Байланыс формасы

"Сейсмология институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қазандағы № 748 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-тармағының 13) тармақшасына, "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Цифрлық техника және технологиялар" акционерлік қоғамының "Сейсмология институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – "Сейсмология институты" ЖШС) қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын және "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – "СТӘЭ" ЖШС) қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;

      2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне "Сейсмология институты" ЖШС және "СТӘЭ" ЖШС мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығын беруді қамтамасыз етсін.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 10 қазандағы
№ 748 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Алматы қаласы" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 123-153, 123-154-жолдармен толықтырылсын:

      "123-153. "Сейсмология институты" ЖШС

      123-154. "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС".".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 222-39-9, 222-39-10-жолдармен толықтырылсын:

      "222-39-9. "Сейсмология институты" ЖШС

      222-39-10. "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС".

      3. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi:

      мынадай мазмұндағы 4-бөлікпен толықтырылсын:

      "4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

      30. Сейсмология институты

      31. Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы".

      4. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 35, 36-жолдармен толықтырылсын:

      "35. "Сейсмология институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      36. "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады