"1999 жылғы 30 қарашадағы Дүниежүзілік сауда ұйымы құқығы жөніндегі консультативтік орталық құру туралы келісімге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 787 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "1999 жылғы 30 қарашадағы Дүниежүзілік сауда ұйымы құқығы жөніндегі консультативтік орталық құру туралы келісімге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

1999 жылғы 30 қарашадағы Дүниежүзілік сауда ұйымының құқығы жөніндегі консультативтік орталық құру туралы келісімге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған 1999 жылғы 30 қарашадағы Дүниежүзілік сауда ұйымының құқығы жөніндегі консультативтік орталық құру туралы келісімге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Жанар Сейдахметқызы Айтжановаға 1999 жылғы 30 қарашадағы Дүниежүзілік сауда ұйымының құқығы жөніндегі консультативтік орталық құру туралы келісімге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы
№ Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
 
  Жоба

Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттама

      ДСҰ құқығы жөніндегі консультативтік орталық құру туралы келісімнің (бұдан әрі ДҚКО құру туралы келісім деп аталады) 16-бабына сәйкес берілген Бас Ассамблеяның мақұлдауына сәйкес ДСҰ құқығы жөніндегі консультативтік орталық (бұдан әрі – ДҚКО) пен Қазақстан Республикасы мыналар туралы уағдаласты:

I бөлім – Жалпы ережелер

      1. Осы Хаттама күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы ДҚКО құру туралы келісімге қосылады және ДҚКО мүшесі болады.

      2.Осы Хаттама күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының ДҚКО құру туралы келісімнің 6-бабының 1-тармағына және ДҚКО Бас Ассамблеясы қабылдайтын қағидаларға сәйкес ДҚКО көрсететін қызметтерді алуға құқығы бар.

      3. Қазақстан Республикасы ДҚКО құру туралы келісімнің II және IV Қосымшаларының мақсаттары үшін ДҚКО-ның "B санатындағы" мүшесі болып саналады.

      4. Қазақстан Республикасы CHF162000 (швейцария франкі) мөлшеріндегі жарнаны ДҚКО сый тарту қорына енгізеді, ол осы Хаттама күшіне енгеннен кейін үшінші айдың соңынан кешіктірмей толық көлемде төлеуге жатады.

      5. Қазақстан Республикасы осы Хаттама күшіне енген күнге дейін күшіне енуі мүмкін құқықтық құралдармен енгізілген нақтылаулар, түзетулер немесе басқа да өзгерістермен бірге ДҚКО құру туралы келісімге қосылады.

II бөлім -  Қорытынды ережелер

      6. Осы Хаттама қол қою арқылы қабылдау үшін ашық және ДҚКО Бас Ассамблеясы бекіткеннен кейін үшінші айдың соңынан кешіктірілмей Қазақстан Республикасында бекітілуге жатады. Бекіту туралы құжат осы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін он екінші айдың соңынан кешіктірілмей сақтауға тапсырылады.

      7. Осы Хаттама ДҚКО Атқарушы директорына сақтауға тапсырылады.

      8. Осы Хаттама бекіту туралы құжатты Қазақстан Республикасы депозитарийге сақтауға берген күннен кейін отызыншы күні күшіне енеді.

      9. Осы Хаттама Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабының ережелеріне сәйкес тіркелуге жатады.

      __________ Женевада, Швейцария, ағылшын тілінде екі данада жасалды, жарамды екі нұсқасы бар.

      Қазақстан Республикасы үшін
консультативтік орталық үшін
ДСҰ-ның құқығы жөніндегі
      Ж.С. Айтжанова
Қазақстан Республикасының
Женева қаласындағы Біріккен
Ұлттар Ұйымының бөлімшесі
басқа да халықаралық ұйымдар
жанындағы тұрақты өкілі
Наил Майгер ДСҰ-ның құқығы жөніндегіконсультативтік орталықтыңмен атқарушы директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады