Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 897 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2024 ж. қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 1140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2022 жылғы 14 қарашадағы
№ 897 қаулысымен
бекітілген

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      2. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептейтін, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және аударатын шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер өздерінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарында агент ретінде есепке алынуға тиіс.

      3. Жұмыс берушінің БЖЗҚ-ға төлеуге тиіс міндетті зейнетақы жарналары агенттің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      4. Агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын қызметкердің бір айға есептелген табысы сомасынан есептейді.

      5. Заңды тұлға агенттер жұмыс берушінің есептелген (есебіне жазылған) және аударылған міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде қате төлемдерді қайтару туралы мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіппен электрондық немесе қағаз жеткізгіштерде сақтайды.

      Заңды тұлға агент таратылған кезде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және аудару туралы құжаттар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік архивіне беріледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.03.2023 № 224 қаулысымен.

2-тарау. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу)

      6. Агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен уақтылы есептейді, есепке жазады және БЖЗҚ-ға төлейді.

      Жұмыс берушінің БЖЗҚ-ға төлеуге жататын міндетті зейнетақы жарналары жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын табыс сомасына Заңның 25-1-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі.

      Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектілері:

      1) заңды тұлғалар үшін – жалдамалы жұмыскерлердің жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысы;

      2) жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын дара кәсіпкерлер үшін – жалдамалы жұмыскердің жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысы;

      3) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үшін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының персоналына теңестірілген лауазымдар бойынша айлықақының 100 пайыздық мөлшері;

      4) жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын өзі алатын табыстан өз пайдасына есептеу болып табылады.

      Бұл ретте жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін Заңның 25-1-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшер шегінде олар дербес айқындайтын сома жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу мақсаттары үшін алынатын табыс болып табылады.

      Жеке практикамен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің табысы болмаған жағдайда республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріне Заңның 25-1-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептелген жұмыс берушінің БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

      Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін төленбейді.

      7. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асыру кезінде:

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 319-бабының 2-тармағында көрсетілген;

      2) Салық кодексінің 329-бабында, 330-бабының 1-тармағында көрсетілген;

      3) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 12), 26), 27) және 50) тармақшаларында, сондай-ақ 341-бабы 1-тармағының 42) және 43) тармақшаларында (жоғалтылған табысы (кірісі) бөлігінде) белгіленгендерді қоспағанда, 341-бабының 1-тармағында көрсетілген;

      4) мүгедектігі бар адамдар және Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген өзге де адамдар заттай нысанда немесе материалдық пайда түрінде алған төлемдер мен кірістер түрлері есепке алынбайды.

3-тарау. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудару тәртібі мен мерзімі

      8. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аударуды агент қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргізеді.

      Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) шоттары жоқ жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен осы Қағидалардың 10-тармағында айқындалған тәртіппен БЖЗҚ-ға аудару үшін банкке қолма-қол ақшамен енгізеді.

      Міндетті зейнетақы жарналарын банктер арқылы қолма-қол ақшамен не қолма-қол емес тәсілмен төлеу "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      9. Жұмыс берушінің есептелген міндетті зейнетақы жарналары кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірілмей "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) аударылады.

      Арнаулы салық режимдерін қолданатын төлеушілер үшін жұмыс берушінің есептелген міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде аударылады.

      Мемлекеттік корпорация жұмыс берушінің бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын, есептелген міндетті зейнетақы жарналарын әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей БЖЗҚ-ға аударады.

      10. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-дағы шартты зейнетақы шоттарына аудару үшін агенттер мемлекеттік корпорацияға банктер арқылы аударуды жүзеге асырады.

      Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жеке тұлғалардың тізімі қоса беріліп, МТ-102 форматындағы төлем тапсырмасымен аударылады.

      Жеке тұлғалардың тізімінде әрбір жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жарна сомасы және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезең (ай, жыл) қамтылады.

      Агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді төлемдер банк шотын ашпай жүргізілген кезде – "Төлемнің мақсаты" деген бағанда, төлемдер агенттің банк шотынан ақшаны есептен шығару жолымен жүргізілген кезде "Кезең" деген бағанда, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларында "PERIOD" деген негізгі жолда көзделген "ААЖЖЖЖ" форматында қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем құжаттарында көрсетеді.

      Екі және одан да көп кезеңдер үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу қажет болған кезде жеке тұлға төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде екі және одан да көп рет көрсетіліп, "PERIOD" деген жолында тиісті ай мен жыл көрсетіледі.

      Агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған жағдайда аудару МТ-102 форматындағы бір төлем тапсырмасын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір ай үшін жеке жүргізіледі және тиісті кезең көрсетіліп, жеке тұлғалардың тізімі қоса беріледі.

      11. Жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын өзінің пайдасына және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жүргізілетін адамдардың пайдасына аудара отырып, төлем құжаттарында мемлекеттік корпорацияның деректемелерін көрсетеді және оларға жеке тұлғалардың тізімін қоса береді.

      12. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомалары үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен БЖЗҚ-ға аударылады.

      Мемлекеттік корпорация жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың агенттерден келіп түскен төлем тапсырмалары тобынан тұратын, МТ-100 форматындағы төлем сомасына сәйкес келетін тізімін БЖЗҚ-ға электрондық тәсілмен бір мезгілде жібереді.

      13. МТ-102 форматындағы тізімде көрсетілген жұмыскердің ЖСН болмаған және (немесе) жеке тұлғаның деректемелерінде қателер жіберілген жағдайда мемлекеттік корпорация жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомасын агенттің шотына қайтарады.

      14. Жеке тұлға зейнетақы төлемдерін немесе шартты зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді алған кезде жұмыс беруші төлеген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың жекелеген сомаларының жоқ екенін анықтаса, агентті, оның ішінде бухгалтерияны қателер табылғаны және тиісті мәліметтер алу және жіберілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін өзіне кез келген уақыт үшін мемлекеттік корпорацияға міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың аударылғаны туралы төлем құжаттарының көшірмелерін және төлем құжаттарына қоса берілетін жеке тұлғалар тізімдерінен жеке өзіне қатысты үзінді көшірмелерді ұсыну туралы ауызша хабардар етеді.

      15. Агент заңнамада белгіленген тәртіппен таратылған және тарату процесі аяқталған жағдайларда жеке тұлға агенттің орналасқан жеріндегі архив мекемелеріне, ал тарату ісі барысында тарату комиссиясына жүгінеді, олар оған төлем құжаттарының куәландырылған көшірмелерін ұсынады. Жеке тұлға алған төлем құжаттарының көшірмелерін өтінішпен бірге мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      16. Агент жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомаларын есептеу (есепке жазу), аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған немесе жеке тұлғадан қате анықталғаны туралы ауызша хабар алған жағдайларда агент жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды келесі аударуды реттеу арқылы қателерді түзетеді.

      Қателерді жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды келесі аударуда реттеу арқылы түзету мүмкін болмаған кезде агент осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушінің қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтару туралы өтінішпен мемлекеттік корпорацияға жүгінеді. Жұмыс берушінің қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтару туралы өтінішке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаның өзінің шартты зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы нотариат куәландырған өтініші қоса беріледі.

      Өтінішке бас бухгалтер қол қояды. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, қайтаруға арналған өтінішке басшы қол қояды.

      17. Қателер банктің кінәсінен жіберілген жағдайда банк қате аударылған соманы қайтару туралы өтінішпен мемлекеттік корпорацияға хат жібереді.

      Банктің кінәсінен қате аударылған соманы қайтаруға арналған өтініште: атауы, БСН, ЖСК, БСК, қате жіберілген төлем құжаттарының референсі және қайтару себебі көрсетіледі. Банктің уәкілетті адамдарының қолы қойылған хат пен өтініш осы адамдардың қате нұсқауды қайтаруға арналған хаттар мен өтініштерге қол қоюға өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесімен қоса беріледі.

      18. Қате аударылған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтаруға агенттер мен банктерден алынған құжаттардың негізінде мемлекеттік корпорация көрсетілген зейнетақы жарналарының түсу фактісін және олар бойынша бұрын жүзеге асырылған қайтарулардың жоқ екенін тексергеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомаларын қайтаруға электрондық түрдегі өтінімді қалыптастырады.

      Электрондық түрдегі өтінімде жеке тұлғаның деректемелері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, ЖСН, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қайтаруға жататын сомасы, қайтару себебі көрсетіледі.

      Электрондық түрдегі өтінім БЖЗҚ мен мемлекеттік корпорация арасында жасалған келісімге сәйкес БЖЗҚ-ға жіберіледі.

      19. Мемлекеттік корпорациядан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қате есептелген сомасын қайтару туралы электрондық түрдегі өтінімді алғаннан кейін БЖЗҚ оны бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорация өтінімінің нөмірі мен күнін көрсетіп, жұмыс берушінің қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомасын мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырады.

      20. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қате есептелген сомасын БЖЗҚ мемлекеттік корпорацияның электрондық түрдегі өтінімінде көрсетілген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың БЖЗҚ-ға нақты енгізілген номиналды сомасы бойынша мемлекеттік корпорацияның банк шотына жеке тұлғалардың тізімдерімен қоса төлем тапсырмасымен қайтарады.

      21. Мемлекеттік корпорация қате есептелген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомалары БЖЗҚ-дан келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды агенттің өтінішінде көрсетілген деректемелерге сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерімен қоса төлем тапсырмасымен аударуды жүргізеді.

      22. Банк жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомалары мемлекеттік корпорациядан түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде агентті жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қайтарылғаны туралы хабардар етеді.

4-тарау. Жұмыс беруші міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған кезде берешекті өндіріп алу тәртібі

      23. Нақты төленуі және жұмыскердің кіріс алуы шартымен агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлердің пайдасына мерзімі өткен әрбір күн үшін (мемлекеттік корпорацияға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен қоса аударуға тиіс.

      24. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы есептемегені және аудармағаны үшін өсімпұлды агенттер кейіннен мемлекеттік корпорацияның БЖЗҚ-ға аударуы үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларында айқындалатын төлемді тағайындау кодын көрсете отырып, мемлекеттік корпорацияның банк шотына төлейді.

      25. Жұмыс берушінің БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұлды агенттер осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тәртіппен мемлекеттік корпорация арқылы төлейді.

      Жеке тұлғалардың тізімдерінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын агент уақтылы аудармаған адамдар көрсетіледі.

      Жеке тұлғалардың тізімі қоса берілмей аударылған өсімпұл агентке қайтарылуға жатады, кейіннен аударған кезде өсімпұл сомасы көрсетілген тізімді ұсынудың кешіктірілген күндерінің саны ескеріле отырып ұлғайтылады.

      26. БЖЗҚ алынған өсімпұлды жеке тұлғалардың алынған тізімдеріне сәйкес шартты зейнетақы шоттарына есептейді.

      27. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған агентте жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік кірістер органы агентке кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін мемлекеттік корпорацияға аударуға жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жібереді.

      Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      28. Хабарлама агентке жеке қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. Бұл ретте төменде көрсетілген тәсілдің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылды деп есептеледі:

      1) алғаны туралы хабарлама берілетін тапсырыс хатпен пошта арқылы – агент пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап.

      Бұл ретте мұндай хабарламаны пошта немесе өзге де байланыс ұйымы пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізеді.

      Пошта немесе өзге де байланыс ұйымы осы тармақта көзделген, мемлекеттік кірістер органдары пошта арқылы жеткізілгені туралы хабарлама берілетін тапсырыс хатпен агентке жіберген хабарламаны қайтарған жағдайда Салық кодексінде белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлер тартылып салықтық зерттеп-қарау жүргізілген күн осындай хабарлама тапсырылған күн болып табылады;

      2) электрондық тәсілмен:

      хабарлама веб-қосымшаға жеткізілген күннен бастап.

      Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын агентке қолданылады;

      хабарлама "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап.

      Бұл тәсіл "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген агентке қолданылады;

      3) мемлекеттік корпорация арқылы – оны өзі келіп алған күннен бастап.

      29. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кірістер органы:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агенттің – оған хабарлама тапсырылған күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің – оған хабарлама тапсырылған күннен бастап он жұмыс күні өткен соң банк шоттары мен касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      Мемлекеттік кірістер органдарының өкімі бойынша банктер:

      Салық кодексінің 189-бабында көзделген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есептелген өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге жататын айыппұлдарды төлеу жөніндегі операциялардан;

      мыналар:

      өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқарушылық құжаттар бойынша;

      еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен есеп айырысу үшін ақша алуды көздейтін атқарушылық құжаттар бойынша, қызметтен босарда алатын жәрдемақыларды және еңбекақы төлеу бойынша, авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу бойынша, клиенттің әлеуметтік төлемдерді аудару жөніндегі міндеттемелері бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен салық берешегін, кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу бойынша ақша алудан басқа агенттердің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға міндетті.

      Мемлекеттік кірістер органының агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша шығарылады.

      Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру:

      Кейіннен Салық кодексінің 189-бабында көзделген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есептелген өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге жататын айыппұлдарды төлеу есебіне аудару үшін банктерге ақша тапсыру;

      егер касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім банкке қатысты шығарылса, банктерге клиенттердің қолма-қол ақшасын беру бойынша операциялардан басқа кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.

      Мемлекеттік кірістер органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін агент түсетін қолма-қол ақшаны түскен күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік корпорацияға аудару арқылы мүлтіксіз орындауға тиіс.

      Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім берешек сомасы туралы хабарлама жіберу және тапсыру үшін осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген тәсілмен агентке жіберіледі және тапсырылады.

      Агенттің банк шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кірістер органы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

      30. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін хабарлама жіберген мемлекеттік кірістер органына:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агент – өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агент – өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні өткеннен кейін ұсынады.

      31. Осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес агент ұсынған тізімдер негізінде мемлекеттік кірістер органы тізімдерді алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомаларын агенттердің банк шоттарынан мәжбүрлеп өндіріп алады.

      Агенттердің банк шоттарынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу агент ұсынған тізімдер қоса берілген мемлекеттік кірістер органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.

      Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банк (банктер) шотында (шоттарында) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда банк клиенттің ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізеді.

      Агенттің банк шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада берген инкассалық өкімдер негізінде агенттің шетел валютасындағы банк шоттарынан жүргізіледі.

      32. Мемлекеттік кірістер органы инкассалық өкімдерді бенефициарды –мемлекеттік корпорацияны көрсете отырып, агенттің банк шотына (шоттарына) қояды.

      33. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын банк шотын ашпай төлеген кезде банктердің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге байланысты шығыстар агенттің қаражаты есебінен жүргізіледі.

      34. Агенттердің жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсімпұл төлеуін, БЖЗҚ жүргізетін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтаруын бақылауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік корпорация күн сайын (өткен күн үшін) мемлекеттік кірістер органдарына келіп түскен, сондай-ақ қате аударылған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдерін және электрондық төлем тапсырмаларын ұсынады.

      Мыналар:

      1) жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер банкке қолма-қол ақшамен енгізген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, қате есептелген сомаларының тізілімдері;

      2) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын жұмыс берушінің аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері жеке ұсынылады.

      Мемлекеттік корпорация жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, қате аударылған сомаларының тізілімдері бойынша ай сайынғы есепті мемлекеттік кірістер органдарына ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей ұсынады.

  Жұмыс берушінің міндетті
зейнетақы жарналарын есептеу
(есебіне жазу) және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына
аудару және олар бойынша
өндіріп алу қағидалары мен
мерзімдеріне
1-қосымша

      Нысан

Агенттің жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруға өтініші

      _____________________________

      "Азаматтарға арналған үкімет"

      мемлекеттік корпорациясы

      _____________________________

      1. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе)

      өсімпұлдарды төлеушінің (агенттің) деректемелері:

      Атауы

      _________________________________________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________

      Банктік сәйкестендіру коды (БСК)_______ ____________________________

      Жеке сәйкестендіру коды (ЖСК) _____________________________________

      2. Қателіктер жіберілген төлем тапсырмасының деректемелері,

      № _______ күні 20__ жылғы "___" ____________

      Төлем тапсырмасының жалпы сомасы

      ____________________________________

      3. Жеке тұлғаның деректемелері

      ______________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), туған күні)

      Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________

      Жеке тұлғаның шартты зейнетақы шотына жарнаның сомасы

      ______________________________________________

      Қайтаруға жататын сома

      _________________________________________

      4. Келесі төлемдермен түзету мүмкін емесе, өйткені

      ______________________________________________________________

      (қайтару талап етілетін себепті көрсету, мысалы, қызметкер

      жұмыстан шығарылды, ТТК, кезең, банк деректемелері, жеке тұлғаның

      деректемелері және т. б. дұрыс көрсетілмеген, резидент емес)

      Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (кәсіпорынның толық деректері көрсетіледі – атауы, БСН / ЖСН, барлық

      банк деректемелері – БСК/ЖСК)

      _________________________

      ___________________________________________

      (басшының қолы) (бас бухгалтердің қолы)

      ______________________________

      (күні)

  Жұмыс берушінің міндетті
зейнетақы жарналарын
есептеу(есебіне жазу) және
бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорына аудару және
олар бойынша өндіріп алу
қағидалары мен мерзімдеріне
2-қосымша

      Нысан

Жеке тұлғаның өзінің шартты зейнетақы шотынан қате есептелген соманы алуға келісетіні туралы өтініші

      Мен, ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)

      Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі____________________________

      Менің шартты зейнетақы шотыма қате аударылған жұмыс берушінің міндетті

      зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың

      _________________________________________________________________

      (сомасы жазбаша)

      сомасын (сомаларын) қайтаруға келісім беремін.

      _________________________________________________________________

      (Бірнеше төлем тапсырмасы бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы

      жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қате есептелген сомаларын қайтару қажет

      болған жағдайда қайтаруға жататын сома әрбір төлем тапсырмасына жеке көрсетіледі)

      Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін

      _______________ ________________

      (қолы) (күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады