Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 681 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Шелек орман шаруашылығы", "Ұйғыр орман шаруашылығы" және "Жаркент орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің орман қоры жерлері санатынан жалпы ауданы 44,8088 гектар жер учаскелері өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Алматы облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерiнің "Қазақстан-Қытай" магистральдық газ құбырының "А", "В" желілеріне қызмет көрсету үшін "Азиялық Газқұбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Серіктестік (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі көрсетілген мекемелердің баланстарына бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 681 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы ауданы,
гектар

орман
көмкерген

орман көмкермеген
оның ішінде:

алаңқайлар

жайылымдар

сортаң

1

2

3

4

5

6

"Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Шелек орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

23,2289

-

22,6476

0,5813

-

"Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ұйғыр орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1,2959

0,5828

-

0,2947

0,4184

"Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жаркент орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

20,284

-

-

20,284

-

Барлығы:

44,8088

0,5828

22,6476

21,16

0,4184


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады