"Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 176 қаулысы

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 4) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағын құру туралы ережеде:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "Qyzyljar" АЭА) осы Ережеге қосымшаға сәйкес шектерде Петропавл қаласының аумақтық шекарасының шегінде орналасқан.

      "Qyzyljar" АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 197,3 гектарды құрайды.";

      "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 176 қаулысына
қосымша
  "Qyzyljar"
арнайы экономикалық аймағы
туралы ережеге қосымша

"Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы шекараларының ЖОСПАРЫ

      "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "Qyzyljar" АЭА) Петропавл қаласының шекарасында "субаймақ" түріндегі 4 бос алаңда (№ 1 субаймақ – 15 га, № 2 субаймақ – 7,3 га, № 3 субаймақ – 160 га, № 4 субаймақ – 15 га) орналасқан. "Qyzyljar" АЭА жалпы ауданы – 197,3 га.




      "Qyzyljar" АЭА № 1 субаймағы

      Аумақ қаланың орталығында орналасқан, Парковая көшесі. Ауданы –15 га.



      "Qyzyljar" АЭА № 2 субаймағы

      Аумақ Береке шағын ауданы, Нефтепроводная көшесінде орналасқан. Ауданы – 7,3 га.



      "Qyzyljar" АЭА № 3 субаймағы

      Аумақ айналма жол ауданында орналасқан, Промышленная көшесі, ЖЭО 2. Ауданы – 160 га.




      "Qyzyljar" АЭА № 4 субаймағы

      Аумақ Шығыс шағын ауданы ауданында орналасқан. Ауданы – 15 га.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады