Байланыс формасы

"2009 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 735 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 761 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2009 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 735 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаевқа 2009 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады