Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысы.

      "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары;

      2) объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 қаулысы;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1098 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 19-тармағы.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 12 сәуірдегі
№ 234 қаулысымен
бекітілген

Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) күзетілетін объектілер – күзетілетін адамдардың болуына арналған ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін өзге де ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен акватория;

      2) қолжетімділігі шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпарат;

      3) объект – персоналдың ұйымдасқан жиынтығы бар ұйым (мекеме) және (немесе) ғимарат, құрылыс, ғимараттар мен құрылыстар кешені не олардың бөліктері;

      4) террористік тұрғыдан осал объектінің деректемелері – террористік тұрғыдан осал объектінің террористік тұрғыдан осал объектілер тізбесінің нысанымен айқындалған міндетті ақпараттық элементтері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.02.2024 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу тәртібі 1-параграф. Жалпы ережелер

      3. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген орган объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу туралы шешім (бұдан әрі – шешім) қабылдаған жағдайда объектілер террористік тұрғыдан осал объектілерге жатады.

      4. Шешімді:

      1) ведомстволық деңгейде:

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің объектілеріне, Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне қатысты – қарамағында осы объектілер бар мемлекеттік орган;

      күзетілетін объектілерге қатысты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;

      2) аумақтық деңгейде:

      осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында орналасқан объектілерге қатысты облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі қабылдайды.

2-параграф. Ведомстволық деңгейде объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу тәртібі

      5. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілерге қатысты ведомстволық деңгейде шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органда объектілерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарына (бұдан әрі – өлшемшарттар) сәйкестігі тұрғысынан қарау және олар туралы ақпаратты талдау ұйымдастырылады.

      6. Өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер олардың санаттарына қарай тиісті мемлекеттік органның террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне (бұдан әрі – ведомстволық тізбе) енгізілуге жатады.

      7. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік орган объектілердің ведомстволық тізбесінің нысанын айқындауды және санаттарға бөлуді жүзеге асырады.

      Объектілерді санаттарға бөлу дегеніміз – оларда терроризм актісін жасаудың ықтимал қаупінің дәрежесі мен ықтимал салдары еске отырып, объектілердің жай-күйін кешенді бағалау негізінде оларға санат беру.

      Ведомстволық тізбелер толтырылғаннан кейін, егер оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес құпиялылық белгісі берілмесе, таратылуы шектелген қызметтік ақпараты бар құжаттар болып табылады және "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі болады.

      8. Ведомстволық тізбені тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.

      Террористік тұрғыдан осал Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің ведомстволық тізбесі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісіледі.

      9. Ведомстволық тізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

      1) объектілер теңгерімнен шығарылған не объект тиісті мемлекеттік органның теңгеріміне қабылданған;

      2) объектінің функционалдық мақсаты өзгеріп, объектіні жатқызу өлшемшартына сәйкестігінің жоғалуына әкелген не өлшемшарттардың кемінде біреуіне сәйкес келетін жаңа объектілер анықталған;

      3) объектінің деректемелері өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.

3-параграф. Аумақтық деңгейде объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу тәртібі

      10. Аумақтық деңгейде осы Қағидалардың 4-тармағаның 2) тармақшасында көрсетілген объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу туралы шешім қабылдау үшін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі жанындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы комиссиясы (бұдан әрі – терроризмге қарсы комиссия):

      1) ақпаратты қарайды және объектілердің өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан талдайды;

      2) объект өлшемшарттардың біреуіне сәйкес келген кезде объектіні облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі бекітетін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне (бұдан әрі – аумақтық тізбе) енгізуді ұсынады;

      3) аумақтық тізбе объектісі өлшемшарттардың бірде біреуіне сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда объектіні одан шығаруды ұсынады.

      11. Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу туралы шешім дайындау үшін терроризмге қарсы комиссия аппаратына (бөліміне) объектілерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың террористік тұрғыдан осал объектілері тізбесіне (тізбесінен) енгізу және (немесе) одан шығару туралы өтінімдер (бұдан әрі – өтінімдер) енгізіледі.

      Өтінімдер ұсыныстар болған жағдайда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылына екі рет 1 маусымнан және 1 желтоқсаннан кешіктірмей енгізіледі.

      12. Орталық мемлекеттік орган, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік орган) өтінімдерді өлшемшарттарға сәйкес келетін және:

      1) тікелей мемлекеттік органның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың, сондай-ақ олардың қарамағындағы және мемлекеттік органның қарамағындағы өзге де органдардың, ұйымдардың, мекемелердің (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйымдар) объектілері болып табылатын (егер осы объектілер орналасқан ғимараттар, құрылыстар, ғимараттар мен құрылыстар кешендері (бұдан әрі – орналасқан жер) мемлекеттік органның, оның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуінде тұрмаса, өтінімде орналасқан жерлерді пайдаланатын ұйым көрсетіледі);

      2) объектілерде жұмыс істейтін ұйым (ұйымдар) көрсетіліп, мемлекеттік органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуінде тұрған мемлекеттік органның;

      3) акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету құқығы мемлекеттік органға не оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына берілген республикалық меншіктегі объектілер болып табылатын объектілерге қатысты енгізеді.

      13. Жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері өтінімдерді өлшемшарттарға сәйкес келетін және:

      1) өздерінің қарамағындағы және (немесе) қызметін осы бөлімшелер реттейтін салада жүзеге асыратын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын;

      2) акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған объектілерге қатысты енгізеді.

      14. Жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері, уәкілетті мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері өтінімдерді өлшемшарттарға сәйкес келетін және қызметін осы мемлекеттік орган реттейтін салада жүзеге асыратын жеке меншік объектілерге қатысты енгізеді.

      15. Терроризмге қарсы комиссия өтінімдерді қарауды мүдделі тараптардың: орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұлттық кәсіпкерлер палатасының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың өкілдерін тарта отырып жүзеге асырады.

      16. Терроризмге қарсы комиссия террористік тұрғыдан осал объектілер тізбелерін әзірлеу, бекіту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындаған кезде, қажет болса, объектілердің меншік иелерінен (иеленушілерінен), басшыларынан не олардың өкілдерінен өтінімдерге сәйкес объектілер, сондай-ақ өтінімдер жоқ объектілерге қатысты террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін объектілер туралы қосымша ақпаратты сұратады және мұндай объектілерді аумақтық тізбеге енгізу тұрғысынан тексеру жүргізеді.

      17. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі аумақтық тізбені немесе оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды терроризмге қарсы комиссияның ұсынысы негізінде және аумақтық ұлттық қауіпсіздік пен ішкі істер органдарымен келісу бойынша 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітеді.

      18. Аумақтық тізбе бекітілген не оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі отыз жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде аумақтық тізбеге енгізілген (аумақтық тізбеден алып тасталған) объектілердің меншік иелеріне (иеленушілеріне), объектілердің басшыларына не олардың уәкілетті тұлғаларына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті хабарлама жіберуді қамтамасыз етеді.

      19. Аумақтық тізбеге енгізілген объектілердің меншік иелері (иелері), басшылары отыз жұмыс күні ішінде терроризмге қарсы комиссия аппаратына (бөліміне) объектінің меншік құқығына, объектінің басшылары мен атауына, оның заңды және нақты мекенжайына қатысты өзгерістер енгізілгені, сондай-ақ объектіні пайдаланудың тоқтатылғаны және (немесе) объектінің функционалдық мақсатының өзгеріп, өлшемшарттарға сәйкестігінің жоғалуына әкелгені туралы хабарлайды.

      20. Аумақтық тізбелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

      1) террористік тұрғыдан осал объектілерді пайдаланудың тоқтатылуына не пайдалануға берілуіне;

      2) объектінің функционалдық мақсатының өзгеріп, объектіні жатқызу өлшемшарттарына сәйкестігінің жоғалуына не өлшемшарттардың кемінде біреуіне сәйкес келетін жаңа объектілердің анықталуына;

      3) объекті деректемелерінің өзгеруіне байланысты жүзеге асырылады.

  Объектілерді террористік
  тұрғыдан осал объектілерге
  жатқызу қағидаларына
  1-қосымша

___________ (облысының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілер тізбесіне (тізбесінен) енгізу және (немесе) шығару туралы өтінімі

      1. "Аумақтық тізбеге енгізу ұсынылатын объектілер туралы ақпарат" бөлімі (қажеттілігіне қарай толтырылады)

      ___________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін объектілер:

Р/с№ Объектінің толық және қысқартылған (егер бар болса) атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны Заңды негізде объектіге ие заңды тұлғаның мекенжайы (орналасқан жері (заңды және нақты мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе объектінің жеке сәйкестендіру нөмірі) немесе жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері) Объектінің меншік иесі, баланс ұстаушы туралы ақпарат Объект қызметінің жалпы бағыты Ведомстволық тиесілігі туралы ақпарат (мемлекет меншігіндегі объектілер үшін) немесе салалық тиесілігі (жеке меншіктегі объектілер үшін) Байланыс деректері (объектінің электрондық пошта жәшігінің, оның басшылығының ресми мекенжайы, ұялы телефондардың нөмірлері, қалалық телефон желісінің телефондары) Ескертпе (объектінің ерекшелігі, оның ішінде адамдар көп жиналатын объектілерге арналған объектінің сыйымдылығы, басқа)

Объектіні террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызуға негіз болған өлшемшарт

1









..









      2. "Аумақтық тізбеден шығару ұсынылатын объектілер туралы ақпарат" бөлімі (қажеттілігіне қарай толтырылады)

      ___________ облысы (республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында орналасқан аумақтық тізбеден шығару ұсынылатын объектілер

Р/с
Объектінің (толық және қысқартылған (егер бар болса) атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны Заңды негізде объектіге ие заңды тұлғаның мекенжайы (орналасқан жері (заңды және нақты мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе объектінің жеке сәйкестендіру нөмірі) немесе жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері Объектінің меншік иесі, баланс ұстаушы туралы ақпарат Байланыс деректері (объектінің, оның басшылығының электрондық пошта жәшігінің ресми мекенжайы, ұялы телефондардың нөмірлері, қалалық телефон желісінің телефондары) Шығару себебі (объектіні пайдалануды тоқтату және (немесе) объектінің функционалдық мақсатының өзгеріп, оның өлшемшарттарға сәйкестігінің жоғалуына әкелуі, басқалар)

Объектіні террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызуға негіз болған өлшемшарт

1






..






  Объектілерді террористік
  тұрғыдан осал объектілерге
  жатқызу қағидаларына
  2-қосымша

___________________________________________(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесі

Р/с
Объектінің атауы Объектінің заңды мекенжайы Объектінің нақты мекенжайы Мемлекеттік органға ведомстволық / салалық тиесілігі
(бар болса)
Ескертпе (адамдар көп жиналатын объектілер үшін сыйымдылығы және басқалары)
1 2 3 4 5

1. Аса маңызды мемлекеттік объектілер

Жатқызылу өлшемшарттары

1






2






1-бөлім бойынша барлық объектілер саны _______.


2. Стратегиялық объектілер, стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері

Жатқызылу өлшемшарттары

3






4






2-бөлім бойынша барлық объектілер саны _______.

3. Қауіпті өндірістік объектілер

Жатқызылу өлшемшарттары













3-бөлім бойынша барлық объектілер саны _______.

4. Адамдар көп жиналатын объектілер

Жатқызылу өлшемшарттары














4-бөлім бойынша барлық объектілер саны _______.

Объектілердің жалпы саны _______.

      Ескертпе:

      1. Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу кезінде:

      1) құқық иесі объектілерді пайдаланатын бір орган немесе ұйым болып табылатын, бір немесе бірнеше аумақтық байланысқан алаңдарда орналасқан объектілер тізбеге бір объект ретінде енгізілуге тиіс;

      2) құқық иеленушілері объектілерді пайдаланатын әртүрлі органдар немесе ұйымдар болып табылатын, бір немесе бірнеше аумақтық байланысқан алаңдарда орналасқан объектілер тізбеге жеке объектілер ретінде енгізілуге тиіс;

      3) құқық иесі бір орган немесе ұйым не объектілерді пайдаланатын тұлға болып табылатын, аумақтық тұрғыдан қашық және (немесе) технологиялық және техникалық жағынан өзара байланысты емес алаңдарда орналасқан объектілер тізбеге жеке объектілер ретінде енгізілуге тиіс;

      4) егер ұйым өлшемшартқа сәйкес келсе және бұл ретте пайдаланылатын объектінің меншік иесі немесе өзге де заңды құқық иеленушісі болып табылмаса, онда ұйым және пайдаланылатын объект (оның орналасқан жері) террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесіне бір объект ретінде енгізіледі.

      2. Террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбелері толтырылғаннан кейін, егер оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес құпиялылық белгісі берілмесе, таратылуы шектелген қызметтік ақпараты бар құжаттар болып табылады және "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі болады.

      3. Аумақтық тізбе бекітілгеннен, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне құқықтық актінің бір-бір данасы жіберіледі;

      2) тиісті үзінді берілген өтінімдерге сәйкес орталық мемлекеттік органдарға, олардың аумақтық бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне жіберіледі.

  Объектілерді террористік
  тұрғыдан осал объектілерге
  жатқызу қағидаларына
  3-қосымша

      Нысан

___________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) террористік тұрғыдан осал объектілеріне жатқызу тізбесіне (тізбесінен) объектіні енгізу (немесе) одан шығару туралы хабарлама

      1) объектінің атауы __________________________________________;

      2) объектіні енгізу (объектінің өлшемшарттарға сәйкестігі (сәйкес еместігі), басқалары) не алып тастау үшін негіз болған фактілер ______________________________ ;

      3) объектіні аумақтық тізбеге (тізбеден) енгізу (шығару) туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі қаулысының нөмірі мен күні _________ ;

      4) терроризмге қарсы комиссия аппаратының (бөлімінің) өкілі

      ______________ _________________________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)

      Ескертпе: хабарлама алғаны туралы белгі қойғызылып, қолма-қол немесе хабарламасы бар тапсырыс хат арқылы поштамен жолданады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 12 сәуірдегі
№ 234 қаулысымен
бекітілген

Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы өлшемшарттардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттар – белгілі бір жағдайларда және белгілі бір концентрацияда адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін, қолданылуы мен пайдаланылуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар;

      2) есептік алаң – дәліздерді, тамбурларды, өтпелерді, саты өткелдерін, лифт шахталарын, ішкі ашық сатыларды, сондай-ақ инженерлік жабдықтар мен инженерлік желілерді орналастыруға арналған үй-жайларды қоспағанда, онда орналастырылатын барлық үй-жайлар алаңының жиынтығы;

      3) бұқаралық ғимараттар – адамдардың болуына және (немесе) олардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған, бұл ретте жеке-дара айқындалмаған тұлғалар тізбесіне еркін кіре алатын ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлары не олардың бөліктері;

      4) сауда алаңы – тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және тауарларды сату, сатып алушылардың өтуі кезінде сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған арнайы жабдықтар орналасқан сауда объектісінің алаңы.

      2. Террористік тұрғыдан осал аса маңызды мемлекеттік объектілерге мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:

      1) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының объектілерін қоспағанда, орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының объектілері; шешілетін міндеттердің маңызына қарай өздері бағынысты органның негізделген ұсынысы (өтінімі) бойынша олардың құрылымдық және өңіраралық, облыстық, аудандық маңызы бар, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық бөлімшелерінің объектілері;

      2) сот жүйесі органдарының, олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің объектілері;

      3) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, олардың ведомстволарының, құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің объектілері;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің объектілері;

      5) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық тізбесіне сәйкес);

      6) облыстың, ауданның, қаланың, облыстық және республикалық маңызы бар қаладағы ауданның, астананың жергілікті өкілдік және атқарушы органдарының объектілері;

      7) өзге де мемлекеттік маңызы бар объектілер.

      3. Террористік тұрғыдан осал стратегиялық объектілерге, стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілеріне мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:

      1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелері;

      2) мемлекеттік материалдық резервтері бар объектілер (медициналық препараттарды, жанар-жағар май материалдарын сақтау қоймалары, азық-түлік және зат қоймалары);

      3) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері: жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлық газбен қамтамасыз ететін және осы тармақшаның өлшемшарттарына сай келетін газ бөлу станциялары; электр (50 МВт жоғары) және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар, орталықтандырылған жылумен жабдықтау (100 Гкал жоғары) (ЖЭО, МАЭС, ГЭС, ГТЭС, ЖЭС және қазандықтар) аймақтарында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын қазандықтар, 220 кВт және одан жоғары жүйелік оператордың қосалқы станциялары, ауызсумен жабдықтау объектілері – 5000 (бес мыңнан) астам су тұтынушы адамға ауызсу беруді қамтамасыз ететін су тарту құрылыстары;

      4) көлік инфрақұрылымының объектілері ("кластан тыс", "1", "2" және "3" класты теміржол вокзалдары, халықаралық рейстер жасайтын кемелерге қызмет көрсететін теңіз порттары, әуежайлар (әуеайлақтар), аэронавигациялық қызмет көрсетушілердің объектілері);

      5) бұзылуы (қызметінің бұзылуы) жаһандық, өңірлік немесе жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларға әкеп соғуы мүмкін су шаруашылығы объектілері (гидротехникалық құрылыстар – су ресурстарын басқару үшін пайдаланылатын гидротораптар, шлюздер, бөгеттер және тағы басқа);

      6) мұнайды және (немесе) газды қайта өңдеу, ыдыста мұнайды және (немесе) газды сақтау жүзеге асырылатын, уран өндіру және қайта өңдеу жүзеге асырылатын объектілер; химия өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілер;

      7) қорғаныс өнеркәсібінің объектілері;

      8) байланыс, телекоммуникация, телерадиохабар тарату (техникалық құрылыстар (радиотелевизиялық станциялар) объектілері;

      9) жүйе құрушы кәсіпорынға жататын металлургия өнеркәсібі ұйымдары;

      10) атом энергиясын пайдалану объектілері.

      4. Террористік тұрғыдан осал қауіпті өндірістік объектілерге мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:

      1) ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық (бактериологиялық, улы) заттарды әзірлеуге, өндіруге, сынауға, зерттеуге және сақтауға қатысатын объектілер;

      2) жарылғыш заттарды, уытты және аса уытты заттарды сақтау объектілері.

      5. Адамдар көп жиналатын террористік тұрғыдан осал объектілерге мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:

      1) сауда алаңы 500 (бес жүз) шаршы метр және одан да көп сауда объектілері не қару-жарақ және оқ-дәрілер саудасы жүзеге асырылатын аумақтардағы объектілер;

      2) келушілерге қызмет көрсетуге арналған залдардың жиынтық алаңы 500 (бес жүз) шаршы метр және одан көп қоғамдық тамақтандыру объектілері;

      3) бір мезгілде 200 (екі жүз) және одан көп адам болуға2 (сыйымдылығы) есептелген мәдениет ұйымдарының объектілері (театрлар; концерт залдары; цирктер; кітапханалар; мәдени-демалыс ұйымдары; кинематографиялық ұйымдар (қызметінің негізгі түрі кинозалда жүзеге асырылатын фильм көрсету болып табылады), музейлер, көркемсурет галереялары (салондар); студиялар; шеберханалар; мәдени-тарихи орталықтар; мәдениет саласындағы зерттеулер орталықтары (зерттеу институттары); мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа да мәдениет ұйымдары);

      4) 500 (бес жүз) және одан көп адамның бір мезгілде болуына (сыйымдылығына) есептелген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары;

      5) бір мезгілде 200 (екі жүз) және одан көп адамның болуына (сыйымдылығына) есептелген өзге де ойын-сауық құрылыстары;

      6) білім алушылар мен персоналдың нақты саны 100 (бір жүз) және одан көп білім беру ұйымдары (мектепке дейінгі ұйымдар; жалпы білім беретін мектептер (гимназиялар, лицейлер); орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары; мамандандырылған білім беру ұйымдары; арнайы білім беру ұйымдары; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары объектілері;

      7) бір ауысымда 200 (екі жүз) және одан көп келушілерге есептелген денсаулық сақтау объектілері 200 (екі жүз) төсекке және одан көп төсекке есептелген, стационарлық көмек көрсететін ұйымдар (егер олар өзге өлшемшарттарға сәйкес келмесе, ведомстволық денсаулық сақтау объектілері);

      8) бір мезгілде 200 (екі жүз) және одан көп адамның болуына (сыйымдылығына) есептелген туристерді орналастыру орындары (қонақ үйлер, отельдер, мотельдер, туристік базалар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыстар);

      9) бір мезгілде 200 (екі жүз) және одан көп адамның болуына (сыйымдылығына) есептелген өзге де бұқаралық ғимараттар (оның ішінде ғибадат үйлері (ғимараттары), мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, мемлекеттік қызметтер, пошта желісінің қызметтері және байланыс қызметтерін пайдаланушыларға қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалардың объектілері, екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелері);

      10) бір мезгілде 200 (екі жүз) және одан көп адамның болуына (сыйымдылығына) есептелген көлік инфрақұрылымы объектілері (автовокзалдар, станциялар).

      6. Террористік тұрғыдан осал күзетілетін объектілерге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы бекітетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзететін объектілердің тізбесіне сәйкес объектілер жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады