Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 ақпандағы № 99 қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 39-бабы 3-тармағының 31), 32), 33) тармақшалары негізінде сатып алынатын тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын жеңіл өнеркәсіп тауарларын ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.

      2. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалар шығарған тауарлардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат етілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулы қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде осы қаулының 1-тармағында көзделген жеңіл өнеркәсіп тауарларының тізбесін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтарын көрсетіп бекітсін және осы тізбенің мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға берілуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады