Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 22 маусым N 524. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.06.20. N 759 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Республиканың министрлiктерi мен ведомстволары, облыстардың Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен бiрлесiп осы Ережеге қайшы келетiн нормативтi актiлердi қайта қарауды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР Жоғары және арнаулы орта бiлiм министрлiгi туралы Ереженi бекiту туралы" 1969 жылғы 21 наурыздағы N 181 қаулысының (ҚазССР ҚЖ, 1969 ж., N 6, 28-бап).
      Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР Министрлер Советiнiң Кәсiптiк-техникалық бiлiм жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы Ереженi бекiту туралы" 1969 жылғы 6 қазандағы N 623 қаулысының (ҚазССР ҚЖ, 1969 ж., N 20, 110-бап);
      Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР Оқу министрлiгi туралы Ереженi бекiту туралы" 1970 жылғы 9 қаңтардағы N 74 қаулысының (ҚазССР ҚЖ, 1970 ж., N 3, 15-бап);
      Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн өзгерту және күшi жойылған деп тану туралы" 1976 жылғы 23 тамыздағы N 392 қаулысының 3 тармағының (Қазақ ССР ҚЖ, 1976 ж., N 18, 60-бап) күшi жойылған деп танылсын.
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1993 жылғы 22 маусымдағы
                                              N 524 қаулысымен
                                              Бекiтiлген
             Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi туралы
                              Ереже
      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi (Бiлiмминi) өз қызметiн (салааралық реттеудi қоса) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң басшылығымен және Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарына, қаулылары мен өкiмдерiне, Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетiнiң қаулыларына, Премьер-министрдiң өкiмдерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратын атқару өкiметi мен бiлiм жүйесiн мемлекеттiк басқарудың орталық органы болып табылады.
      Бiлiм министрлiгi, облыстық, қалалық және аудандық әкiмшiлiктердiң бiлiм басқармалары мен бөлiмдерi, салалық министрлiктер мен ведомстволардың оқу орындарын басқару органдары, оларға ведомстволық бағыныстағы оқу орындары мен оқу-тәрбие мекемелерi Қазақстан Республикасының бiрыңғай мемлекеттiк бiлiм жүйесiн құрайды. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемелерi өз қызметтерiн дербес жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңына сәйкес Бiлiм министрлiгiнiң құзырына:
      бiлiм саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру;
      ведомстволық бағыныстағы оқу орындарында мамандар даярлауға мемлекеттiк тапсырыстар қалыптастыру;
      бiлiмге мемлекеттiк бюджеттен қаржы бөлу нормативтерiн әзiрлеудi ұйымдастыру;
      озат тәжiрибенi және оқытудың қазiргi кездегi технологияларын зерделеу мен тарату;
      жыл сайын мектеп бiтiрушiлердi мемлекеттiк емтихан комиссиялары арқылы қабылдауды, мамандарды даярлаудың сапасын талдауды, оны көтеру жөнiнде шаралар қолдануды ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының аумағында олар тығыз тұратын жерлердегi аз ұлттар тiлiнде оқытатын жалпы бiлiм беретiн мектептердi педагогикалық кадрлармен, базалық (үлгiлiк) оқу жоспарларымен және бағдарламалармен, әдiстемелiк оқу әдебиетiмен қамтамасыз ету;
      ғылыми мекемелермен бiрлесе әрекет ету;
      басқа мемлекеттердiң аумағындағы бiлiм мекемелерiнде қазақ тiлiнде жалпы бiлiм беретiн процестi ұйымдастыруға жәрдем көрсету;
      бiлiм мәселелерi бойынша халықаралық келiсiм шарттар жасау;
      оқу орындары бар министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп:
      мемлекеттiк бiлiм мекемелерiне арналған бiлiм беру стандарттары, типтiк (үлгiлi) ережелер, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындау туралы Ережелердi, олардың ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық мамандықтар бойынша бiлiктiлiк мiнездемесiн, мемлекеттiк бiлiм мекемелерiн аттестаттау және аккредитациялау туралы, бiлiм жүйесiнде кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру, қайта даярлау және аттестаттау туралы Ережелердi әзiрлеудi және бекiтудi ұйымдастыру;
      Бiлiм министрлiгiне қарайтын мемлекеттiк жоғары және арнаулы орта оқу орындарын құру, қайта құру және тарату туралы ұсыныстар дайындау кiредi.
      3. Бiлiм жүйесiне жүктелген мiндеттердi Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңы айқындаған мемлекеттiк саясат принциптерiне сәйкес шешу үшiн Бiлiм министрлiгi:
      министрлiктермен, ведомстволармен, Ұлттық ғылым академиясымен, республиканың бiлiм мекемелерi және органдарымен бiрлесiп, бiлiм жүйесiн дамытудың стратегиялық бағдарламаларын әзiрлейдi және олардың орындалуын ұйымдастырады;
      республикада бiрыңғай үздiксiз бiлiм жүйесiн құрады және дамытады, жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң, ғылыми және өндiрiстiк ұжымдардың барлық үлгiлерiнiң ұйымдастыру-экономикалық өзара тығыз iс-қимылын, олардың кең тұтасуын қамтамасыз етедi;
      педагогикалық қызметкерлердi, сәбилердi, мектеп оқушыларын, студенттердi, аспиранттарды, докторанттарды және басқаларды материалдық, қаржылық қамтамасыз ету нормативтерiн әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
      министрлiкке тiкелей бағынатын бiлiм мекемелерiн ұстауға арналған бюджет жобасын әзiрлеп, республиканың Қаржы министрлiгiне енгiзедi, оларды қаржыландырудың, техникалық қайта жарақтандырудың, материалдық және әлеуметтiк негiзiн дамытудың болжамды жоспарларын құрайды;
      республикадағы бiлiм жүйесiнiң ахуалын талдауды жүзеге асырады, оның дамуының перспективалары мен тенденцияларын болжайды;
      педагогикалық және басқару кадрларының бiлiм саласындағы жаңалықтарды iздестiрiп, енгiзудегi белсендiлiгiн ынталандырудың тетiгiн жетiлдiредi, жаңа ұсыныстарды эксперименттiк байқап көрудi ұйымдастырады;
      бiлiм жүйесiндегi ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердi ынталандырады және ұйымдастырады, бiлiм беру мен ғылыми мекемелердiң ғылыми-техникалық прогрестi жеделдетудегi ғылыми әлеуетiн пайдалану үшiн қажеттi алғы шарттар мен жағдайлар жасайды;
      министрлiкке тiкелей бағынатын мемлекеттiк бiлiм мекемелерi басшыларын белгiленген тәртiппен тағайындайды және қызметiнен босатады;
      тiкелей бағыныстағы кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң құрылыстарын, ғимараттарын салуға, қайта жаңартуға, техникалық қайта жабдықтауға және жөндеуге тапсырыс берушiнiң мiндеттi iстерiн ұйымдастырады, бiлiм объектiлерi құрылыстарының жобалау-сметалық құжаттарын бекiтуге, оқу-тәрбие мекемелерiнiң жобаларына қойылатын талаптарды әзiрлеуге қатысады;
      Министрлiктiң бiлiм беретiн мекемелерi мен ұйымдарын оқу-көрнекi құралдармен, жабдықтармен, материалдармен қамтамасыз ету жүйесiн ұйымдастырады; басқа ведомстволармен бiрге кәсiпорындар бiлiм жүйесiне арнап шығарған жиhаздарды, жабдықтарды, техникалық оқу құралдарын, ойындарды, ойыншықтарды, тренажерларды сараптан өткiзедi;
      бiлiм жүйесi қызметкерлерiн, балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк қорғау, оқу-тәрбие мекемелерiндегi балалардың, оқушылардың, студенттердiң өмiрiн қорғау мен денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қалыптастырады және жүзеге асырады;
      үлгi жарғыларды, жоғары және арнаулы орта, кәсiптiк-техникалық, жалпы бiлiм беретiн және республиканың оқу-тәрбие мекемелерiнiң басқа да үлгiлерi туралы Ережелердi, сондай-ақ оларда құжаттамалар жүргiзу жөнiндегi Нұсқауды әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып бекiтедi;
      қажет болған жағдайда тиiстi министрлiктермен және ведомстволармен келiсе отырып бiлiмдi дамытуға едәуiр үлес қосқан қызметкерлердi Министрлiктiң құрмет белгiлерiмен және грамоталарымен наградтауды және сондай-ақ үкiмет наградаларына ұсынуды белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
      мемлекеттiк оқу-тәрбие мекемелерiнiң барлық үлгiлерiне арналған базалық оқу жоспарлары мен бағдарламаларды оқулықтар мен оқу құралдарын оларды оқу-әдiстемелiк бiрлестiктер (орталықтар, кеңестер және басқалар) мақұлдағаннан кейiн бекiтедi;
      еңбекшiлердiң хаттарын, өтiнiштерi мен шағымдарын (еңбек дауларынан басқасы) заңмен белгiленген тәртiппен қарайды;
      азаматтарды жеке мәселелерi бойынша қабылдайды, олардың Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң құзырына кiретiн негiздi шағымдары мен заңды талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi;
      Министрлiктiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi мен олардың жанындағы ұйымдар туралы ережелердi бекiтедi;
      оқу орындары бар министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп:
      Қазақстан Республикасының бiлiм жүйесi мен халық шаруашылық кешенiнiң қажеттi әрi мақсатты байланыстарын, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң бiлiм жүйесiмен сыртқы байланыстарды ұйымдастырып, жүзеге асырады;
      аспирантура мен докторантурада ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауға ұйымдық-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады. Бiлiмминiнiң қарауындағы ҒЗИ мен жоғары оқу орындарында аспирантура мен докторантураны ашуға және жабуға рұқсат бередi;
      Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттiк қызметiмен бiрлесiп жұмыстан босаған және жұмыспен қамтылмаған халықты кәсiптiк оқытуды, қайта оқытуды және жаңа мамандық берудi жүзеге асырады;
      мемлекеттiк оқу орындарына балама оқу орындарының құрылуына және Қазақстан Республикасы "Бiлiм туралы" Заңының 40 бабына сәйкес бiлiм мекемелерiнiң өндiрiстiк-шаруашылық және коммерциялық қызметiн дамытуға жәрдемдеседi;
      мемлекеттiк оқу-тәрбие мекемелерiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асырады, қай ведомствоға жататынына қарамастан жоғары және арнаулы орта оқу орындарын аттестаттауды, аккредитациялауды, сертификаттауды және лицензиялауды ұйымдастырады, бiлiм мазмұнына сараптық баға бередi, мемлекеттiк бiлiм беретiн мекемелердiң және оларды басқару органдарының заңдарға және соларға сәйкес қабылданған нормативтiк актiлерге қайшы келетiн актiлерiнiң күшiн жояды.
      4. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру барысында мынадай құқықтар мен өкiлеттiктер берiледi:
      бiлiм мекемелерi мен органдарының қызметтерiне қатысты мәселелер бойынша заңды қолдану тәжiрибесiн жинақтап қорыту және белгiленген тәртiппен қолданылып жүрген заңды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      қажеттi жағдайда республиканың министрлiктерi мен ведомстволарынан, қай ведомствоға жататынына қарамастан бiлiм беретiн және ғылыми-зерттеу мекемелерiнен Министрлiк әзiрлеген заң мен нормативтi актiлер жобалары бойынша қорытындылар алу;
      бiлiм жүйесiне арналған оқу, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиет басылымдарының баспалармен шарт негiзiнде келiсiлiп жасалған жоспарларын әзiрлеп, бекiту, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк құралдарға Министрлiктiң (комитеттiң, басқарманың) елтаңбасын беру;
      өз құзырының шегiнде республиканың мемлекеттiк бiлiм жүйесiнiң мекемелерi мен басқару органдары орындауға мiндеттi шешiмдер қабылдау;
      министрлiктер мен ведомстволардың, қауымдастықтар мен концерндердiң, жергiлiктi әкiмдердiң, басқа да мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың бiлiмдi басқару органдарының саласындағы заңдар мен нормативтi актiлердi орындауын бақылауды жүзеге асыру.
      5. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi өзiнiң өкiлеттiлiгiн Бiлiм министрiнiң, оның орынбасарларының, аппараттың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының және Министрлiк алқасының қызметтерi арқылы iске асырады.
      Бiлiм министрi Министрлiк қызметiн жеке басшылық негiзiнде басқаруды жүзеге асырады және Министрлiкке жүктелген мiндеттер мен қызметтердiң орындалуына тiкелей жауап бередi, Министр орынбасарларының мiндеттерiн бөледi. Министр орынбасарлары мен орталық аппараттың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының Министрлiк қызметiндегi жекелеген бағыттарды басқарудағы және оған ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен ұйымдардың жұмыстары үшiн жауапкершiлiк дәрежелерiн белгiлейдi.
      Министр өз құзыры шегiнде бiлiм саласында мемлекеттiк саясат жүргiзуге байланысты бұйрықтар мен басқа да нормативтi актiлер шығарады.
      Министр үстеме ақының, қосымша төлемнiң, ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдердiң мөлшерiн дербес белгiлейдi, сондай-ақ бекiтiлген саны мен еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Министрлiктiң орталық аппаратының штаттарын бекiтедi.
      Ескерту. 5-тармақтан сөздер алынып тасталған - 1995.02.06.
               N 115 қаулысымен.
      6. Құрамында Министр (алқа төрағасы), лауазымдары бойынша Министрдiң орынбасарлары мен Министрлiктiң басшы қызметкерлерi бар Бiлiмминiнiң алқасын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi түзедi.
      Алқа құрамына басқа министрлiктер мен ведомстволардың өкiлдерi, ғалымдар мен мамандар ене алады.
      Алқа шешiмi көпшiлiк дауыспен қабылданады және әдетте Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң бұйрығымен жүзеге асырылады.
      7. Министрлiк жағынан белгiленген тәртiппен атқарушы өкiметтiң орталық органдары болып табылатын, Министрлiк өкiлеттiгi шегiнде арнайы атқарушы қызметтi автономды жүзеге асыратын немесе Министрлiктiң құрамындағы салаға қарастыларды реттейтiн департаменттер, агенттiктер, комитеттер құрыла алады.
      8. Бiлiмдi дамытудың негiзгi бағыттарын қарау және оңтайлы басқару шешiмдерiн әзiрлеу үшiн Министрлiк жанынан арнайы комиссиялар, кеңестер, сараптау топтары құрылуы мүмкiн.
      Органдардың құрамын, оларды түзудiң тәртiбiн және олар туралы ереженi Министр бекiтедi.
      9. бiлiм министрлiгi жанынан құрылтайшылар қаржысы есебiнен Бiлiмдi тұрақтандыру мен дамыту қоры және өзге қорлар құрылуы мүмкiн.
      10. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң өз қызметiн жүзеге асыру үшiн банкiлерде тиiстi шоты, соның iшiнде алып қоюға жатпайтын шетел мемлекеттерi валютасының да шоты бар.
      11. Бiлiм министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiнде өзiнiң атауы жазылған мөрi бар.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады