Бизнеске, әсіресе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке өзін-өзі реттеуді және қоғамдық бақылауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 15 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 36-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған бизнеске, әсіресе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке өзін-өзі реттеуді және қоғамдық бақылауды дамыту жөніндегі шаралар кешені (бұдан әрі – Шаралар кешені) бекітілсін.

      2. Орталық мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері шаралар кешенін орындауға жауапты ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Шаралар кешенін іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;

      2) жартыжылдықтың соңғы айының 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне Шаралар кешенінің іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Шаралар кешенінің іске асырылу барысы туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 29 қаңтардағы
№ 15 қаулысымен
бекітілген

Бизнеске, әсіресе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке өзін-өзі реттеуді және қоғамдық бақылауды дамыту жөніндегі шаралар кешені

Р/с

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру көздері және жоспарлаған шығындар


1

2

3

4

5

Өзін-өзі реттеу институтын жетілдіру

1.

Дауларды шешудің тиімді жүйесін:
өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мүшелері мен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың арасында туындайтын дауларды сотқа дейін реттеуді енгізу;
тұтынушылардың өз мүшелеріне талап қоюы бойынша ерікті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның жауапкері ретінде тарту;
міндетті мүшелік ете отырып (қатысып) өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін тоқтата тұру және тоқтату туралы талап беруге реттеуші құзыретімен толықтыру арқылы құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2020 жылғы желтоқсан

ҰЭМ

талап етілмейді

2.

Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мүшелері болып табылатын субъектілерді тексеру графигінен алып тастау жолымен ерікті мүшелікке негізделген, өзін-өзі реттейтін ұйымдардан өз мүшелері қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы кепілдік бар болған кезде ерікті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеуді дамытуды ынталандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2020 жылғы желтоқсан

ҰЭМ

талап етілмейді

3.

Саланың өкілдерінің көпшілігі қосылған ерікті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың кодексін мемлекеттік "қорғау" рәсімін енгізу арқылы өзін-өзі реттеу институтының қолданылу салаларын кеңейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2020 жылғы желтоқсан

ҰЭМ

талап етілмейді

4.

Өзін-өзі реттейтін ұйымдарға:
мүліктік жауапкершілік нысандарының комбинациясына құқық беру;
өзін-өзі реттеу құжаттарын үш деңгейде келісуді жою (өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттары);
құқық қолдану практикасы барысында анықталған кемшіліктерді жою арқылы өзін-өзі реттейтін ұйымдар үшін белгіленген артық талаптар мен шектеулерді жою

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2020 жылғы желтоқсан

ҰЭМ

талап етілмейді

5.

Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың міндеттеріне тұтынушылардан келіп түскен шағымдар және оларды қарау нәтижелері туралы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етуді енгізу

Заң жобасы

2020 жылғы маусым

СИМ, ҰЭМ,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

6.

"Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесі базасында өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету

ҰЭМ бұйрығына өзгерістер енгізу

2020 жылғы желтоқсан

ҰЭМ,
ОМО

талап етілмейді

7.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы бұзу тұрғысынан тұтынушылардың шағымдары көп болатын кәсіпкерлік қызмет салаларының тізбесін қалыптастыру

қалыптастырыл
ған тізбе

2020 жылғы желтоқсан

СИМ, ОМО,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері жүзеге асыратын қоғамдық бақылауды күшейту жөніндегі іс-шаралар

8.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерге:
тұтынушылар үшін қолжетімді тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу орындарына бару;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын ескере отырып, тұтынушылар үшін қолжетімді тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу орындарына бару кезінде жасалатын іс-әрекеттерді фото-, аудио-, бейне тіркеуді қолдану;
тұтыну сауаттылығын және тұтынушылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндіктері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізу арқылы қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын беру

Заң жобасы

2020 жылғы маусым

СИМ, ҰЭМ,
"Атамекен"
ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

9.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында құрылатын қоғамдық бірлестіктерге ерекше мәртебе беру, сондай-ақ тұтынушылардың осындай қоғамдық бірлестіктерінің бірыңғай тізілімін енгізу мүмкіндігін қарау

шаралар әзірлеу

2020 жылғы
Маусым

СИМ, АҚДМ

талап етілмейді

10.

Тұтынушыларға кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау тұрғысынан тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің олардың тәуелсіз рейтингтерін жүзеге асыруының ұсынымдарын әзірлеу

тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарының рейтинг жүргізу әдістемесі

2020 жылғы маусым

СИМ, ОМО, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері

талап етілмейді

11.

Қоғамдық бірлестіктерімен және кәсіпкерлік субъектілермен бірлесіп АҚШ-тағы Better Business Bureau коммерциялық емес ұйымының қызметіне ұқсас үкіметтік емес ұйым құру жөнінде ұсыныстарды қарау және әзірлеу

жол картасы

2020 жылғы қыркүйек

СИМ

талап етілмейді

12.

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері жанынан тұтынушылардың мүдделерін білдіру және сараптамаларды жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысын болдырмау мәселесін пысықтай отырып, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасына сараптама жасау мүмкіндігін қарау

сараптамаларды
жүзеге асыру тетігін қоғамдық бірлестіктермен және мүдделі органдармен пысықтау

2020 жылғы маусым

СИМ, ДСМ

талап етілмейді

13.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерге халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі іс-шараларға әлеуметтік зерттеулер жүргізуге және халықтың әлеуметтік осал топтарына өз құқықтарын қорғауға өкілдік қызметтер көрсету жөнінде көрсетілетін қызметтерді өтеуге бюджет қаражатын бөлу мәселесін қарау

мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау тақырыбы бойынша жобалар

2020 жылғы маусым

СИМ, ОМО, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері

бөлінетін қаражат шеңберінде

14.

Қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің бизнес қызметіне мониторинг жүргізуде және бақылауда қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі бойынша олардың қатысуымен "дөңгелек үстел" өткізу

дөңгелек үстел қорытындысы бойынша пысықталған ұсынымдар

2020 жылғы ақпан

СИМ

талап етілмейді

15.

Кәсіпкерлік қызметтің өзін-өзі реттеу артықшылықтары туралы:
сапалы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алу, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасына және материалдық шығындарды өтеуге байланысты наразылықтарды сотқа дейін реттеу бөлігінде тұтынушыларға;
мемлекеттік ықпалды төмендету, іскерлік беделді арттыру, өзін-өзі тазарту, өзін-өзі бақылау тетіктерін дамыту бөлігінде кәсіпкерлік субъектілеріне ағарту жұмыстарын жүргізу

БАҚ-қа, дөңгелек үстелдерге, брифингтерге ақпараттық материалдар

үнемі

СИМ, ОМО, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

бөлінетін қаражат шеңберінде

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қоғамдық бақылауды дамыту жөніндегі іс-шаралар

16.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жүйелі проблемаларды талдау мен анықтау және оларды жою жөнінде ұсыныстар қалыптастыру:
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізуді, оның ішінде 2018 – 2019 жж. кезеңінде салынған әкімшілік жазаларды талдау

СИМ-ге ұсыныстар

2020 жылғы маусым

ДСМ, АШМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

17.

Тексеру нәтижелерінің актілеріне шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссиялардың құрамына кәсіби қоғамдастықтар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін енгізу

бұйрық

2020 жылғы наурыз

ДСМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

18.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 12-бабына сәйкес кәсіптік қауымдастықтардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін тексерулер мен профилактикалық бақылауға қатысуға тарту

тексеру актілері

жыл бойы

ДСМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді
 

19.

Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінің қызметін:
"Жеке медициналық кітапшаларды беру", "Өндірістік бақылау" процестерін автоматтандыру;
"Wipon" мобильдік қосымшасын енгізу (техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу);
"Қоғамдық тамақтандыру объектілердің тізілімі" ақпараттық жүйесінің пилоттық жобасын енгізу арқылы қашықтықтан бақылауды іске асыру

пайдалануға беру актісі

2020 жылғы
желтоқсан

ДСМ

талап етілмейді

20.

Ашық деректер порталында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында өнімнің қауіпсіздігіне жүргізілетін мониторинг нәтижелері туралы мәліметтерді өзектілендіру:
республикаға әкелінетін өнімдерді камералдық бақылау;
сауда желісінде өнімдерді іріктеу.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайтындағы деректерді өзектілендіру

үнемі

ДСМ

талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: 

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

      ОМО – орталық мемлекеттік органдар

      "Атамекен" ҰКП – Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады