Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 және "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2013 жылғы 28 тамыздағы № 874 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 614 қаулысы.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың:

      1) "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 19-құжат);

      2) "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 874 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 51, 713-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады