Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 606 қаулысы.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау, ұлттық экономиканы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша шет мемлекеттерде шығарылатын тауарларды (бұдан әрі – тауарлар) ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.

      2. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өнім беруші шығарған тауарлардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат етілсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 24 тамыздағы
№ 606 қаулысына
қосымша

Ұлттық режимнен алып тасталатын, шет мемлекеттерде шығарылатын тауарлар тізбесі

Р/с

Атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды

ТЖҚ БНА

1.

Ескерткіштерге, әрлеу мен құрылысқа арналған өңделген тас (тас – жиектас, төсемтас, декоративтік элементтер; травертин; тақта; гранит тақтасы; гранит)

6801000000
6802100000
6802230000
6802290001
6802290009
6802920000
6802931000
6802939000
6802991000
6802999000
6803001000
6803009000

237012.600.000007
237012.600.000008
237012.600.000009
237012.600.000010
237012.600.000011
237012.600.000012
237012.100.000000
237012.100.000001
237012.100.000003
237012.100.000004
237012.600.000000
237012.600.000001
237012.600.000002
237012.600.000003
237012.600.000004
237012.600.000005
237012.600.000006


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады