Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 899 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі облыстық және өңірлік инспектуралары мемлекеттік мекемелерін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Селекциялық жетістіктерді сынау және қорғау" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 ақпандағы № 204 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 899 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосылатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі облыстық және өңірлік инспектуралары мемлекеттік мекемелерінің тізбесі


Р/с

Заңды тұлғаның атауы

Орналасқан жері

1

2

3

1.

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігінің мемлекеттік мекемесінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Ақмола облыстық инспектурасы" мемлекеттік мекемесі

Көкшетау қаласы

2.

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Ақтөбе облыстық инспектурасы" мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе қаласы

3.

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігінің мемлекеттік мекемесі "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Алматы облыстық инспектурасы"

Алматы қаласы

4.

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық инспектурасы" мемлекеттік мекемесі

Өскемен қаласы

5.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Жамбыл облыстық инспектурасы" мемлекеттік мекемесі

Тараз қаласы

6.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық инспектурасы" мемлекеттік мекемесі

Орал қаласы

7.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Қарағанды облыстық инспектурасы" мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы

8.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік мекемесі "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Қостанай облыстық инспектурасы"

Қостанай қаласы

9.

Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Қызылорда облыстық инспектурасы мемлекеттік мекемесі

Қызылорда қаласы

10.

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігінің мемлекеттік мекемесі "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау инспектурасы"

Павлодар қаласы

11.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік мекемесі "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық инспектурасы"

Петропавл қаласы

12.

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облыстық инспектурасы" мемлекеттік мекемесі

Шымкент қаласы

13.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Тың аймақтық инспектурасы" мемлекеттік мекемесі

Нұр-Сұлтан қаласы

14.

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сұрыптау жөніндегі Оңтүстік-Шығыс аймақтық инспектурасы" мемлекеттік мекемесі

Талдықорған қаласы

15.

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің "Жетісу аймақтық шаруашылық дақылдарының сортын сынау инспектурасы" мемлекеттік мекемесі

Семей қаласы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады