Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 19 шілдедегі № 502 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен "Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 19 шілдедегі
№ 502 қаулысына
қосымша

"Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілетін республикалық мүліктің тізбесі

Р/с № Мүліктің атауы Өлшем бірлігі Саны Шығарылған жылы Зауыттық нөмірі
1 2 3 4 5 6

1

Негізгі жиынтықтаушы бұйымдары, қосымша жабдығы, қосалқы бөлшектерінің, жабдықтары мен құрал-саймандарының бір жинағы бар Ми-8АМТ тікұшағы (1:1), Ми-8АМТ тікұшағына арналған жүк кабинасының техникалық құжаттамасының жинағы және айырбасталатын нұсқадағы жабдығы бар

бірлік

1

2020

8АМТ00398197845U

2

Негізгі жиынтықтаушы бұйымдары, қосымша жабдығы, қосалқы бөлшектерінің, жабдықтары мен құрал-саймандарының бір жинағы бар Ми-8АМТ тікұшағы (1:1), Ми-8АМТ тікұшағына арналған жүк кабинасының техникалық құжаттамасының жинағы және айырбасталатын нұсқадағы жабдығы бар

бірлік

1

2020

8АМТ00398197846U


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады