"Шығыс Қазақстан облысындағы бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының аумағындағы жер учаскелерін ауыстыру және беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 891 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 751 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Шығыс Қазақстан облысындағы бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының аумағындағы жер учаскелерін ауыстыру және беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 891 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Абай облысының бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы жер учаскелерін ауыстыру және беру туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 105, 138, 143-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Абай облысының бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы босалқы жерлер санатынан алаңы 119,03 гектар жер учаскелері өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Қазмырыш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – кәсіпорын) кәсіпорынның өнеркәсіптік қалдықтар полигонын салу және пайдалану үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелеріне 2039 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы берілсін.";

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 31 тамыздағы
№ 751 қаулысына
қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 891 қаулысына
қосымша

"Қазмырыш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілетін жер учаскелерінің экспликациясы

Р/с

Жер учаскесінің жалпы ауданы, гектар

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Құқық беру мерзімі

1

2

3

4

1

50,0

өнеркәсіптік қалдықтарды сақтау орнын салу және пайдалану үшін

2039 жылға дейін

2

18,4

автожолы бар электр беру желісін пайдалану үшін

2039 жылға дейін

3

7,93

автожолды пайдалану үшін

2039 жылға дейін

4

42,7

теміржолды пайдалану үшін

2039 жылға дейін

Жиыны

119,03





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады