"Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру (дайындау) үшiн пайдаланылатын, бақылауға жататын жабдықтардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі № 939 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1038 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру (дайындау) үшiн пайдаланылатын, бақылауға жататын жабдықтардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі № 939 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың тiзбесiн белгiлеу туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берiлiп отырған арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың тiзбесi белгіленсін.

      2. Арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың айналымын бақылау есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға жүктелсiн.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру (дайындау) үшiн пайдаланылатын, бақылауға жататын жабдықтардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 24 қарашадағы
№ 1038 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2003 жылғы 15 қыркүйектегі
  № 939 қаулысымен
  белгіленген

Арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың тiзбесi

      1. Таблеткаларды нығыздауға арналған нығыздау аспаптары мен жабдықтары.

      2. Ампулаларды толтыруға арналған жабдықтар.

      3. Ампулаларды бітеуге арналған жабдықтар.

      4. Химиялық реакцияларды жүргізуге арналған жабдықтар (зертханалық

      реакторлар).

      5. Капсуляторлар.

      6. Пуансондар мен матрицалар.

      7. Бір немесе бірнеше мойны бар сыйымдылығы үлкен реакциялық шыны

      ыдыстар (15 немесе одан да көп литр).

      8. Бөлгіш құйғыштар.

      9. Тікелей ағынды және қарсы ағынды конденсаторлар.

      10. Колба қыздырғыштар.

      11. Бөшкелерге арналған белбеулік қыздырғыштар.

      12. Сулы және майлы жылытқыштар.

      13. Ротациялық буландырғыштар.

      14. Реакциялық ыдыстар (колбалар, пробиркалар, реторттар).

      15. Таблеткалар мен капсулаларды есептегіштер.

      16. Таблеткаларды тозаңнан арылтқыштар.

      17. Вакуумдық сорғылар.

      18. Бюхнер құйғышы.

      19. Дәлдігі жоғары электрондық таразылар.

      20. Дистилляциялық қондырғылар.

      21. Магнитті араластырғыштар.

      22. Либих тоңазытқышы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады