Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 935 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 935 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 417-1) және 417-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "417-1) жаңартылуға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне өтеусіз негізде беру жөнінде шешім қабылдау;

      417-2) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату туралы мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның шешімін келісу;".

      2. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 492-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары осы өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 865 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 497-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – мемлекеттік материалдық резерв саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ведомстволық бағынысты ұйымдар мен сақтау пункттері мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды ведомствомен жасасқан мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және сақтауға байланысты қызметтер көрсету шарты (бұдан әрі – сақтау шарты) негізінде жүзеге асырады.".

      4. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 12, 60-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) кәдеге жаратылған тауарлар – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын технологиялық өңдеуден кейін алынған тауарлар;";

      2-тармақтың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1) уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) –мемлекеттік материалдық резерв саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Кәдеге жаратылған тауарлар мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату қызметтерін беруші ұсынған бағалау туралы есепте көрсетілген баға бойынша ведомствоның бухгалтерлік есебінде көрсетіледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 630 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес кәдеге жаратылған тауарларды өткізу кезінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бухгалтерлік есеп жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға қаржылық есептілік ұсынылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Орны ауыстырылғандарын қоспағанда, сақтау пункттері мен ведомстволық бағынысты ұйымға салу кезінде материалдық құндылықтар есепке қойылады. Бұл ретте салу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салу актісі және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісі негізінде жүзеге асырылады.

      Актілер салу күні жасалады, оларға сақтау пункті мен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы, бас бухгалтері, материалдық жауапты адамы, жұмылдыру бөлімшесінің қызметкері (ұйымда жұмылдыру бөлімшесі бар болса) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қолымен немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды, мөрмен бекітіледі (болған жағдайда) және актілердің бір данасы 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке қою үшін ведомствоға жолданады.

      Актілерге материалдық құндылықтардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынақтар, сәйкестікті растау, сараптама нысандарындағы тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттар) қоса беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 9-1- тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Кәдеге жаратылған тауарлар сақтау пункттері мен ведомстволық бағынысты ұйымға кейіннен өткізу үшін қабылданған кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісі негізінде ведомствоның есебіне қойылады.

      Актілер кәдеге жаратылған тауарларды сақтау пункттері мен ведомстволық бағынысты ұйымға қабылдаған күні жасалады, сақтау пункті мен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы, бас бухгалтері, материалдық-жауапты адамы, жұмылдыру бөлімшесінің қызметкері (ұйымда жұмылдыру бөлімшесі бар болса) қол қояды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды, мөрмен бекітіледі (болған жағдайда) және актілердің бір данасы 5 (бес) жұмыс күні ішінде кәдеге жаратылған тауарларды есепке қою үшін ведомствоға жолданады.

      Актілерге кәдеге жаратылған тауарлардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынақтар, сәйкестікті растау, сараптама нысандарындағы тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттар) қоса беріледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ведомство осы Қағидалардың 9 немесе 9-1-тармағында көзделген актілерді қарайды және оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде материалдық құндылықтарды немесе кәдеге жаратылған тауарларды мемлекеттік резервке есепке қоюды жүзеге асырады не актілерді пысықтауға қайтарады.

      Актілер:

      1) актілер осы Қағидалардың 9 немесе 9-1-тармақтарында көрсетілген талаптарға және осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес келмеген;

      2) өшіріп тазартылған не қосып жазылған сөздер немесе оларда өзге де келісілмеген түзетулер, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсінуге мүмкіндік бермейтін түзетулері бар құжаттар болған;

      3) акт жеткізу шартына сәйкес келмеген (жеткізу шарты бар болған жағдайда) жағдайларда пысықтауға қайтарылады.

      Қайтарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтау пункттері және ведомстволық бағынысты ұйым ведомствоға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын немесе кәдеге жаратылған тауарларын есепке қою үшін пысықталған актілерді жолдайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жасалған тауарды жеткізу шартына сәйкес өнім берушілердің салуы кезінде ұсынылатын тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынақтар, сәйкестікті растау, сараптама нысандарында тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттары ведомстволық бағыныстағы ұйымның технологиялық бөлімінде немесе сақтау пункттерінің бухгалтерлік қызметінде сақталады.";

      15 және 15-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Шығарылған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары немесе өткізілген кәдеге жаратылған тауарлар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығару актісінің және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісінің негізінде есептен шығарылады.

      Актілер шығару күні жасалады, оларға сақтау пункті мен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы, бас бухгалтері, материалдық жауапты адамы, жұмылдыру бөлімшесінің қызметкері (ұйымда жұмылдыру бөлімшесі бар болса) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қолымен немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды, мөрмен бекітіледі (болған жағдайда) және актілердің бір данасы 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын немесе кәдеге жаратылған тауарларын есептен шығару үшін ведомствоға жолданады.

      15-1. Ведомство осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген актілерді қарайды және 5 (бес) жұмыс күні ішінде материалдық құндылықтарды немесе кәдеге жаратылған тауарларды есептен шығаруды жүзеге асырады не актілерді пысықтауға қайтарады.

      Актілер:

      1) акт осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген талаптарға және осы Қағидаларға 1 және/немесе 2-қосымшаларға сәйкес келмеген;

      2) өшіріп тазартылған не қосып жазылған сөздер немесе оларда өзге де келісілмеген түзетулер, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсінуге мүмкіндік бермейтін түзетулері бар құжаттар болған;

      3) акт мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару нарядына сәйкес келмеген жағдайларда пысықтауға қайтарылады.

      Қайтарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтау пункттері және ведомстволық бағынысты ұйым ведомствоға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын немесе кәдеге жаратылған тауарларын есептен шығару үшін пысықталған актілерді жолдайды.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Мемлекеттік резервтің жоюға немесе кәдеге жаратуға жататын материалдық құндылықтары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 859 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларына сәйкес жасалатын жою немесе кәдеге жарату актісінің негізінде есептен шығарылады.";

      20, 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне өтеусіз беру кезінде мемлекеттік резервтің жаңартылуға жататын және броньнан шығарылған материалдық құндылықтары номенклатура өзгерген кезде нарядты орындау актісіне, қабылдау-тапсыру актісіне және салу, шығару актісіне сәйкес есептен шығарылады.

      21. Салу кезінде есепке алынған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары ведомствоның теңгеріміне алынады.

      Есепке алынған кәдеге жаратылған тауарлар кейіннен өткізу үшін ведомствоның теңгеріміне қабылданады.

      22. Мынадай:

      1) шығару (броньнан шығару, жаңарту, қарызға беру, сараптама жүргізу);

      2) мұнай және мұнай өнімдері жетіспеушіліктерін табиғи кему нормалары шегінде есептен шығару;

      3) дебиторлық берешекті есептен шығару;

      4) кәдеге жарату немесе жою;

      5) басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне беру;

      6) зерттеулер (сынақтар) жүргізу;

      7) кәдеге жаратылған тауарларды өткізу жағдайларында есептен шығарылған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары және кәдеге жаратылған тауарлары ведомствоның теңгерімінен шығарылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 6 және 8-қосымшалар осы өзгерістер мен толықтыруларға 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. "Ізгiлiк көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 42-43, 367-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ізгiлiк көмек көрсету қағидаларында:

      12-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік материалдық резервте қажетті тауарлар болмаған жағдайда, ізгілік көмек көрсетуді тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы қамтамасыз етеді.".

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға
  1-қосымша
  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
  2014 жылғы 31 шілдедегі
  № 860 қаулысымен
  бекітілген

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы, "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі (бұдан әрі – "Азаматтық қорғау туралы" Заң) және "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу, сақтау және шығару тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін және азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) броньнан шығару – номенклатура өзгерген кезде, сондай-ақ кәдеге жарату немесе жою, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару;

      3) бірыңғай дистрибьютор – қызметін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 247-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) жұмылдыру резервi – мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдануға, бейбіт уақытта гуманитарлық көмек көрсету үшiн қажеттi шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;

      6) жұмылдыру резервінің операция жүргізу жоспары – жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын, жеткізуді, сақтауды және шығаруды, сондай-ақ кәдеге жаратылған тауарларды өткізуді регламенттейтін құжат;

      7) жұмылдыру тапсырмасын орындаушы мемлекеттік орган – жұмылдыру тапсырмасын орындаушы немесе жұмылдыру тапсырмасы алынған орталық атқарушы орган;

      8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс – қорғаныс мұқтаждары, мемлекеттегі қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметін, мемлекеттік материалдық резервті, жұмылдыруды, ғарыш қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындауы үшін сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесін (номенклатурасын) бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актісі;

      9) мемлекеттiк материалдық резерв – жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдануға, нарыққа реттеушiлік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар запасы;

      10) мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) – мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру мен сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      11) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      12) мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру – номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес мемлекеттік материалдық резервке кейіннен қайтара отырып, белгілі бір шарттармен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару;

      13) мемлекеттiк материалдық резервтi жаңарту – номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес материалдық құндылықтарды бiр мезгiлде немесе уақыт үзілісімен салған кезде оларды сақтаудың белгiленген мерзiмдерi өткенге дейiн мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару;

      14) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi (бұдан әрі – сақтау пункттері) – мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды және сақтауға байланысты қызметтер көрсетудi шарт негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      15) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы және сақтау көлемдері (бұдан әрі – номенклатура) – уәкілетті органның алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі мен көлемдері;

      16) мемлекеттік резервтің операция жүргізу жоспары – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығаруды, жеткізуді, сақтауды сондай-ақ кәдеге жаратылған тауарларды өткізуді регламенттейтін құжат;

      17) операция жүргізу – мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын қою, сақтау және шығару;

      18) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия – азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің республикалық және аумақтық деңгейлерінде құрылған консультациялық-кеңесші орган;

      19) уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – өз құзыреті шегінде, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі.

      3. Жұмылдыру тапсырыстары бар сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары алынған ұйымдар жинақтауға және жаңартуға жататын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жыл сайын 3 (үш) данада мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер) жасайды, олардың бір данасы сақтау пунктінде қалады, екінші данасы жұмылдыру тапсырмасын орындаушы мемлекеттік органға, үшінші данасы 10 қаңтардан кешіктірмей ведомствоға ұсынылады.

      Ұсынылған мәліметтер негізінде ведомство жыл сайын 15 ақпаннан кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмылдыру резервінің операция жүргізу жоспарын бекітеді.

      Ведомстволық бағынысты ұйымдар мен сақтау пункттері ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну тәртібіне сәйкес мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептер береді.

      Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы ұсынылған есептер негізінде ведомство жыл сайын 30 қаңтардан кешіктірмей осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік резервтің операция жүргізу жоспарын бекітеді.

      4. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу, сақтау және шығару жағдайларында осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген операция жоспарларына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.

2-тарау. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу 1-параграф. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу

      5. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс құрамына кіретін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кірмеген мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырыстар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен бюджет қаражатының есебінен өнім берушілер арасында орналастырылады.

      6. Уәкілетті орган мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді.

      7. Мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізу мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Жұмылдыру тапсырыстары бар сақтау пункттері жыл сайын 10 қаңтарға дейінгі мерзімде ведомствоға:

      1) тауарлар жеткізілетін жер туралы мәліметтерді (қажет болса, байланыстыратын станцияны);

      2) сатып алынатын тауарларға Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын, ол болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып, техникалық ерекшелікті келісуге жолдайды. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаса, қажет болған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіліп, сатып алынатын тауардың, сондай-ақ тауарларды жеткізу кезінде қажетті ілеспе қызметтердің (монтаж, жапсыру, оқыту, олар өткізілетін жерді тексеру және тауарларды сынақтан өткізу) функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы, тауардың шығарылған жылы, кепілдік мерзімі көрсетіледі.

      9. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын тиеп-жөнелту және жеткізу шарттары ИНКОТЕРМС талаптары ескеріле отырып, жеткізу шарттарында айтылады.

      10. Мемлекеттік материалдық резервке (резервтен) материалдық құндылықтарды әрбір жеткізу (тиеп-жөнелту) уәкілетті тұлғалар қол қойған және ведомстволық бағынысты ұйымның немесе сақтау пунктінің мөрі басылған (бар болса) шартпен және қабылдау актісімен расталады.

      11. Мемлекеттік материалдық резервке жеткізілетін материалдық құндылықтар тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынақтар, сәйкестікті растау, сараптама нысандарында тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттармен қоса беріліп, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес болуға, сондай-ақ ұзақ сақтауға дайын болуға тиіс.

      12. Уәкілетті орган мемлекеттік материалдық резервке жеткізілетін және сақтаудағы материалдық құндылықтарға зерттеу (сынау) жүргізуді ұйымдастырады.

      13. Мемлекеттік материалдық резервке жеткізілетін немесе сақтаудағы тамақ өнімдерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерттеуді (сынауды) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар жүргізеді.

      Мемлекеттік материалдық резервке жеткізілетін немесе сақтаудағы мемлекеттік материалдық резерв номенклатурасында көзделген өзге тауарларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерттеуді (сынауды) аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізеді.

      14. Мемлекеттік материалдық резервке тамақ өнімдері жеткізілген кезде қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойылғанға дейін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерттеу (сынау) жүргізіледі.

      Мемлекеттік материалдық резервке өзге тауарлар жеткізілген кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерттеу (сынау) қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойылғанға дейін көзбен шолып қарау кезінде ақаулар анықталған жағдайда жүргізіледі.

      15. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау процесінде зерттеу (сынау) мынадай:

      1) ведомство сақтау және/немесе түгендеу жүргізу кезеңінде материалдық құндылықтарды сақтау шарттарының бұзылуын анықтаған кезде;

      2) ыдысы, орамы бүлінген немесе сақталатын материалдық құндылықтардың бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін өзге де жағдайлар кезінде;

      3) материалдық құндылықтардың жарамдылық мерзімі немесе сақтау мерзімі өткен жағдайларда жүргізіледі.

      16. Тауарларды/материалдық құндылықтарды зерттеу (сынау) рәсімдері бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2-параграф. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын жеткізу

      17. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      18. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын жеткізу жөніндегі қызметтерді сатып алуға тапсырыс беруші болады.

      19. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын жеткізуді бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.

      20. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын жеткізу мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын бірыңғай дистрибьюторға әрбір жеткізу уәкілетті адамдар қол қойған және мөр (бар болса) басылған шартпен және қабылдау актісімен расталады.

      22. Жұмылдыру резервінің жеткізілетін дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге, ұзақ сақтауға дайындалуға, ал олардың сапалық жай-күйі өнімге арналған сертификаттармен немесе тауардың сапасын растайтын басқа да тиісті құжаттармен расталуға тиіс.

3-тарау. Мемлекеттің материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау 1-параграф. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау

      23. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары ведомстволық бағынысты ұйымдарда, сақтау пункттерінде және шарттық негізде жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарда сақталады.

      24. Ведомстволық бағынысты ұйымдар, сақтау пункттерi және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттiк материалдық резервтiң сақтауға берiлген материалдық құндылықтарының сапасы мен саны жағынан сақталуына жауапты болады.

      Белгіленген жұмылдыру тапсырысы алынған ұйым сақтауға берілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары толық шығарылғанға дейін олардың сапалық және сандық сақталуы үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.

      25. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын күтіп ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық талаптар уәкілетті орган бекітетін жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерінде айқындалады.

      26. Сақтау пункттерінің тізбесіне енгізу үшін заңды тұлғалар мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:

      1) борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрмауға;

      2) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрмауға;

      3) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға;

      4) салық берешегінің болмауы;

      5) әділет органдарында немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркеуде болуға;

      6) жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтары болмауы;

      7) заңды тұлғаның қызметіне тікелей және жанама шетелдік қатысудың болмауы;

      8) айналымда Номенклатурада көзделген тауар түрінің біреуінің болуы;

      9) сақтау үшін қажетті көлемде материалдық құндылықтарды орналастыру үшін қажетті объектілердің (қоймалар, резервуарлар, ангарлар, қалқалар) болуы;

      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес материалдық құндылықтарды сақтауға арналған объектілердің өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарына, сондай-ақ санитариялық-техникалық шарттарға (желдету жүйесі, температура мен ылғалдылық датчиктері) сәйкес болуы;

      11) жұмыс істеп тұрған қауіпсіздік жүйелерінің (күзет, бақылау-өткізу пункті, дабыл сигнализациясы, бейнебақылау) және кірме көлік жолдарының (автомобиль, теміржол) болуы;

      12) жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған объектілерде пайдалануға дайын ілеспе техникалық жабдықтың (төгу-құю эстакадалары, қажетті өнімділігі бар сорғы станциясы, шала және мұқият тазалау сүзгісі) болуы тиіс.

      27. Ведомство өзінің интернет-ресурсында сақтау пункттерінің тізбесіне енгізу үшін заңды тұлғаларды іріктеу жүргізілетіні туралы ақпаратты орналастырады.

      Сақтау пункттерінің тізбесіне енгізу үшін заңды тұлғаларды іріктеу жүргізілетіні туралы ақпарат интернет-ресурста орналастырылғаннан кейін заңды тұлғалар күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімде заңды тұлғаның осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігін растайтын мәліметтерді ұсынады.

      Осы тармақта көзделген құжаттар ведомствоға қағаз түрінде немесе ведомствоның сақтау пункттерінің тізбесіне енгізу үшін заңды тұлғаларды іріктеу жүргізілетіні туралы хабарландыруда көрсетілген электрондық мекенжайына жолданады.

      28. Сақтау пункттерінің тізбесіне енгізу үшін заңды тұлғаларды іріктеу мақсатында ведомство басшысының бұйрығымен комиссия құрылады.

      Комиссия құрамына:

      1) ведомство басшысы немесе оны алмастыратын тұлға (комиссия төрағасы);

      2) ведомство басшысының орынбасары немесе оны алмастыратын тұлға;

      3) ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы немесе оның орынбасары;

      4) ведомствоның және ведомстволық ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшылары немесе қызметкерлері кіреді.

      29. Комиссия заңды тұлғалардың қойма үй-жайларын немесе резервуарларын осы Қағидалардың 26-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін фототіркеуді қолдана отырып қарауды жүзеге асырады және осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген құжаттарды қарайды.

      Тексеріп қарау қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес хаттама жасалады.

      Ведомствоның хаттамасы негізінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекітеді.

      30. Заңды тұлғалар сақтау пункттерінің тізбесіне енгізілгеннен кейін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауға және жаңартуға байланысты қызметтер көрсету жөнінде шарт (бұдан әрі – сақтау және жаңарту шарты) жасасу кезінде сақтау пункті банк кепілдігін немесе сақтандыру полисін ұсынады.

      31. Заңды тұлға:

      1) осы Қағидалардың 26-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмеген;

      2) осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес банк кепілдігі немесе сақтандыру полисі ұсынылмаған;

      3) заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылданған;

      4) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемі өзгерген;

      5) қабылданған міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайларда сақтау пункттерінің тізбесінен алып тастауға жатады.

      Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар өздерінің бейіні өзгерген, қайта ұйымдастырылған, жекешелендірілген не таратылған жағдайларда, көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган мен тиісті орталық атқарушы органдарды хабардар етеді.

      32. Материалдық құндылықтарды сақтау шығыстарының сомасы сақтауда тұрған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының нақты көлемі ескеріле отырып және шығындарды растайтын құжаттар қоса беріліп, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтау пункттері жыл сайын ұсынатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарды сақтау жөніндегі шығындардың есеп-қисаптары негізінде есептеледі.

      Шығындардың есеп-қисаптары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну тәртібіне сәйкес жыл сайын 10 қаңтардан кешіктірілмейтін мерзімде есеппен бірге ұсынылады.

      33. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

2-параграф. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын сақтау

      34. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге тапсырыс беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган болады.

      35. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында сақталады.

      36. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау тәртібіне сәйкес олардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады және тасымалданады.

      37. Сақтау кезінде жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары жыл сайын сапасы, саны, белгіленген сақтау көлеміне сәйкестігі, сақтау және есепке алу қағидаларының сақталуы, уақтылы жаңартылуы, есептіліктің сақталуының, дұрыстығының қамтамасыз етілуі тұрғысынан тексеріледі.

      Жұмылдыру резервін тексеруді құрамы мен жұмыс тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның комиссиясы жүзеге асырады.

      Тексеру нәтижелері жылына бір реттен сиретпей жинақталады және бірыңғай дистрибьюторға ұсынылады.

4-тарау. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару

      38. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару:

      1) оларды жаңартуға байланысты;

      2) қарызға беру тәртібімен;

      3) броннан шығару тәртібімен жүзеге асырылады.

      39. Ведомстволық бағынысты ұйымнан немесе сақтау пунктінен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары шығарылған кезде материалдық құндылықтарды беру наряд негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге наряд беру нысаны мен тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

1-параграф. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жаңарту тәртібімен шығару

      40. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жаңарту тәртібімен шығару номенклатура мен сақтау көлемдеріне сәйкес материалдық құндылықтардың сақтау мерзiмдерi өткенге дейiн материалдық құндылықтарды бiр мезгiлде немесе уақыт өткiзiп салу арқылы жүргізіледі.

      41. Материалдық құндылықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару тәртібіне сәйкес:

      1) негізгі сақтау мерзімі 12 (он екі) айға дейін болған кезде – сақтау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 6 (алты) ай;

      2) негізгі сақтау мерзімі 12 (он екі) айдан 18 (он сегіз) айға дейін болған кезде – сақтау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 8 (сегіз) ай;

      3) негізгі сақтау мерзімі 18 (он сегіз) айдан 2 (екі) жылға дейін болған кезде – сақтау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 12 (он екі) ай;

      4) негізгі сақтау мерзімі 2 (екі) жылдан 3 (үш) жылға дейін болған кезде – сақтау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 18 (он сегіз) ай;

      5) негізгі сақтау мерзімі 3 (үш) жылдан асқан кезде – сақтау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 24 (жиырма төрт) ай мерзімде өткізу үшін аукционға қойылады.

      42. Уәкілетті орган Операция жүргізу жоспарына сәйкес мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің материалдық құндылықтарын жаңарту тәртібімен шығару туралы шешім қабылдайды.

      43. Сақтау пункттері мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жаңартуды мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес кейіннен материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервке сала отырып, шарт негізінде жүзеге асырады.

      Жаңарту графигі сақтау және жаңарту шартымен айқындалады.

      44. Сақтау пункті жаңарту мақсатында шығаратын материалдық құндылықтардың жалпы көлемі сақтауға берілген материалдық құндылықтардың нақты қолда барының елу пайызынан аспауға тиіс.

      Жаңарту шеңберінде жеткізілетін материалдық құндылықтар сақтау және жаңарту шартының талаптарына және осы Қағидалардың 11-тармағының талаптарына сәйкес болуға тиіс.

      Бұл ретте жеткізілетін материалдық құндылықтарға, оның ішінде жаңарту кезінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерттеулер (сынаулар) жүргізіледі.

      45. Сақтау пункті жаңартқан кезде материалдық құндылықтар бұрын шығарылған материалдық құндылықтардың көлеміне сәйкес салынады.

      46. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылар болып табылатын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар жаңарту мақсатында мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдаланады.

      Бұл ретте мемлекеттік материалдық резервтің пайдаланылған материалдық құндылықтарының жалпы көлемі сақтауға берілген материалдық құндылықтардың нақты қолда бар көлемінің отыз пайызынан аспауға тиіс.

      Мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды кейіннен салуды сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін материалдық құндылықтар осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген талаптарға сәйкес пайдаланылған күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына және оларды сақтау көлемдеріне сәйкес жүзеге асырады.

      47. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау мақсатында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану үшін сақтау пункті немесе жұмылдыру тапсырысы белгіленген ұйым ведомствоға шығару ұсынылған материалдық құндылықтардың атауы, саны, өлшем бірлігі, сомасы және болжамды кейіннен салу мерзімі туралы мәліметтер қамтылған өтінімді ұсынады.

      Өтінімге мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың көшірмесі қоса беріледі.

      48. Ведомство өтінім түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны қарайды және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығаруға келіседі немесе келісуден бас тартады.

      Келісуден бас тартылған жағдайда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығаруға жол берілмейді.

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығарудан:

      1) осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың көшірмелері толық көлемде ұсынылмаған;

      2) өтінім осы Қағидалардың 46-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген;

      3) өшіріп тазартылған не қосып жазылған, сызылған сөздер және оларда өзге де келісілмеген түзетулер, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсінуге мүмкіндік бермейтін түзетулері бар құжаттар болған;

      4) "Азаматтық қорғау туралы" Заңға сәйкес материалдық құндылықтарды пайдалану қажет болған жағдайларда бас тартылады.

      Өтінім келісілген жағдайда ведомство мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығаруды сақтау пунктімен немесе жұмылдыру тапсырысы белгіленген ұйыммен шарт жасасу жолымен жүзеге асырады.

2-параграф. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын жаңарту тәртібімен шығару

      49. Жаңарту тәртібімен шығару номенклатура мен сақтау көлемдеріне сәйкес жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын сақтау мерзімдері өткенге дейін жүргізіледі және оны бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.

      50. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын жаңарту тәртібімен шығару оларды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде пайдалану мүмкіндігі ескеріле отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімдерінің аяқталуына қарай жүргізіледі, бұл ретте жұмылдыру резервінен алу және тұтынуға беру кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қалдық жарамдылық мерзімі мынадай болуы керек:

      1) негізгі жарамдылық мерзімі 2 (екі) жылдан кем болған кезде – кемінде 15 %;

      2) негізгі жарамдылық мерзімі 2 (екі) жыл және одан көп болған кезде – жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 6 (алты) ай.

      51. Жаңарту кезінде негізгі жарамдылық мерзімінің қоры үлкен ұқсас дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды салмай бір мезгілде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қорлары алынбайды.

3-параграф. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртібімен шығару

      52. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру тәртібімен шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      53. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар қарызға беру тәртiбiмен шығарылған кезде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiк беруi міндетті шарт болып табылады.

      54. Егер материалдық құндылықтарды алушының:

      1) мемлекеттік бюджет алдында берешегі болған;

      2) өзі бұрын алған мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын қайтармаған;

      3) банкроттық сатысында тұрған жағдайларда, мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын қарызға беру тәртiбiмен шығаруға болмайды.

      55. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар қарызға беру тәртiбiмен шығарылған кезде ведомство алушымен тиiстi шарт (келiсiмшарт) жасасады.

      56. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар қарызға беру тәртібімен шығарылған кезде алушы қарызға беру шартының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында салу бағасының жалпы сомасының 3 (үш) пайызын төлейді.

      Қарызға беру шартын орындауды қамтамасыз ету алушыға қарызға беру шарты толық және тиісінше орындалғаннан кейін қайтарылады.

      57. Қарызға берілген материалдық құндылықтарды кейіннен мемлекеттік материалдық резервке қайтару шарттары номенклатура және сақтау көлемдеріне сәйкес қарызға беру шартында айқындалады.

4-параграф. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды броннан шығару тәртібімен шығару

      58. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды броннан шығару тәртібімен шығару:

      1) гуманитарлық көмек көрсетілген;

      2) босқындарға көмек көрсетілген;

      3) нарыққа реттеушілік ықпал еткен;

      4) материалдық құндылықтар жойылған кезде жүзеге асырылады.

      59. Гуманитарлық көмек көрсету мақсатында тиiстi орталық мемлекеттік орган Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия ұсынымдарының негiзiнде Қазақстан Республикасының гуманитарлық көмек көрсетуіне арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi.

      60. Босқындарға көмек көрсету қажет болған жағдайда азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының босқындар мәселелері жөніндегі қатынастар саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды босқындарға көмек көрсету үшін шығару туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын енгізеді.

      61. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін шығару Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде жүргізіледі.

      62. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына мониторинг жүргізеді.

      Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган азық-түлік тауарларының, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізеді.

      Нарыққа реттеушілік ықпал ету орынды болатын баға деңгейіне қол жеткізілген жағдайда көрсетілген мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығарылатын материалдық құндылықтарды алушы – сауда қызметінің субъектілерін, сауда үстемесінің көлемін, бағасын және мөлшерін көрсете отырып, мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін шығару қажеттігі туралы ұсыныс енгізеді.

      63. Осы Қағидалардың 62-тармағында көзделген сауда қызметінің субъектілерін іріктеу "Азаматтық қорғау туралы" Заңның 96-бабының 2-тармағында айқындалған өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      64. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде сауда қызметiнiң субъектiлерiмен шарттар жасасу арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшін шығарудан алынған ақша бюджет кірісіне аударылады.

      Мемлекеттiк материалдық резервтен нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшін шығарылған материалдық құндылықтарды сатуды сауда қызметiнiң субъектiлерi бөлшек сауда арқылы жүзеге асырады.

      65. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату және жою Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      66. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резерв номенклатурасы өзгерген кезде мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды броньнан шығару тәртібімен шығаруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің материалдық құндылықтарды броньнан шығару туралы шешімдерінің негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Жұмылдыру резервінің номенклатурасы өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын шығаруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.

      67. Мемлекеттік материалдық резерв номенклатурасын өзгерту, материалдық құндылықтарды кәдеге жарату және жою кезінде броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес құпиясыздандыруға жатады.

      68. Броньнан шығару тәртібімен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау кезінде мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.

      69. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қажет болған кезде материалдық құндылықтардың атауын, санын төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аумақтық комиссия айқындайды.

      70. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аумақтық комиссияның шешімі негізінде жергілікті атқарушы орган күнтізбелік 1 (бір) күннен аспайтын мерзімде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу немесе жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы өтінішхат жолдайды.

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатта:

      1) төтенше жағдайдың ықтимал аймағы туралы мәліметтер;

      2) төтенше жағдайдың ықтимал аймағындағы адамдардың саны;

      3) зақымдануы/қирауы мүмкін тұрғын үйлердің, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің, көлік инфрақұрылымының болжамды саны;

      4) мемлекеттік материалдық резервтен шығарылуы тиіс материалдық құндылықтардың атауы мен саны көрсетіледі.

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою бойынша шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатта:

      1) төтенше жағдай аймағы туралы мәліметтер;

      2) қаза болған және зардап шеккен адамдардың саны;

      3) зақымданған/қираған тұрғын үйлердің, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің, көлік инфрақұрылымының саны;

      4) мемлекеттік материалдық резервтен шығарылуы тиіс материалдық құндылықтардың атауы мен саны көрсетіледі.

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу немесе жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатқа төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аумақтық комиссиялар шешімдерінің тиісті көшірмелері қоса беріледі.

      71. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу немесе жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатты түскен күнінен бастап күнтізбелік 1 (бір) күннен аспайтын мерзімде қарайды.

      72. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу немесе жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатқа теріс қорытынды болған кезде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жүгінген жергілікті атқарушы органға тиісті хат жолдайды.

      73. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу немесе жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатқа оң қорытынды болған кезде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган күнтізбелік 1 (бір) күннен аспайтын мерзімде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешімді бекітеді және заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару үшін ведомствоға жолдайды.

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешімде шығарылатын материалдық құндылықтардың атауы, саны, өлшем бірлігі, материалдық құндылықтарды алушы көрсетіледі және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы тиісті шешімнің көшірмесі қоса беріледі.

      74. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарының алдын алу және оны жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару қажет болған кезде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган уәкілетті органға әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін енгізу туралы шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, шешімнің жобасын келісуге жібереді.

      Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарының алдын алу және оны жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім жобасында шығарылатын материалдық құндылықтардың атауы, саны, өлшем бірлігі, материалдық құндылықтарды алушы көрсетіледі.

      Уәкілетті органның әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарының алдын алу және оны жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешімнің жобасын қарауы және келісуі жоба келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      75. Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын жұмылдыру мұқтаждары үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының тиісті жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жоспарлары негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      76. Материалдық құндылықтарды броньнан шығару тәртібімен шығару номенклатура өзгерген және кәдеге жаратылған немесе жойылған жағдайларда кейіннен салмай, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін – кейіннен сала отырып жүзеге асырылады.

5-параграф. Жаңартылуға жататын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне өтеусіз беру

      77. Жаңартылуға жататын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне беру мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша алушы мемлекеттік органдармен және уәкілетті органмен келісу бойынша өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

      78. Уәкілетті орган басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне беру үшін жаңартылуға жататын материалдық құндылықтардың және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе) өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      79. Мемлекеттік органдар тізбе орналыстырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оны қарайды және уәкілетті органға атауы, саны, өлшем бірлігі, болжамды қабылдау күні туралы мәліметтерді қамтитын жаңартуға жататын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды қабылдау туралы өтінімдерді ұсынады.

      80. Уәкілетті орган өтінім келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік органдардың өтінімдерін қарайды және келіседі не себептерін көрсете отырып, оларды келісуден бас тартады.

      Уәкілетті орган мемлекеттік материалдық резервтің жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды алушы – мемлекеттік органның өтінімін оның теңгеріміне беруге келіскен жағдайда өтінімді тиісті шешім қабылдау үшін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      Көлік шығыстары, оның ішінде материалдық құндылықтарды тиеу-түсіруге байланысты шығыстар алушы мемлекеттік органның есебінен жүзеге асырылады.

      81. Мемлекеттік мүлік саласындағы уәкілетті орган жаңартылуға жататын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды беру туралы шешім қабылдағаннан кейін ведомство уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру тәртібіне және нысанына сәйкес материалдық құндылықтарды шығару туралы наряд береді.

      82. Басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне берілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының құнын өтеу республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      83. Мемлекеттік материалдық резервтен өтеусіз алынған тауарларды сатып алу үшін бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда, мемлекеттік органдар оларға материалдық құндылықтар теңгеріміне берілген кезден бастап күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде берілген материалдық құндылықтардың құнын республикалық бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.

  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарымен операциялар
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  __________________
(құпиялық белгісі)
№___ дана
М.О. (бар болса)
  Бекітемін
Сақтау пунктінің басшысы
___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса), қолы)
20__ жылғы "___" ________

_____ жылдарға арналған жинақтауға және жаңартуға жататын материалдық құндылықтар бойынша мәліметтер

Р/с № Материалдық құндылықтардың атауы Өлшем бірлігі Жинақталу көлемі Салынған жылы Жинақталды Жаңартуға жатады Сақтау мерзімінің өту күні Қажетті жеткізу көлемі номенклатураға сәйкес 100 % Салуға жатады Ескертпе
саны сомасы
саны сомасы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13













      Бас бухгалтер __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Арнайы бөлім бастығы немесе жұмылдыру жұмыскері/материалдық құндылықтардың сақталуына жауапты тұлға _____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарымен операциялар
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
__________________
(құпиялық белгісі)
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
Мемлекеттік материалдық
резервтер комитеті төрағасының
20___ жылғы "___" ____
№__бұйрығымен бекітілген
  Нысан

20 ___ жылға арналған жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу жоспары

Р/с № Материалдық құндылықтардың атауы Номенклатураға сәйкес материалдық құндылықтардың көлемі Материалдық құндылықтардың жылдың басына нақты болуы Салынған жылы Сақтау мерзімінің өту күні Жаңарту тәртібімен шығару Уақыт үзілісі Мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес жеткізу
саны өлшем бірлігі саны өлшем бірлігі саны мен өлшем бірлігі сомасы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

Жұмылдыру тапсырысын орындайтын немесе жұмылдыру тапсырысы алып тасталған мемлекеттік органның атауы

Жұмылдыру тапсырысы бар сақтау пункттерінің және жұмылдыру тапсырысы алып тасталған ұйымдардың атауы

1












      Кестенің жалғасы

Жыл соңында материалдық құндылықтардың күтілетін болуы

Номенклатураға сәйкес жинақтау көлемінің 100 %-ға дейін жетіспеуі

Номенклатура өзгерген жағдайда броннан шығару тәртібімен шығару

Кәдеге жаратылған тауарларды өткізу

саны

өлшем бірлігі

саны мен өлшем бірлігі

%

саны

өлшем бірлігі

кәдеге жаратылған тауарлардың атауы

саны мен өлшем бірлігі

13

14

15

16

17

18

19

20

Жұмылдыру тапсырысын орындайтын немесе жұмылдыру тапсырысы алып тасталған мемлекеттік органның атауы

Жұмылдыру тапсырысы бар сақтау пункттерінің және жұмылдыру тапсырысы алып тасталған ұйымдардың атауы









  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарымен операциялар
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
  __________________
(құпиялық белгісі)
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
Мемлекеттік материалдық
резервтер комитеті төрағасының
20___ жылғы "___" ___
№__бұйрығымен бекітілген
  Нысан

20 ___ жылға арналған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу жоспары

Р/с № Материалдық құндылықтардың атауы Сақтау филиалдары немесе сақтау пункттері Өлшем бірлігі Жыл басындағы материалдық құндылықтардың болуы Жылына ______ операция Жыл соңында материалдық құндылықтардың күтілетін болуы Кәдеге жаратылған тауарларды өткізу
Жаңарту тәртібімен шығару Броньнан шығару тәртібімен шығару Мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес жеткізу Кәдеге жаратылған тауарлардың атауы Саны мен өлшем бірлігі
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11











  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарымен операциялар
жүргізу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Сақтау пункттерінің тізбесіне енгізу үшін заңды тұлғаларды қарау хаттамасы № _____ 20__ жылғы "__" _______

      Мынадай ___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      құрамда 20__ жылғы "__" _______ № бұйрықпен құрылған комиссия:

      заңды тұлғалардың қойма үй-жайларының Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу қағидаларының 26-тармағында анықталған өлшемдерге сәйкестігін қарауды және 27-тармағында көзделген құжаттарды қарауды жүзеге асырды.

      Заңды тұлғалардың қойма үй-жайларын қарау және құжаттарды қарау кезінде мыналар белгіленді:

Р/с № Заңды тұлғалардың атауы және БСН Заңды мекенжайы Заңды тұлғаның орналасқан жері Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде болу мәртебесі Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу мәртебесі Заңды тұлғаның банкроттық не тарату сатысында болу мәртебесі Әділет органдарында және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркеу Заңды тұлғаның қызметіне шетелдік қатысу
1 2 3 4 5 6 7 8 9

      кестенің жалғасы:

Материалдық құндылықтарды сақтау номенклатурасы мен көлемі бойынша қандай тауарлар айналымда болады Сақтау үшін қажетті көлемде материалдық құндылықтарды орналастыруға арналған объектілердің (қоймалар, резервуарлар, ангарлар, қалқалар) болуы Материалдық құндылықтарды сақтауға арналған объектілердің өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарына, сондай-ақ санитариялық-техникалық шарттарға сәйкестігі Қауіпсіздік жүйелерінің (күзет, бақылау-өткізу пункті, дабыл сигнализациясы, бейнебақылау) және кірме көлік жолдарының (автомобиль, темір жол) болуы Жанар-жағар май материалдарын сақтауға арналған объектілерде ілеспе техникалық жабдықтың (төгу-құю эстакадалары, қажетті өнімділігі бар сорғы станциясы, мұқият және шала тазалау сүзгісі) болуы
10 11 12 13 14

      Ескертпе: хаттамаға растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Комиссия қорытындысы:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Қолдар:

      Комиссия төрағасы

      ______________________________________________________________

      (лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Комиссия мүшелері:

      ______________________________________________________________

      (лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарымен операциялар
жүргізу қағидаларына
5-қосымша

______________________________________________________________________ жөнелтіледі (алушының атауы және мекенжайы) ________________________________________________________ сақтау пункті (атауы) Министрлік (ведомство) ____________________________________________________ Сақтау пунктінің мекенжайы ________________________________________________

  Нысан

_____ жылдарға арналған материалдық құндылықтарды сақтау шығындарының есеп-қисабы

Р/с № Шығындардың атауы Шығыстардың есеп-қисабы
Шығындардың бірлігі Саны Шығыстардың сомасы Негіздеме Растайтын құжаттар
1 2 3 4 5 6 7

1

Жалақы

адам




жалақы бойынша жиынтық есеп ведомосі

2

Әлеуметтік салық

адам




жалақы бойынша жиынтық есеп ведомосі

3

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау мәселелері бойынша іссапарлар

адам




бұйрық, аванстық есеп

4

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жүзеге асырылатын алаңдар мен үй-жайларда коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу

шаршы метр




шарт, шот фактура, төлем тапсырмасы

5

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жүзеге асырылатын үй-жайларды күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу

шаршы метр




шарт, орындалған жұмыстар актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы

6

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын тасылмалдау кезіндегі көлік шығыстарына ақы төлеу

көрсетілетін қызмет




шарт, көрсетілген қызметтер актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы

7

Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарының сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз етуге қажетті өзге де тауарларды сатып алу

тауар




шарт, қабылдау-тапсыру актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы

8

Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарының сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де ағымдағы шығыстар

көрсетілетін қызмет




шарт, орындалған жұмыстар актісі/ көрсетілген қызметтер актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы


Шығындардың жиыны:






      Мөр орны (бар болса)

      Сақтау пунктінің басшысы _______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер ___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Орындаушының телефоны

      Арнайы бөлім бастығы немесе жұмылдыру қызметкері/материалдық құндылықтардың сақталуына жауапты адам _____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға
2-қосымша
  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарын есепке алу
қағидаларына
1-қосымша
  __________________
  (құпиялық белгісі)
  Нысан

20__жылғы "__" _______

______________________ жөнелтілді (ұйымның атауы мен мекенжайы)

      Тексерілді __________________________ Қолы ____________________

      (ведомствоның өкілі)

20___ жылғы "__" ________ № __ ___________________________________________________________ (салу/шығару) АКТІСІ

      ___________________________________________________________________

      тәртібімен (жеткізу, жаңарту, қарызға беру, қайтару, орнын ауыстыру және т.б.)

      Негіздеме _____________________________________________________________

      (құжаттың атауы, күні және №____)

Есептік позициялар № (шифрі) Материалдық құндылықтардың/кәдеге жаратылған тауарлардың атауы (сұрыпы, өлшемі, маркасы) Өлшем бірлігі Салынды
Саны Бірлігі үшін бағасы Жалпы сомасы Стандарттау жөніндегі құжаттардың, сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың нөмірлері Мемтіркеудің нөмірі, жылы
теңге теңге








      кестенің жалғасы:

Шығарылды

Жүргізілген операциядан кейінгі бар-жоғы

Саны

Бірлігі үшін бағасы

Жалпы сомасы

Стандарттау жөніндегі құжаттардың, сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың нөмірлері

Мемтіркеудің нөмірі, жылы

Саны

Бірлігі үшін бағасы

Жалпы сомасы

теңге

теңге

теңге

теңге










      Мөр орны (бар болса)

      Ұйым басшысы _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер _________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға
3-қосымша
  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарын есепке алу
қағидаларына
2-қосымша
  Қызмет бабында пайдалану үшін
  (толтырылған соң)  № __ дана
  _________________ жөнелтіледі
  (алушының атауы мен
мекенжайы)
  Ұйым_____________________
  (атауы мен мекенжайы)
  Нысан

Қабылдау-тапсыру
АКТІСІ

      20___ жылғы "__" ________

      Біз, төменде қол қоюшылар, комиссия мүшелері

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      өнім беруші (алушы)

      _____________________________________________________________

      (өнім берушінің (алушының) атауы)

      өкілінің қатысуымен ____________ № ____ шартқа сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің төменде тізбеленген материалдық құндылықтарын/ кәдеге жаратылған тауарларын қабылдап алуды (беруді) жүргіздік.

Р/с № Материалдық құндылықтардың/кәдеге жаратылған тауарлардың атауы Өлшем бірлігі Саны Бірлігі үшін бағасы Сомасы Жасалған күні Өндіруші Ескертпе










ЖИЫНЫ:








      _____________________________________________________

      (сомасы жазбаша)

      Қабылдады (тапсырды):

      Комиссия төрағасы

      __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы (басшы)

      Мөр орны (бар болса)

      Комиссия мүшелері:

      __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      (бас бухгалтер, материалдық жауапты адам және т.б.)

      __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Мөр орны (бар болса)

      Тапсырды (қабылдады): Өнім берушінің (алушының) уәкілетті адамы

      __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға
  4-қосымша
  Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларына
  3-қосымша

      _________________________________________

      _________________________________________

      (жауапты сақтаушының атауы мен мекенжайы)

      Қойма № _______

№ ___ заттаңба

      Материалдың атауы ____________________________________________

      Сорты _______________________________________________________

      Таңбасы _____________________________________________________

      Мөлшері _____________________________________________________

      Партия (қорытпа) № ___________________________________________

      Стандарттау жөніндегі құжаттардың нөмірлері _____________________

      Тіркелген жылы және нөмірі ____________________________________

      Салынған уақыты ______________________________________________

      Жаңарту уақыты ______________________________________________

      Сертификат № ________________________________________________

      Саны ________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (заттаңбаны жазып берушінің қолы)

      20___ж. "___" _____________

      Аталған номенклатура бойынша әрбір салуға жеке-жеке бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға
  5-қосымша
  Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларына
  6-қосымша

      _______________________________________________________________

      (жауапты сақтаушының атауы мен мекенжайы)

      Материалдың сақталу мерзімі ______ жыл

Материалдық құндылықтарды сандық-сомалық есепке алудың № ___________ карточкасы

      Атауы _______________________________________________________ Өлшем бірлігі _________________________________________________

Маркасы, сорты Мөлшері (диаметрі, қимасы, басқасы) Салу немесе босату актісі Операцияның атауы (аудару, қарызға беру, қайтару, жаңарту және басқа) Штабель заттаңбасының нөмірі Стандарттау жөніндегі құжаттардың нөмірлері Салынғаны Шығарылғаны Қалдық Сапалық жай-күйі туралы құжаттың атауы мен нөмірі және қай істе сақталуда Жаңарту мерзімі (айы, жылы) Ескертпе
күні нөмірі саны сомасы саны сомасы саны сомасы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
















  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға
  6-қосымша
  Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларына
  8-қосымша

Орын ауыстыруға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қарап тексеру АКТІСІ

  20___ жылғы "__" ________

      ______ жылғы "__" ______ № ___ бұйрықпен мынадай құрамда құрылған комиссия:

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      (ведомстволық бағынысты ұйымның/сақтау пунктінің атауы)

      орын ауыстыруға жататын келесі мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарына қарап тексеру жүргізді:

Р/с № Материалдық құндылықтардың атауы Стандарттау жөніндегі құжаттардың нөмірлері, артикулы, сериясы, талдау Өлшем бірлігі Саны Дайындалған күні Салынған күні Жарамдылық мерзімі Сақтау мерзімі Бірлік үшін бағасы Құны (теңгемен) Техникалық жағдайы Ескерту
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13

      Қарап тексеру барысында комиссия мыналарды анықтады:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Қарап тексеру нәтижелері бойынша комиссияның қорытындысы:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, лауазымы)

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, лауазымы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады