Қазақстан Республикасы қаржы-экономика техникумдарының бағыныстылығы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1993 жылғы 19 мамыр N 399. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының қаржы, салық және кеден қызметiн қайта құру туралы" 1992 жылғы 12 қарашадағы N 963 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қаржы, салық iсi, бухгалтерлiк есеп, кеден қызметi және басқа нарық экономикасының мамандықтары саласында кадр даярлау жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды жүзеге асыру мақсатында Ақмола және Семей қаржы-экономика техникумдары Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң қарамағының алынып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң тiкелей бағыныстылығына берiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ақмола және Семей қаржы-экономика техникумдарын ұстауға қажеттi қаражат бөлетiн болсын. 
      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Республиканың арнаулы орта оқу орындарының бағыныстылығы туралы" 1992 жылғы 8 мамырдағы N 417 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 19, 310 бап) бекiтiлген, бұрын одақтық бағыныста болған және Қазақстан Республикасының министрлiктерiне берiлген арнаулы орта оқу орындарының тiзбесiнен Семей және Целиноград қаржы-экономика техникумдары шығарылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Бiрiншi орынбасарының 1992 жылғы 18 мамырдағы N 7-7 өкiмiнiң 1-тармағының үшiншi абзацы мен 2-тармағы екiншi абзацының күшi жойылған деп танылсын.      

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады