Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01. 2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 444-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
  2021 жылғы 14 желтоқсандағы
  № 882 қаулысымен
бекітілген

Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесі

Р/с № Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды Тауардың атауы

1

2207 10 000 0

спирттің шоғырлану көлемі 80 % немесе одан астам денатуратталмаған этил спирті

2

2208 20 120 0

жүзім шарабының дистилляциясы немесе жүзім сығындысы нәтижесінде алынған сыйымдылығы 2 литр немесе одан кем ыдыстардағы коньяк, спирт тұнбалары

3

2208 60 110 0

сыйымдылығы 2 литр немесе одан кем ыдыстардағы спирттің шоғырлану көлемі 45,4 % немесе одан кем арақ

4

2208 90 990 0

сыйымдылығы 2 литрден астам ыдыстардағы спирттің шоғырлану көлемі 80 %-дан кем денатуратталмаған этил спирті

____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады