"Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 169 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. "Саяси партиялар туралы" 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 6-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 22-1, 140-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1) 9-баптың 1-тармағының 8) тармақшасында "депутаттыққа және мемлекеттік билік органдары" деген сөздерге дейін "осы Заңның талаптары ескеріле отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 10-баптың 6-тармағында "қырық" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:

      "15-1-бап. Саяси партиядан депутаттыққа кандидаттарды ұсыну ерекшеліктері

      Саяси партия депутаттыққа кандидаттардың партиялық тізімдерін бекіту кезінде оларға кандидаттардың жалпы санының кемінде отыз проценті жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың және әйелдердің қатысуын қамтамасыз етеді.".

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады