Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 216 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Шыңғырлау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) орман қоры жерлері санатынан жалпы ауданы 32,3 гектар жер учаскелер елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін елді мекен шекарасының (шегінің) өзгеруіне байланысты Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының әкімдігіне берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 15 наурыздағы
№ 216 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан елді мекендер жерлері санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы


Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы,
гектар

оның ішінде:

орман
көмкерген

орман көмкермеген

мекендер

өзге жерлер

1

2

3

4

5

6

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Шыңғырлау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

32,3

1,6

26,4

2,6

 
1,7
 

Барлығы:

32,3

1,6

26,4

2,6

1,7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады