Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 404 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қаскелең орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) орман қоры жерлерінен жалпы алаңы 4,4035 гектар жер учаскелерi өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Алматы облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің "Ресей шекарасы (Екатеринбург) – Алматы (Қостанай, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қ. арқылы) 2453 км – 2446 км (42-49 км) Шамалған станциясының айналма жолы" республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау (салу) үшін "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – комитет) берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Комитет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 11 маусымдағы
№ 404 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы Жалпы алаңы,
гектар
оның ішінде:
орман
көмкерген
орман көмкермеген

"Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қаскелең орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

4,4035

0,9

3,5035

Барлығы:

4,4035

0,9

3,5035


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады