Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы баға комитетiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 13 шiлде N 601. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.05.03. N 555 қаулысымен.

      Мемлекеттiк салық қызметiнен мемлекеттiк бағалар мен тарифтердi қолданудың дұрыстығын бақылау функциясының алынуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiне және жергiлiктi әкiмдердiң баға түзу органдарына мемлекеттiк бағалар мен тарифтердi қолданудың дұрыстығын бақылау функциясы жүктелсiн.
      2. Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiне Комитетте Баға бақылау басқармасын құру үшiн еңбекке ақы төлеудiң тиiстi қорымен қоса 13 адам мөлшерiнде қызметкер санын берсiн.
      3. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiне баға бақылау жөнiндегi инспекторлық аппараты болатын дербес баға бөлiмдерiн құру ұсынылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетi мен жергiлiктi әкiмдердiң баға түзу органдарының қызметкерлерiне баға түзу жөнiнде экономикалық ақпарат алу және бақылау функциясын орындау үшiн мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлерге, кедергiсiз келiп-кету құқығы берiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiнiң осыған қоса берiлiп отырған Ережесi бекiтiлсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетi бiр айлық мерзiмде облыстық, Алматы және Ленинск қалалық Баға бөлiмдерi туралы Үлгi ереженi бекiтсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетi мен қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң келiсуi бойынша екi айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1993 жылғы 13 шiлдедегi
                                              N 601 қаулысымен
                                               Бекiтiлген
             Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi
                    жанындағы Баға комитетi туралы
                              Ереже
      1. Бұдан былай "Комитет" деп аталатын Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетi Қазақстан Республикасында мемлекеттiк баға саясатын жүргiзудi қамтамасыз ететiн, ұйымдық, экономикалық механизмдердi әзiрлеп, жүзеге асыратын, баға түзу саласында әдiстемелiк басшылық жасайтын орталық экономикалық орган болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтiк актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
      бiрыңғай мемлекеттiк баға саясатын жүзеге асыру;
      баға мен тарифтiң мемлекеттiк тәртiбiн сақтауға бақылауды қамтамасыз ету;
      баға түзу тәжiрибесiн, өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдердiң, халық тұтынатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң реттелетiн және еркiн (нарықтық) бағалары мен тарифтерiн қалыптастыру және оларды қолдану тәртiбiн жетiлдiру;
      бағаның ұзақ мерзiмдi және орташа мерзiмдi болжамдарын әзiрлеу;
      басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен баға түзу мәселелерi бойынша бiрлесiп iс-әрекет жасауды жүзеге асыру.
      4. Комитет негiзгi мiндеттерiне сәйкес:
      баға түзу тәртiбiн анықтайды және халық шаруашылығында мемлекеттiк баға мен тарифтердi белгiлеу, қолдану жөнiндегi әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
      шаруашылық жүргiзушi монополис субъектiлер өнiмдерiнiң бағасы мен тарифтерiн реттейдi және декларациялау жүргiзедi;
      мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардағы, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi монополис субъектiлерде мемлекеттiк баға мен тарифтердiң дұрыс қолданылуын тексередi;
      мемлекеттiк баға тәртiбiн бұзғаны үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге заңға сәйкес экономикалық санкциялар қолданады;
      өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы бағаларының арасында пара-парлықты сақтаудың, басым салалар мен өнiм (тауарлар мен қызметтер) түрлерiн баға тұрғысынан ынталандырудың экономикалық әдiстерiн жасайды;
      жекелеген тауар түрлерi бойынша бағаның арақатынасын реттейдi және үйлестiредi, баға құрылымын жетiлдiру шараларын жүзеге асырады;
      тиiстi органдармен келiсiп ренталық төлем ставкалары жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      сауда және жабдықтау-өткiзу үстемелерiн (үстеме баға) белгiлеу мен қолдану тәртiбiн анықтайды;
      мемлекетаралық тауар алмасу өнiмдерi бағасының деңгейi бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
      республиканың кәсiпорындары мен ұйымдарындағы, ТМД елдерiндегi, сондай-ақ шет елдердегi баға түзу тәжiрибесiн зерттеудi және қорытады, өз өкiлеттiгi шеңберiнде бұл саладағы халық аралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      әлемдiк және iшкi бағалардың арақатынасына талдау жасайды;
      облыстардың, Алматы және Ленинск қалалары әкiмдерiнiң баға түзу органдарына әдiстемелiк басшылықты қамтамасыз етедi және олардың жұмыстарын үйлестiредi;
      баға ақпаратының анықтамалық-ақпараттық қорын құрады және кәсiпорындар мен ұйымдарға баға түзу мәселелерi жөнiнде консультациялық көмек көрсетедi;
      баға түзу органдары мамандарының бiлiктiлiгiн көтеру жұмысын жүргiзедi.
      5. Өзiне жүктелген функцияларды орындау үшiн Комитеттiң:
      тексеру кезiнде министрлiктерден, ведомстволардан, мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардан сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi монополис субъектiлерден қажет болған жағдайда есептi деректер, баға түзу жөнiндегi басқа да анықтамалық-ақпараттық материалдар алуға;
      баға түзу мәселелерi жөнiнде өз құзыры шеңберiнде, заңмен белгiленген тәртiппен барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлер орындауға мiндеттi болып табылатын шешiмдер қабылдауға;
      республиканың мемлекеттiк кәсiпорындары мен ұйымдарының баға мен тариф белгiлеуiнiң және оларды қолдануының дұрыстығын тексеруге;
      министрлiктерге, ведомстволарға, кооперативтiк, қоғамдық және басқа ұйымдарға бағаларды, тарифтердi, үстемелердi (үстеме бағаларды) және шегерiмдердi белгiлеу мен қолдану тәртiбi туралы түсiнiктеме, сондай-ақ мемлекеттiк баға тәртiбiн бұзуды жою жөнiнде нұсқама беруге;
      қолданылып жүрген баға түзу тәртiбiне қайшы келетiн бағалар мен тарифтердiң, ведомстволық нормативтiк актiлердiң күшiн жою немесе өзгерту туралы нұсқама беруге;
      баға түзудiң жекелеген мәселелерiн әзiрлеу, сондай-ақ бағаның белгiленуi мен қолданылуының дұрыстығын тексеру үшiн министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың ғылыми қызметкерлерiн, мамандарын белгiленген тәртiппен тартуға;
      бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың, басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң баға түзу жөнiнде қолданылып жүрген заңдарының талаптарын бұзып бағалар мен тарифтер қолданудың нәтижесiнде негiзсiз алған қаражатын бюджеттiң есебiне алып қою туралы заңда белгiленген тәртiппен шешiм қабылдауға және тәртiп бұзушыларға экономикалық санкциялар қолдануға;
      өз құзыры шегiнде бағаны, тарифтi, үстемелердi (үстеме бағаларды, шегерiмдердi) бекiту туралы қаулылар, барлық министрлiктер мен ведомстволар, мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi монополис субъектiлер үшiн орындау мiндеттi болып табылатын әдiстемелiк нұсқаулар, баға жөнiндегi басқа да нормативтiк құжаттар шығаруға;
      баға түзу тәжiрибесiне экономикалық-математикалық әдiстердi енгiзуге;
      баға түзу мәселелерi жөнiнде белгiленген тәртiппен прейскуранттар, баға мен тариф бюллетеньдерiн, анықтамалықтар, әдiстемелiк нұсқаулар және басқа материалдар басып шығаруға құқығы бар.
      6. Баға комитетiн Төраға басқарады, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасары болады.
      Төраға мен оның орынбасарларын қызметке Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды және қызметiнен босатады.
      Төраға:
      Комитет қызметiне басшылық етедi және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауап бердi;
      Төраға орынбасарларының арасында мiндеттердi бөледi, белгiленген қызметкерлер саны мен еңбекақы қоры шегiнде орталық аппараттың құрылымын және штат кестесiн бекiтедi, облыстық, Алматы және Ленинск қалалық баға бөлiмдерi туралы Үлгi ереженi бекiтедi, олардың басшыларының мiндеттерiн белгiлейдi.
      7. Комитет төрағасы Комитет қызметкерлерi үшiн орындауға мiндеттi болып табылатын бұйрықтар, өкiмдер мен нұсқаулар шығарады, тапсырмалар бередi.
      8. Комитеттiң қызметiнiң неғұрлым маңызды мәселелерiн талқылау үшiн құрамында Төраға, оның орынбасарлары және Комитеттiң 4 басшы қызметкерi болатын алқа құрылады.
      Алқаның құрамын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi. Алқаның шешiмдерi қаулы нысанында шығарылады.
      9. Комитеттiң аппаратын қаржыландыру мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға арналып республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
      10. Комитет заңды ұйым болып табылады, дербес балансы, банкте есеп айырысу және бюджеттiк есеп шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады