"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 567 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 597-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiнде:

      "1. Қазақстан Республикасы қалаларының әуежайларында халықаралық авиатасымалдар үшін ашық өткізу пункттері" деген бөлімде:

      мына:

      "

Астана

Астана қаласы

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Астана

Нұр-Сұлтан қаласы

  ";

      "4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттері" деген бөлімде:

      6) тармақшада:

      8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Қызыл Жар

Нұр-Сұлтан қаласы

Екатеринбург – Алматы, 1281 км

  ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады