Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 794 қаулысы

      2019 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Келісімге сәйкес қадағалап отыру тетігінің іске асырылуын үйлестіруді қамтамасыз етуші уәкілетті орган;

      2) Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитеті ұлттық қадағалап отыру жүйесіне енгізілетін мәліметтерді жинауды, есепке алуды, сақтауды және өңдеуді және (немесе) қадағалап отыру тетігін іске асыруды қамтамасыз етуші уәкілетті орган болып айқындалсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады