндетті болып табылады.

      19. Бақылау субъектілеріне берілетін нұсқамаларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған лауазымды адамға немесе сотқа шағымдануға болады.

      20. Тексеру жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары:

      1) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы заңнамада белгіленбеген талаптардың орындалуын тексеруге;

      2) егер құжаттар, ақпараттар тексеру объектісі болып табылмаса және тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;

      3) инженерлік-техникалық құралдарды (олардың элементтерін, ақпарат жеткізгіштерді) алып қою туралы хаттаманы ресімдемей алып қоюға;

      4) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерін асыруға;

      5) мемлекеттік бақылау мақсатында тексерілетін субъектілер есебінен шығын шығару сипатындағы іс-шаралар өткізуге құқылы емес.

      21. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері бақылауды жүзеге асыру кезінде:

      1) мына:

      осы Заңда белгіленген мерзімге сәйкес келмейтін, тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдерден асып кеткен не өтіп кеткен;

      осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттар болмаған;

      бақылау субъектісін (объектісін) тексеру мерзімдерін осы Заңда белгіленген мерзімнен артық ұзартқан жағдайларда, объектіге тексеру жүргізу үшін келген бақылау органының лауазымды адамдарын тексеруге жібермеуге;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымдануға құқылы.

      22. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері бақылау органдары тексерулер жүргізген кезде:

      1) бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына бақылау органдары лауазымды адамдарының кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

      2) заңмен қорғалатын құпияны сақтау талаптарын сақтай отырып бақылау органдарының лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қосу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерге), объектіні қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарына қолжетімді етуге;

      3) тексеру тағайындау туралы актіде алғаны туралы белгі жасауға;

      4) тексеру аяқталған күні өткізілген тексеру нәтижелері туралы актіде және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада алғаны туралы белгі жасауға;

      5) тексеру жүргізу кезеңіне тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

      6) осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік факторларға тексеру жүргізу үшін келген адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

      23. Тексерулер, егер бақылау органы оларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын, осы Заңда белгіленген талаптарды өрескел бұза отырып жүргізсе, жарамсыз болып танылады.

      Тексеру қорытындылары бойынша жарамсыз деп танылған тексеру актісі мен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектісі террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы заңнамада белгіленген талаптарды бұзғанының дәлелі болып табылмайды.

      Тексеруді жарамсыз деп тану осы тексеру актісінің және тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жоюы үшін негіз болып табылады.

      Жоғары тұрған мемлекеттік органның тексерудің жарамсыздығына байланысты актінің күшін жою және тексерудің жарамсыздығына байланысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы бақылау субъектісінің өтінішін қарауды өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Мұндай өтінішті қараудың белгіленген мерзімін бұзу бақылау субъектісінің пайдасына түсiндiрiледi.

      24. Осы Заңның талаптарын өрескел бұзуға:

      1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;

      2) тексеру тағайындау туралы актінің болмауы;

      3) бақылау органының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындау;

      4) осы Заңда көзделген тексерулер өткізу мерзімдерін бұзу жатады.";

      8) 23-3-бап алып тасталсын.

      7. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 47, 49-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат):

      27-баптың 1-тармағының 26-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-2) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және ішкі істер органдарымен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнайы мемлекеттік органдардың қарамағындағы, сондай-ақ күзетілетін объектілерді қоспағанда) тізбесін әзірлейді және бекітеді және объектілердің меншік иелерін, иеленушілерін, басшыларын немесе өзге де лауазымды адамдарын осы объектілердің тізбеге енгізілгені туралы хабардар етуін қамтамасыз етеді;".

      8. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      19-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген адам мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшпен жүгінген;".

      9. "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 23, 118-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат):

      12-баптың 3-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты тәркіленген мүлік сомаларын, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған Қазақстан Республикасына қайтарылуға жататын және қайтарылған сомаларды;".

      10. "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-VI,
159-құжат; 2016 ж., № 8-II, 68-құжат; № 24, 124-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-2) Кәсіби бухгалтерлердің әдеп кодексі (бұдан әрі – Әдеп кодексі)
– кәсіби бухгалтерлердің, бухгалтерлік және кәсіптік ұйымдардың өз кәсіби қызметін жүзеге асыру кезіндегі мінез-құлқының әдеп қағидасы.";

      2) 16-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары және Әдеп кодексі

      Қаржылық есептілікті жасауды ұйымдар халықаралық стандарттарға және шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа сәйкес жүзеге асырады.

      Халықаралық стандарттарды және шағын және (немесе) орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандарттарды қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары қорынан оларды Қазақстан Республикасында ресми аударуға және (немесе) жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым қазақ және орыс тілдерінде жариялай алады.

      Кәсіби бухгалтерлер, бухгалтерлік және кәсіптік ұйымдар өз қызметін Әдеп кодексіне сәйкес жүзеге асырады. Әдеп кодексін Халықаралық бухгалтерлер федерациясынан Қазақстан Республикасында олардың ресми аударылуына және (немесе) жариялануына жазбаша рұқсаты бар ұйым қазақ және орыс тілдерінде жариялай алады.";

      3) 21-бапта:

      1) 5-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтауға;".

      11. "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 20-IV, 113-құжат):

      16-баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті органнан, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің басқа да мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (мәлімдеушілерден) экспорттық бақылау саласына қатысты қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.

      3. Экспорттық бақылау саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) ұсынған құжаттар мен ақпарат тек қана экспорттық бақылау мақсатында пайдаланылады.

      Экспорттық бақылау саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (өтініш берушілерден) алынған құжаттар мен ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мақсатында ғана пайдаланады.

      4. Мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын құжаттар мен ақпарат, сондай-ақ экспорттық бақылау саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлімдеушілерге) қатысты құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның экспорттық бақылау жүйесінің уәкілетті органы мен мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының қызметтік емес мақсаттар үшін жария етуіне, пайдалануына болмайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттік органдарға және үшінші тұлғаларға беруге болмайды.

      5. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның, уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының талабы бойынша аталған органдардың осы Заңда көзделген міндеттер мен функцияларды орындауы үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынуға міндетті.".

      12. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10,77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III, 111-құжат):

      1) мазмұны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заң қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржы мониторингі субъектілерінің, уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық қатынастарын айқындайды, сондай-ақ терроризмнің алдын алуға және оны болдырмауға және терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруының алдын алуға, кедергі келтіруге және таралуын тоқтатуға және оны қаржыландыруға қатысты мақсатты қаржы санкцияларын іске асыру тетігін айқындайды.";

      2) 1-бапта:

      2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою – қаржы мониторингінің субъектілері мен мемлекеттік органдар ақшаның және (немесе) өзге мүліктің берілуін, қайта өзгертілуін, иеліктен шығарылуын немесе орын ауыстыруын тоқтата тұру бойынша қабылдайтын шаралар;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) заң мәселелері бойынша тәуелсіз маман – жеке дара ретінде, сондай-ақ серіктес немесе заң қызметін көрсететін кәсіпкерлік субъектісінен жалдаған маман ретінде заң қызметін көрсететін тұлға;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) қаржы мониторингiне жататын операциялар – қаржы мониторингі субъектісі клиентінің осы Заңға сәйкес оларға қатысты қаржы мониторингі белгіленген ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялары;";

      мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-2) мақсатты қаржы санкциялары – осы Заңға және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына сәйкес терроризмнің алдын алуға және оны болдырмауға және терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруының таралуының алын алуға, кедергі келтіруге және тоқтатуға және оны қаржыландыруға қатысты қабылдайтын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою жөніндегі қаржы монторингі субъектілері мен мемлекеттік органдардың қабылдайтын шаралары;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) уәкiлеттi орган – осы Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруының таралуын қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөнiндегi өзге де шараларды қолданатын мемлекеттiк орган;";

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) шет мемлекеттің құзыретті органы – шет мемлекеттің өз заңнамасына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және пайдалануды жүзеге асыратын органы;";

      3) 2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың
(жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруының таралуын қаржыландырудың алдын алу";

      4) 3-бапта:

      1-тармақтың 7) тармақшасы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) адвокаттар, заң консультанттары және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар мынадай қызметтерге:";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.";

      5) 4-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция қаржы мониторингіне:

      1) егер операциялар сомасы 3 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 3 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын сомада болса, онда бұл операция өзінің сипаты бойынша операцияның мынадай түрлерінің біріне жатады:

      бәс тiгу, ойын мекемелерiндегi құмар ойындар мен лотерея өткiзу нәтижелерi бойынша қолма-қол нысанда ұтысты алу, оның iшiнде электрондық нысанда алу;

      ақшамен, бағалы қағаздармен, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен және өзге де құндылықтармен (бағалы металдардан жасалған ұлттық валюта монеталарынан басқа) ломбард операцияларын қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда жасау;

      2) егер операция сомасы 5 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 5 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса, ал өзінің сипаты бойынша осы операция мынадай операциялардың біріне жататын болса:

      анонимді иеленушіге арнап ашылған шетелдегі шоттарға (салымдарға) ақшаны аудару, анонимді иеленушіге арнап ашылған шетелдегі шоттан (салымнан) қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда түсуі;

      бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды қолма-қол ақшамен нысанда сатып алу-сату;

      оффшорлық аймақта тиісінше тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар, сол сияқты оффшорлық аймақта тіркелген банкте шоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттің банктік шотына есепке жатқызуды немесе аударуды жүзеге асыруы не клиенттің көрсетілген санаттағы тұлғалармен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасайтын
қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы операциялары;

      3) егер операция сомасы 7 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 7 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса, ал өзінің сипаты бойынша осы операция мынадай операциялардың біріне жататын болса:

      өтеусіз негізде басқа тұлғаның пайдасына қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда клиент жүзеге асыратын төлемдер мен ақша аударымдары;

      ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, акциялармен және пайлық инвестициялық қорлардың пайларымен қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы мәмілелер;

      4) егер операциялар сомасы 10 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 10 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса және өзінің сипаты бойынша осы операция мынадай операциялардың біріне жатады:

      айырбастау пункттері арқылы қолма-қол ақша нысанында шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау;

      ақшаны клиенттің банктік шотынан алу немесе банктік шотына есепке жатқызу, сол сияқты осы тармақшаның бесінші және алтыншы абзацтарында көзделген қолма-қол ақша нысанындағы жағдайларды қоспағанда, клиенттен қолма-қол ақшаны қабылдау не клиентке беру;

      мемлекеттік тіркелу сәтінен бастап үш айдан аз уақыт өткен заңды тұлғалардың қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жасалатын операциялары;

      сақтандыру төлемін жүзеге асыру немесе сақтандыру сыйлықақысын қолма-қол ақша нысанында алу;

      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, аудару, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін қолма-қол ақша нысанында жүзеге асыру;

      қызмет көрсету, оның ішінде сейф ұяшықтарын мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша сейф қызметтерін көрсетуді қоспағанда, мердігерлік, тасымалдау, көлік экспедициясы, сақтау, комиссиялар, мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қолма-қол ақша нысанындағы мәмілелер;

      чек немесе вексель бойынша қолма-қол нысанда ақша алу;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктері мен Ұлттық почта операторы жүзеге асыратын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, қолма-қол валютаны, талап етушіге арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;

      5) егер операция сомасы 45 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 45 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса, ал өз сипаты бойынша осы операция мынадай операциялардың біріне жататын болса:

      мәдени құндылықтарды қолма-қол ақша нысанында сатып алу (сату);

      қаржы лизингінің шарты бойынша мүлікті қолма-қол ақша нысанында алу немесе ұсыну;

      ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, облигациялармен және мемлекеттік бағалы қағаздармен қолма-қол ақша нысанындағы немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы мәмілелер;

      мәдени құндылықтарды қолма-қол ақша нысанында сатып алу (сату), Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;

      6) егер операция сомасы 50 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын не 50 000 000 теңгеге баламалы немесе одан асатын шетел валютасындағы тең сомаға тең және квазимемлекеттік сектордың облигациялық қарыздары шеңберінде Ұлттық қордың қаражаты үшін кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бағдарламалары бойынша қарыз алған клиент қолма-қол ақша нысанында немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жасайтын болса;

      7) егер шетел валютасындағы операция сомасы баламасы 100 000 000 теңгеге тең немесе одан асып кетсе және өзінің сипаты бойынша осы операция банктік шоттан немесе қолма-қол ақшасыз нысанда клиенттің банктік шотына трансшекаралық аударымға жатады;

      8) егер операция сомасы 200 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын не 200 000 000 теңгеге баламалы немесе одан асатын шетел валютасындағы сомаға тең болса, ал өзінің сипаты бойынша осы операция жасау нәтижесі осындай мүлікке меншік құқығының ауысуы болып табылатын жылжымайтын мүлікпен мәмілеге қатысты болса.

      Егер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция шетел валютасымен жүзеге асырылатын болса, оның теңгеге балама сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, осындай операция жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Күдікті операциялар, олардың жүзеге асырылу нысандарына және олар жасаған не жасай алатын немесе жасалуы мүмкін болған сомасына қарамастан, қаржы мониторингіне жатады.

      Қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын іске асыру бағдарламаларына сәйкес немесе осы баптың 4-тармағында көрсетілген негіздер бойынша операцияларды зерделеу нәтижесінде қаржы мониторингі субъектісінде клиенттің операциялары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландыруға байланысты деп пайымдауға негіздер бар болса операциялар күдікті деп танылады.";

      6) 5-бапта:

      2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      3-1-тармақта:

      1) тармақша мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент – жеке тұлға бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды бөлшек саудада сатып алу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер осындай операцияның сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;

      клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент – жеке тұлға айырбастау пункттері арқылы құйма түрінде тазартылған алтын сатып алу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер осындай операцияның сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса қолданылмайды.";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бағалы қағаздар сатып алу және квазимемлекеттік сектор бағалы қағаздар сатып алу мақсаттары үшін жеке тұлғаларға бағалы қағаздардың орталық депозитарий жүйесінде шот ашу кезінде, егер мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын операцияның сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса, қолданылмайды.";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қаржы мониторингі субъектісі клиенттен (оның өкілінен) клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру, бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін қажетті немесе жеткіліксіз мәліметтер мен құжаттарды ұсынуын, сондай-ақ салықтық резиденттілігі, қызметінің түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді ұсынуын талап етуге құқылы.";

      7-тармақтың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) жасалатын операциялардың қызмет түрі мен қаржыландыру көзі туралы мәліметтер алу;";

      9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қаржы мониторингі субъектілеріне іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнатуға, егер:

      1) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың және терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлға болып табылса.;

      2) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын белгіленген тұлға немесе ұйым болып табылса;

      3) клиент сақтандыру ұйымдары жасаған электрондық нысандағы сақтандыру шарттарын олар бойынша банктік шот арқылы жүзеге асырылатын сақтандыру сыйақысы және (немесе) сақтандыру төлемдерін қоспағанда, осы Заңның 5-бабының 7-тармағына және ішкі бақылау қағидаларына сәйкес тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдануды талап ететін тәуекел деңгейі берілген тұлға болып табылса, тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді тиісінше тексеру шеңберінде Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткіліксіз түрде орындайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар тұлғаларға қатысты:

      1) клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын жүргізу бойынша;

      2) қаржы мекемелерімен корреспонденттік қатынастарды қайта қарауға немесе қажеттігіне қарай бұзуға қосымша шаралар қолдануға міндетті.

      Осы баптың 6 және 8-тармағында көзделген клиентті тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қаржы мониторингі субъектілері Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткіліксіз түрде орындайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар тұлғамен іскерлік қатынастар орнатқан жағдайда қолданылмайды.";

      7) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Клиентпен іскерлік қатынастар орнатқан жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруі

      Қаржы мониторингі субъектілері, осы Заңның 5-бабының 3-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды клиенттермен іскерлік қатынастар орнатқанға дейін қолданады.";

      8) 7-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Төлем карточкаларын пайдалана отырып ақша төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ осы Заңның 5-бабы 3-1-тармағының
1) тармақшасының екінші, үшінші және алтыншы абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттердің нұсқаулары бойынша қолма-қол ақшасыз ақша төлемдері мен аударымдарын шетелдік қаржы мекемесінің пайдасына жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мыналарды:";

      9) 10-бапта:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті органға береді, онда қаржы мониторингі субъектісі туралы ақпарат, операция мен операцияға қатысушылар туралы мәліметтерді қоса алғанда және қажеттігіне қарай күдікті операцияны айқындау белгілері, қаржы мониторингіне жататын операция жөнінде қосымша ақпарат қамтылады.

      Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы және күдікті операцияны айқындау белгілері туралы мәліметтерді және ақпаратты беру тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауын өз құзыреті шегінде бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітеді.

      Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты қаржы мониторингі субъектілері құжаттай тіркейді және уәкілетті органға бөлінген байланыс арналары арқылы қазақ тілінде немесе орыс тілінде электрондық тәсілмен ұсынады.

      Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты мынадай мерзімдерде:

      осы Заңның 4-бабының 1-тармағы бойынша олар жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей;

      осы Заңның 4-бабының 3-тармағы бойынша осы Заңның 13-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімдерде;

      осы Заңның 4-бабының 5-тармағы бойынша клиенттің қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, сызбаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операциялары танылған және осындай танылу нәтижелері тіркелген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      3. Қаржы мониторингiне жататын операция туралы мәлiметтер мен ақпаратты:

      1) адвокаттар мен заң консультанттары егер бұл мәлiметтер мен ақпарат анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда жеке және заңды тұлғалардың атынан өкiлдiк ету және оларды қорғау мәселелерi бойынша заң көмегiн көрсетуге байланысты, сондай-ақ шешілуі кәсіптік заң білімін, талап арыздар, шағымдар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жазуды қажет ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер, кеңестер және жазбаша қорытындылар түріндегі заң көмегін көрсетуі кезінде алынған болса;

      2) нотариустар ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен байланысты емес нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асырған кезде, сондай-ақ шешілуі кәсіптік заң білімін талап ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер түрінде заң көмегін көрсетуі кезінде ұсынбайды.";

      3-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заңның 18-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында және 19-2-бабының 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісіне қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салу жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

      "3-2. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін ақшалай аударымдар жүйесі арқылы жүргізілген халықаралық ақшалай аударымдар бойынша қажетті ақпарат, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салуды уәкілетті органнан алған кезде Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақшалай аударымдар жүйесі операторымен жасалған шарт негізінде екінші деңгейдегі банктер мен операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар тиісті сұрау салуды алған сәттен бастап ақшалай аударымдар жүйесі операторынан мынадай мәліметтер мен ақпаратты сұратады:

      1) ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) не толық немесе қысқартылған атауларын (заңды тұлғалар үшін);

      2) ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) сәйкестендіру нөмірі (бар болса) туған жері, құжатының нөмірі және жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі (жеке тұлға үшін).

      Ақша аударымдары жүйелерінің операторлары жасалған шартқа сәйкес екінші деңгейдегі банкке және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тиісті сұрау салуды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қажетті ақпарат пен мәліметтерді беруге міндетті.";

      10) 11-бапта:

      3-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қаржы мониторингі субъектілерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасын;";

      3-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-2. Қаржы мониторингі субъектілері үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды:

      осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1), 2) (тауар биржаларын қоспағанда), 3)-5), 11) және 12) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері үшін уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 6), 9), 10) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері, сондай-ақ тауар биржалары үшін уәкілетті орган және тиісті мемлекеттік орган;

      осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 8), 13)-16) және 18) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері, сондай-ақ кредиттік серіктестіктер үшін уәкілетті орган;

      осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1), 2) (тауар биржаларын қоспағанда), 3)-5), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерін қоспағанда, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қызметін жүзеге асыратын қаржы мониторингі субъектілері үшін уәкілетті органмен келісу бойынша "Астана" халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті белгілейді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Клиенттің дерекнамасын, шот туралы мәліметтерін (банктер және шоттар ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдар үшін) және онымен хат-хабар алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтер қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентпен іскерлік қатынастарын тоқтатқан күннен бастап кемiнде бес жыл сақтауына жатады.

      Қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар және күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелері операция жасалғаннан кейін қаржы мониторингі субъектілерінің кемінде бес жыл сақтауына жатады.

      Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген құжаттар мен мәліметтер сома және валюта түрлерін қоса алғанда, клиенттің операцияларын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ақпаратты қамтуға тиіс.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды тиісті мемлекеттiк органдармен келiсу бойынша уәкiлеттi орган бекiтеді.";

      11) 11-1-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау Қазақстан Республикасында кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың қатерлері мен мүмкіндіктерін айқындау, кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі шараларды іске асырудағы кемшіліктерді анықтау мақсатында жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 3, 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруды үйлестіру және қолданылатын шаралардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ тәуекелдерді төмендетуге бағытталған шараларды іске асыру мақсатында уәкілетті орган Қылмыстық жолмен алынған қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрады.

      Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанында құрылады, оның құрамына Қазақстан Республикасының құқық қорғау мен арнаулы мемлекеттік органдары, сондай-ақ осы Заңға сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар кіреді.

      Қылмыстық жолмен алынған қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бекітеді.

      4. Қылмыстық жолмен алынған қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес тиісті мемлекеттік органдарға кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың тәуекелдерін төмендету бойынша ұсынымдарды жіберуге құқылы және осындай ұсынымдардың іске асырылуы нәтижелерін бағалайды.

      Қылмыстық жолмен алынған қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) шақыруларын қарайды және ФАТФ анықтаған тәуекелдерді төмендету жөніндегі шаралар туралы шешім қабылдайды.

      Уәкілетті орган ФАТФ анықтаған тәуекелдерді төмендету жөніндегі шаралар туралы шешімді қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізеді.

      5. Қылмыстық жолмен алынған қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі есепті қарайды және мақұлдайды, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі есептен жариялануға жататын ақпаратты айқындайды.

      Уәкілетті орган жариялануға жататын ақпаратты уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырады және тиісті мемлекеттік органдарға кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі есепті жібереді.

      6. Қаржы мониторингі субъектілері ішкі бақылау қағидаларының бағдарламаларын іске асыру кезінде кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау есебінің ақпаратын есепке алады.

      Қаржы мониторингі субъектілері:

      1) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалауға, айқындауға, құжаттық тіркеуге және жаңартуға;

      2) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару және кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендету жөніндегі бақылау шараларын, рәсімдерді әзірлеуге;

      3) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің дәрежесін ескере отырып, өз клиенттерін сыныптауға міндетті.";

      12) 12-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті орган терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасайды, ол уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады және оны тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық түрде жібереді.

      2. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау үшін:

      1) өз құзыреті шегінде құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін;

      2) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында және 5-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін;

      3) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында және 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін уәкілетті органға жібереді.

      Уәкілетті орган осы баптың 4-тармағының 7) тармақшасында және 5-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінен алған ақпарат негізінде жасайды.";

      4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болдырмауға қатысты қарарларына сәйкес ұйымға немесе жеке тұлғаға нысаналы қаржылық санкцияларды қолдану не Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және болдырмауға қатысты қарарлары негізінде құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттері жасайтын санкциялық тізбелерге ұйымды немесе жеке тұлғаны енгізу негіз болып табылады.";

      5-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен қылмыстық жазасын өтеген тұлғаны алып тастау туралы құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың оң қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасаған жеке тұлғалардың тізімі.

      Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен қылмыстық жазасын өтеген тұлғаны алып тастау туралы құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қорытындысын дайындау тәртібі құқық қорғау мен арнаулы мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның бірлескен нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болдырмауға қатысты қарарларына сәйкес ұйымға немесе жеке тұлғаға қолданылған нысаналы қаржылық санкциялардың күшін жою не Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болдырмауға қатысты қарарлары негізінде құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттері жасайтын санкциялық тізбелерден ұйымды немесе жеке тұлғаны алып тастау;";

      8-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) күнтізбелік ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен аспайтын мөлшерінде жалақы түрінде алынған;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлем түрінде алынған, сондай-ақ салықтар, коммуналдық және әлеуметтік төлемдер, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеуді жүргізуге;";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне осы баптың 4-тармағының 7) тармақшасында көзделген негіздер бойынша енгізілген жеке тұлға өзінің тыныс-тіршілігін, сондай-ақ өзімен бірге тұратын, дербес кіріс көздері жоқ өз отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органға ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың ішінара немесе толық күшін жою туралы жазбаша дәлелді өтінішпен жүгінуге құқылы.

      Уәкілетті орган бұл өтінішті Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетінің немесе терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың қарауын қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган дереу, бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Комитетінің немесе терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымның осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген өтінішті қанағаттандыру туралы шешімін алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей қаржы мониторингі субъектісін хабардар етеді.

      Уәкілетті орган өтініш берушіні Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Комитеті немесе терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар қабылдаған шешім туралы да хабардар етеді.";

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Уәкілетті органға шет мемлекеттің құзыретті органынан ұйымның немесе жеке тұлғаның террористік қызметке (оның ішінде терроризмді қаржыландыруға) ықтимал қатысы болуы туралы келіп түскен өтініш болған кезде, егер бұл ретте осы баптың 4-тармағында көзделген осындай ұйымдарды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізу үшін негіздер бар болса, уәкілетті орган террористік қызметке қатысы бар тұлғалардың тізімін қалыптастырады.

      Уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектілерінің ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шараларды қабылдауы үшін террористік қызметке қатысы бар тұлғалардың тізімін уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында күнтізбелік он бес күнге дейінгі мерзімде орналастырады.

      Уәкілетті орган террористік қызметке қатысы бар тұлғалардың тізімінен жеке тұлғаларды осы баптың 4-тармағына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізу жөнінде шаралар қабылдайды.";

      13) мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-баптармен толықтырылсын:

      "12-1-бап. Жаппай қырып-жою қаруын таратудың алдын алуға, кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты нысаналы қаржылық санкциялар

      1. Уәкілетті орган жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасайды, ол уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады және оны тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық түрде жібереді.

      2. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің жаппай қырып-жою қаруын таратудың алдын алуға, кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты қарарларына сәйкес оларға нысаналы қаржылық санкцияларды қолдану ұйымды немесе жеке тұлғаны жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізу үшін негіз болып табылады.

      3. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің жаппай қырып-жою қаруын таратудың алдын алуға, кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты қарарларына сәйкес нысаналы қаржылық санкциялардың күшін жою ұйымды немесе жеке тұлғаны жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінен алып тастау үшін негіз болып табылады.

      Уәкілетті орган ұйымды немесе жеке тұлғаны жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап дереу, бірақ бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында осындай шешімді орналастырады және оны тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жібереді.

      4. Жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне қате енгізілген не көрсетілген тізбеден алып тастауға жататын, бірақ көрсетілген тізбеден алып тасталмаған ұйымдар мен жеке тұлғалар уәкілетті органға оларды көрсетілген тізбеден алып тастау туралы жазбаша дәлелді өтінішпен жүгінеді.

      Уәкілетті орган ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастау туралы өтінішті "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде қарайды және мынадай:

      1) ұйымды немесе жеке тұлғаны көрсетілген тізбеден алып тастау туралы;

      2) бас тартудың уәжді негізін ұсына отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелді шешімдердің бірін қабылдайды.

      Уәкілетті органның шешіміне өтініш беруші сот тәртібімен шағым жасауы мүмкін.

      5. Осы баптың 2-тармағының негізінде жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлға өзінің тыныс-тіршілігін, сондай-ақ онымен бірге тұратын, дербес табыс көздері жоқ өз отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органға ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың ішінара немесе толық күшін жою туралы жазбаша уәжді өтінішпен жүгінуге құқылы.

      Уәкілетті орган бұл өтінішті Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетінің қарауын қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган дереу, бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Комитетінің осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген өтінішті қанағаттандыру туралы шешімін алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей қаржы мониторингі субъектісін хабардар етеді.

      Уәкілетті орган сондай-ақ өтініш берушіні Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Комитеті қабылдаған шешім туралы хабардар етеді.

      6. Егер операциялар тараптарының ең болмағанда біреуі жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлға болып табылса және операциялар мұндай тұлғалар жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілгенге дейін жасалған шарттар шеңберінде жүзеге асырылса, қаржы мониторингі субъектілері мұндай операциялар туралы (ақша қаражатын есепке алу жөніндегі операцияларды қоспағанда) уәкілетті органға дереу хабарлайды.

      Уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген хабарламаны алғаннан кейін оны алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде операция жүргізуді 15 жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.

      Қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті орган операция жүргізуді тоқтата тұру туралы шешім шығарғанға дейін осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес хабарлама берілген ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізбейді.

      Операция жүргізуді тоқтата тұру туралы шешім операция туралы хабарламаны ұсынған қаржы мониторингі субъектісіне электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште жеткізіледі.

      Қаржы мониторингі субъектісі ақпарат хабарланған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде уәкілетті органның операция жүргізуді тоқтата тұру туралы шешімін алмаған жағдайда, егер осы операцияны жүргізуге кедергі келтіретін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге негіздер болмаса, операция жүргізілуге тиіс.

      Уәкілетті орган операция жүргізуді тоқтата тұру туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде операция жүргізу не операция жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізеді.

      Уәкілетті органның шешімі бойынша операция жүргізуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін операция Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген, осындай операцияны жүргізуге кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаған кезде жүргізілуге тиіс.

      Операция жүргізу туралы шешім мынадай талаптар сақталған кезде:

      1) шарт Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 1737 (2006) қарарының 3, 4 және 6-тармақтарында аталған кез келген тыйым салынған заттармен, материалдармен, жабдықпен, тауарлармен, технологиялармен, көмекпен, оқытумен, қаржылық қолдаумен, инвестициялаумен, брокерлік қызметпен немесе көрсетілетін қызметтермен байланысты емес;

      2) төлем Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 1737 (2006) қарарына және оның дамуына қабылданған басқа да қарарларға сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Жиынтық санкциялық тізбесіне енгізілген жеке немесе заңды тұлға тікелей немесе жанама алмаған жағдайда қабылдануы мүмкін.

      Уәкілетті орган операция жүргізу туралы шешім қабылдағаннан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетіне операция жүргізуге рұқсат беру ниеті туралы дереу хабарлама жібереді.

      7. Уәкілетті орган қолданыстағы заңнамаға сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетін жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткені туралы хабардар етеді.

      12-2-бап. Ұйымдарды террористік әрекет мақсатында пайдаланудан қорғау жөніндегі шаралар

      1. Қайырымдылық ұйымдары, сондай-ақ ерікті қаржылық және басқа да қайырмалдықтарға жүгінетін діни бірлестіктер олардың әрекеті терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланылмайтындай сәйкес шараларды қабылдайды, сондай-ақ:

      1) үшінші тұлғалардың өтініші бойынша не реттеуге және қадағалауға жататын ұйымдар арқылы өз бастамасы бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүзеге асыруға;

      2) сұрау салу бойынша уәкілетті органға ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жүргізілген операциялар туралы қаржылық есептілікті және анықталған тәуекелдер туралы ақпаратты беруге;

      3) ақшамен және (немесе) міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын өзге мүлікпен жүргізілген операциялар, сондай-ақ басшы және бақылау органдарының мүшелері туралы ақпаратты кемінде бес жыл сақтауға міндетті.

      2. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдарда террористік әрекетті қаржыландыруда оның пайдаланылғаны туралы күдік болған жағдайда осы коммерциялық емес ұйым тиісті ақпаратты уәкілетті органға жібереді.";

      14) 13-бапта:

      1-1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Қаржы мониторингі субъектілері террористік әрекетке қатысы бар адамдар тізімі, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың және терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне ұйымның немесе жеке тұлғаның енгізілгені туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей (осы Заңның 12-бабы 8-тармағында және 12-1-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда) ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде мынадай шараларды дереу қолдануға:

      осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның банк шоттары бойынша, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға (банк шоттарына қызмет көрсетумен байланысты операцияларды қоспағанда);

      осындай жеке тұлғаның банк шотын пайдаланбай ақша төлемі немесе аударымы бойынша нұсқауларды, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің нұсқауларын орындауды тоқтата тұруға;

      бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінің жүйесіндегі және осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның жеке шоттарында, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің жеке шоттарында номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды бұғаттауға;

      сақтандыру төлемі мен сыйлықақысын жүзеге асыру бойынша, сақтандырушы сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда сақтандыру сыйлықақысын және сақтандырушы брокерлік қызмет көрсету туралы шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда сыйақыны қайтару бойынша операцияларды жүргізуден бас тартуға (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға, туристерді міндетті сақтандыруға байланысты операцияларды қоспағанда);

      осындай ұйым немесе жеке тұлға не олардың пайдасына, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент не оның пайдасына жасалатын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен өзге де операцияларды жүргізуден бас тартуға (осындай тұлғаға банк шотына ақша аударуды, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қоспағанда) міндетті.

      Осы тармақта көзделген ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар тұлға терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілгенге дейін қаржы мониторингі субъектісімен жасалған шарттар бойынша мынадай операцияларға қатысты қолданылмайды:

      1) банктік салым мерзімдерін ұзарту;

      2) банктік қарыз, микрокредит немесе лизинг шарты бойынша осы Заңның 12-бабында көзделген тізімдерге, тізбеге енгізілген тұлғаның міндеттемелерін өтеу есебіне банктік шоттан ақшаны есептен шығару.

      Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі және жеке шоттар бойынша номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді, сондай-ақ осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операцияларын қаржы мониторингі субъектілері сот шешімі, мемлекеттік кірістер органдарының инкассолық өкімдері, мемлекеттік кірістер органының иелік ету шектелген мүліктен өндіріп алу туралы қаулылары негізінде, сондай-ақ ұйым немесе жеке тұлға осы Заңда көзделген тәртіппен жоғарыда көрсетілген тізбеден шығарылғаннан кейін жүзеге асыруы мүмкін.

      2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру фактілерінің алдын алу және жолын кесу мақсатында қаржы мониторингі субъектілері операция күдікті ретінде танылған кезде уәкілетті органға осындай операция туралы ол жүргізілгенге дейін дереу хабарлауға міндетті.

      Қаржы мониторингі субъектілері оларды жүргізгенге дейін күдікті деп танылмаған ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған операциялар туралы хабарламаларды операция күдікті деп танылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей уәкілетті органға береді.

      Бұл ретте операциялар жасалған уақыттың және осындай операция күдікті деп танылған уақыттың арасындағы айырмашылық қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес клиенттің операцияларын зерделеу жиілігін айқындайтын уақыт аралығынан аспауға тиіс.

      Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке немесе заңды тұлғаға іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілері туралы, сондай-ақ осы Заңның осы бабының 1-1-тармағында көзделген, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар туралы хабарларды қаржы мониторингі субъектісі тиісті шешім қабылдаған (әрекет жасаған) күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен қазақ орыс тілдерінде береді.";

      5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардан осы баптың 5-тармағына сәйкес берілген, аталған операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп пайымдауға негіздер бар күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттілігі туралы шешім алынған жағдайда, уәкілетті орган осындай операцияның қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын немесе электрондық ақшамен жасалатын операцияларын күнтізбелік он бес күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім шығарады.

      Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға бағытталған деп пайымдауға негіздер бар операциялардың қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын немесе электрондық ақшамен жасалатын операцияларын тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізіледі.

      Уәкілетті орган банк шоттары бойынша шығыс операцияларының немесе электрондық ақшамен жасалатын операциялардың тоқтатыла тұруы туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және осы шешімді берген құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға хабарлайды.";

      15) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын бақылау

      Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар туралы мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау, ақпарат беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде шаралар қолдану, қаржы мониторингіне жататын операцияларды жүргізуді тоқтата тұру және одан бас тарту, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын әзірлеу және қабылдау, оның ішінде дайындау және оқыту бағдарламаларын орындау бөлігінде орындауын бақылауды тиісті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.";

      16) 16-бапта:

      5) және 5-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) осы Заңның 13-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес күдікті операцияларды жүргізуді тоқтата тұру туралы шешім қабылданған кезде құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға жіберу үшін олардың құзыретіне сәйкес шешім қабылдауға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ақпарат береді;

      5-1) жеке және заңды тұлғалардың қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландыруға байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде, олардың құзыретіне сәйкес құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға ақпарат жібереді және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар етеді.

      Тиісті құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар жіберілген ақпарат бойынша тиісті шешім қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жібереді;";

      13-тармақша алып тасталсын;

      13-1), 13-2) және 13-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін есепке алуды жүзеге асырады;

      13-2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;

      13-3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды жүргізу және кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды іске асыру бойынша жұмысты үйлестіреді;";

      мынадай мазмұндағы 13-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-5) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің, сондай-ақ бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдардың және кәсіби бухгалтерлердің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;";

      17) 17-баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзылғаны немесе бұзылу белгілерінің бар екендігі туралы хабарламаны тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге;

      7) құқық қорғау органдарымен және арнаулы мемлекеттік органдармен бірлесіп қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты мәліметтер мен ақпарат алмасу және оларды беру бойынша өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындауға;";

      18) 18-бапта:

      1-тармақтың 4) тармақшасындағы "міндетті" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу кезінде кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау нәтижелерін ескеруге міндетті.";

      2-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) ұйымның немесе жеке тұлғаның жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне және терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілгені туралы ақпаратты алған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар қолдануға;";

      19) 19-бап алып тасталсын;     

      20) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын.

      "3-1-тарау. Халықаралық ынтымақтастық

      19-1-бап. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық

      1. Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен шет мемлекеттердің тиісті органдары арасындағы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты іс-әрекеттердің алдын алу, анықтау, жолын кесу және тергеп-тексеру, сондай-ақ көрсетілген кірістерді тәркілеу саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен жүзеге асырылады.

      2. Уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының және шет мемлекеттің тиісті органдарының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ көрсетілген кірістерді тәркілеу саласындағы халықаралық ынтымақтастығы сұрау салу және ақпарат алмасу арқылы өзара түсіністік қағидаттарымен жүзеге асырылуы мүмкін.

      3. Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында шет мемлекеттердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасауға жауапты тиісті органдарынан ақпарат, мәліметтер мен құжаттар сұратуға құқылы.

      Уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары сұрау салу бойынша алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салуда көрсетілген мақсатта ғана пайдалануға құқылы.

      4. Уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасауға жауапты тиісті органдарынан сұратып алынған ақпаратты, мәліметтер пен құжаттарды олардың алдын ала келісімінсіз, шет мемлекеттің тиісті органдары белгілеген шарттар мен шектеулерді бұза отырып үшінші тарапқа беруге немесе пайдалануға құқылы емес.

      5. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру олар сұрау салуда көрсетілмеген мақсаттарда пайдаланылмайтын не уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының алдын ала келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейтін жағдайда шет мемлекеттің тиісті органдарының сұрау салуы бойынша жүзеге асырылады.

      19-2-бап. Уәкілетті органның шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен халықаралық ынтымақтастығы

      1. Уәкілетті органның шет мемлекеттің құзыретті органымен халықаралық ынтымақтастығы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және басқа да байланысты қылмыстарға қатысы бар жеке және заңды тұлғаларды және бенефициарлық меншік иелерін, осындай тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларын анықтау, сондай-ақ тоқтатып қою мақсатында осындай тұлғалардың ақшасын және (немесе) мүлкін іздестіру мақсатында жүзеге асырылады.

      2. Уәкілетті орган осы Заңға сәйкес алынған ақпаратқа талдау жүргізу кезінде, қажет болған жағдайда, шет мемлекеттің құзыретті органдарынан ақпарат, мәліметтер мен құжаттар сұратады.

      3. Осы Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес алынған құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың сұрау салуын орындау мақсатында уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органдарынан ақпарат, мәліметтер мен құжаттар сұратады.

      4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органының өтініші негізінде шет мемлекеттердің құзыретті органдарына ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды іздестіру және тоқтатып қою туралы сұрау салуды жібереді.

      Уәкілетті органның ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою туралы сұрау салуын қанағаттандыру туралы шет мемлекеттің құзыретті органының жауабы алынған жағдайда, уәкілетті орган тиісті құқық қорғау органын немесе арнаулы мемлекеттік органды және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын дереу хабардар етеді.

      5. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуларын орындаудың басымдығын белгілей алады.

      Шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ сұрау салу алынғаннан кейін 30 жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады.

      6. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда:

      1) егер ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беру адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қозғаса және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне нұқсан келтіретін болса;

      2) егер ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беру Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісін жүргізу барысына ықпал ететін болса;

      3) егер уәкілетті орган сұрау салуда келтірілген ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беру қажеттілігінің фактілері мен мән-жайлары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға күдік тудыруға жеткіліксіз деп есептесе;

      4) егер уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органы берілетін ақпараттың, мәліметтер мен құжаттардың қорғалуын қамтамасыз ете алмайды деп есептесе, шет мемлекеттің құзыретті органдарының сұрау салуын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

      Уәкілетті орган бас тарту негіздерін көрсете отырып, шет мемлекеттің сұрау салушы құзыретті органын бас тарту туралы хабардар етеді.

      7. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органдарына берілетін ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды пайдалануға қосымша шарттар мен шектеулер белгілеуге құқылы.

      8. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде келісімдер жасасуға құқылы.

      19-3-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының халықаралық ынтымақтастығы

      1. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің тиісті бақылаушы (қадағалау) органдарымен халықаралық ынтымақтастығы мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беруге жатпайтын ақпарат пен құжаттарды қоспағанда, осы баптың 2-тармағына сәйкес сұрау салу бойынша немесе дербес кез келген ақпаратты немесе құжаттарды алу және жіберу;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеткілікті негіздер болған кезде қаржы мониторингі субъектілерінің қызметін реттеу және бақылау саласында тәжірибе және ақпарат алмасу;

      3) халықаралық сұрау салу негізінде қаржы мониторингі субъектілерінің қызметіне бақылау іс-шараларын жүргізу;

      4) шет мемлекеттердің тиісті органдарының Қазақстан Республикасының аумағында өз қаржы мониторингі субъектілерінің қызметіне бақылау іс-шараларын жүргізуіне жәрдем көрсету, сондай-ақ қатысу нысандарында жүзеге асырылады.

      2. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің бақылаушы (қадағалау) органдарымен халықаралық ынтымақтастығы ақпараттың мынадай түрлерімен:

      1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын іске асыруға байланысты бақылау саласындағы ақпарат;

      2) қаржы мониторингі субъектілері туралы (қызметі, іскерлік беделі, басқару құрылымы, бенефициарлық иелері, кәсіби жарамдылығы және адалдығы туралы) ақпарат;

      3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау бағдарламалары, қаржы мониторингі субъектілерінің саясаты мен рәсімдері туралы ақпарат;

      4) бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат;

      5) клиенттерді тиісінше тексеру нәтижелері туралы, банктік және өзге шоттар немесе іскерлік қатынастар туралы және операциялар (мәмілелер) туралы ақпарат алмасу арқылы жүзеге асырылады.

      19-4-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті іздестіру және қайтару саласындағы халықаралық ынтымақтастығы

      1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мүлікті іздестіру, тыйым салу және тәркілеу мақсатында шет мемлекеттердің тиісті органдарымен ақпарат алмасуды жүргізуді қоса алғанда, жедел-іздестіру қызметі, тергеу, сот талқылауы және сот актісін орындау сатыларында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының өз өкілеттіктері шеңберінде және қылмыстық-процестік заңнамада көзделген шектерде шет мемлекеттердің тиісті органдарымен халықаралық ынтымақтастығы мынадай:

      1) ақпарат қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ мүлікті іздестіру, тыйым салу және тәркілеу мақсатында Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының иелігіндегі немесе оларға қолжетімді ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрату және алу;

      2) мүлікті іздестіру, тыйым салу және тәркілеу, қылмыстық кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) анықтап, тергеу және терроризмді қаржыландыру, сондай-ақ осы қылмыстық іс-әрекеттерге қатысы бар жеке немесе заңды тұлғаларды анықтау мәселелері бойынша жәрдем көрсету;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің тиісті органының атынан және сұрау салуы бойынша анықтауды жүзеге асыру және ақпарат алу үшін тергеу әрекеттерін жүргізу;

      4) мүлікті іздестіру, тыйым салу және тәркілеу мақсатында бірлескен халықаралық тергеу жүргізу үшін тергеу топтарын, сондай-ақ ведомствоаралық жұмыс топтарын құру нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін.

      3. Ақпаратты жинау, тергеу, сот талқылауы және сот актісін орындау сатыларында өзара құқықтық көмек, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты қылмыстық істер бойынша адамдарды беру (экстрадициялау) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және халықаралық шарттарына сәйкес немесе екі жаққа да ортақ қағидаттармен жүзеге асырылады.

      4. Қаражатты тәркілеу Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, қылмыстық-атқару заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот актісі негізінде жүзеге асырылады.

      5. Тәркілеу туралы халықаралық сұрау салу келіп түскен кезде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары өз құзыреті шеңберінде:

      1) қылмыстық кірістерді, қылмыс құралдарын;

      2) қылмыстық кірістер аударылған немесе өзгертілген қаражатты немесе өзге де мүлікті;

      3) егер кірістер аралас болса, аралас кірістердің белгілі бір құны мөлшерінде осындай қаражатпен немесе өзге де мүлікпен араласса, заңды көздерден сатып алынған қаражатты немесе өзге де мүлікті;

      4) қылмыстық кірістер аударылған немесе өзгертілген кірістерден, қаражаттан немесе өзге де мүліктен немесе аралас кірістердің белгілі бір құны мөлшерінде және кірістердің өзі сияқты дәрежеде қылмыстық кірістер араласатын қаражаттан немесе өзге де мүліктен алынған пайданы немесе өзге де пайданы;

      5) террористік әрекетті қаржыландыруға пайдаланылған немесе арналған қаражатты іздестіруді, оған тыйым салуды қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолданады.

      5. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары тәркілеуді қамтамасыз ету шараларының күшін жою мүмкіндігі туралы халықаралық сұрау салуды жіберген шет мемлекеттердің құзыретті органдарын алдын ала хабардар етеді.

      6. Осы баптың 4-тармағында айқындалған, Қазақстан Республикасының аумағындағы қылмыстық кірістерді, қылмыс құралдарын, қаражатты немесе өзге де мүлікті, алынған пайданы және өзге де пайданы тәркілеу жөніндегі шешімді, сот актісін орындау туралы халықаралық сұрау салуды алған Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары тәркілеуді Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына, қылмыстық-атқару заңнамасына және халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырады.

      7. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар уәкілетті органнан шет мемлекеттің құзыретті органының ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды тоқтатып қою туралы сұрау салуды қанағаттандырғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тыйым салынған мүлікпен процестік әрекеттер жүргізу туралы халықаралық сұрау салуды Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен жібереді.

      8. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органнан, уәкілетті органнан қажетті құжаттар болған кезде шет елдердегі қаражатты тәркілеуді жүзеге асыру туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен мүлікті тәркілеуді жүзеге асыру туралы халықаралық сұрау салуды шет мемлекеттің тиісті органдарына жібереді.

      9. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі шетелдік соттарға Қазақстан Республикасынан шығарылған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке құқықтық мәртебе немесе меншік құқығын белгілеу туралы азаматтық талап қоюларды беру бойынша жұмыс жүргізеді.

      10. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақстан Республикасынан шығарылған ақша есебінен шет мемлекеттің аумағында сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлікке меншік құқықтарын шет мемлекеттің сот актісі бойынша Қазақстан Республикасына белгілеу туралы өтінішхаты негізінде белгіленген тәртіппен қаражатты қайтару туралы халықаралық сұрау салу жібереді және қаражатты қайтару мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға жауапты лауазымды адамдарды тағайындайды.

      11. Мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне кез келген валютада ақшалай қаражат түрінде қайтарылады.

      12. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары, егер Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттің тиісті мемлекеттік органдары өзгеше уағдаласпаса, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті іздестіру, тыйым салу, тәркілеу және қайтару барысында мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлік субъектілері шеккен ақылға қонымды шығыстарды шегере алады.

      13. Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдары, Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттар жасаса алады және әрбір нақты жағдайда тәркілеу нәтижесінде алынған ақшаны немесе өзге де мүлікті не тәркіленген мүлікті сатудан түскен ақшаны бөлу туралы уағдаласуы мүмкін.".

      13. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж. № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      45-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) әуе кемесінің меншік иесі немесе пайдаланушысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлға болып табылмаған;".

      14. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16 құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат;
№ 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) 14-бап мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "24-1) республикалық меншікке айналдырылған (түскен) тәркіленген мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша деректер базасын жүргізеді;";

      2) 18-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) аудандық коммуналдық мүлікке айналдырылған (түскен) тәркіленген мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша деректер базасын жүргізеді;";

      3) 22-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Республикалық меншікке және аудандық коммуналдық мүлікке айналдырылған (түскен) тәркіленген мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорға енгізілген мүлік Тәркіленген мемлекеттік мүлік қорын құрайды.".

      15. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) 6-бапта:

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен мекемелерін, арнаулы мемлекеттік органдардың объектілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін объектілерді қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін және олардың басшыларының "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауын бақылауға;";

      мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "28-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің, арнаулы мемлекеттік органдар объектілерінің паспорттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін объектілердің паспорттарын қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу паспорттарын келісуге, есепке алуды жүргізуге, сақтауға және (немесе) жоюға;";

      2) 10-тармақтың 13) тармақшасы алып тасталсын:

      3) 11-бапта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен мекемелерін, арнаулы мемлекеттік органдардың объектілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін объектілерді қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне бақылауды ұйымдастырады;";

      24) тармақшаның тоғызыншы абзацы алып тасталсын;

      25) тармақшаның отыз бірінші абзацындағы "үлгілерін әзірлейді және бекітеді;" деген сөздер "үлгілерін;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "террористік тұрғыдан осал ішкі істер органдары объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;".

      16. "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентің Жаршысы, 2016 ж., № 8-І, 64-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 24, 115-құжат):

      23-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының жетінші абзацындағы "ұйымдастыруды жүзеге асыруға;" деген сөздер "ұйымдастыруды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағында көзделген ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жүргізу мақсатында терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаның банктік шотын ашуды және жүргізуді жүзеге асыруға;".

      17. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15,
47-құжат):

      1) 5-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Шетелдік төлем жүйесіне оның (олардың) негізінде қатысу жүзеге асырылатын шартта (шарттарда) банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақша төлемдері және (немесе) аударымдары бойынша бенефициар мен жөнелтуші туралы мәліметтер мен ақпаратты алу тәртібі көзделуге тиіс.";

      2) 44-бап мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:

      "9. Уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тиісті шешімдері негізінде электрондық ақшамен жасалатын операцияларды, шығыс операцияларын тоқтата тұру, сондай-ақ мүлікке билік етуді уақытша шектеу туралы актілер негізінде электрондық ақшаға билік етуді уақытша шектеу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.

      Электрондық ақшамен жасалатын операциялар уәкілетті мемлекеттік орган немесе лауазымды адам банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімді, мүлікке билік етуді уақытша шектеу туралы актіні кері қайтарып алғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен қайта басталады.

      10. Электрондық ақшаның иелері және оларға тиесілі сомалар туралы мәліметтерді, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдаланып жасалған операциялар туралы мәліметтерді тұлғаларға электрондық ақшаның эмитенті не электрондық ақша жүйесінің операторы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабында көзделген негіздер бойынша және шектерде береді.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 15-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады