Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 35 қаулысы

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 25 қаңтардағы
№ 35 қаулысына
қосымша

2024 жылы әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлер саны

Р/с

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары

Саны

1.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері

600

2.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

80

3.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы

42

4.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

30

БАРЛЫҒЫ


752


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады