Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2020 жылға арналған тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 302 қаулысы.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 216-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2020 жылға арналған тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 18 мамырдағы
№ 302 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2020 жылға арналған тізбесі

      Ескерту. Тәзбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2020 № 706 қаулысымен.

Р/с
Жобаның атауы Жобаның жалпы құны (мың теңге) Іске асыру кезеңі (жылдар) Мемлекеттік кепілдіктің мөлшері Қарыз алушы Әлеуетті қарыз беруші

1

Ұзындығы 459 км "Ресей Федерациясы шекарасының шекарасы (Орскіге) – Ақтөбе – Атырау – Ресей Федерациясы шекарасының (Астраханьға)" ("Мақат – Ақтөбе" учаскесі) автомобиль жолын, оның ішінде 11-100 км "Ақтөбе – Қандыағаш" учаскесін реконструкциялау

72 756 652,7 мың теңге

2020 – 2022

64 025 854,4 мың теңгеге дейін

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

Азия Даму Банкі

2

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына мемлекеттік кепілдікпен Азия Даму Банкінің (АДБ) қарыз қаражаты есебінен алдын ала тұрғын үй қарыздарын беру (тұрғын үйді қаржыландыруда гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу жөніндегі жоба)

38000000 мың теңге

2020 -2030

38000000 мың теңге

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы

Азия Даму Банкі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады