Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Судьяларды және олардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттiк сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 19 наурыздағы № 365 және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану туралы" 2002 жылғы 16 шілдедегі № 789 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 102 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Судьяларды және олардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттiк сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 наурыздағы № 365 қаулысы;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 16 шілдедегі № 789 қаулысы.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады