Иран Ислам Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 7 қыркүйек 1993 ж. N 831

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Иран Ислам Республикасында Қазақстан Республикасының Елшiлiгiн ашу туралы" 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1056 U931056_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң жылдық жалақы қоры 223890 АҚШ доллары сомасында 16,5 адамнан тұратын штат саны бекiтiлсiн.
      2. Иран Ислам Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң лауазымдық жалақысы 1700 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
      Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары штат кестесiне сәйкес Иран Ислам Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шетел валютасын алатын жалақысына қарай белгiленсiн.
      3. Иран Ислам Республикасымен қарым-қатынастың ерекше маңыздылығы, күрделiлiгi және жұмыс көлемiнiң ауқымдылығы ескерiлiп, Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң лауазымдық жалақысына оған шетел валютасымен берiлетiн жалақысының 20 процентi көлемiнде үстеме белгiленсiн.
      4. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетуге олардың АҚШ долларымен есептелетiн жалақы қорының 2,5 процентi мөлшерiнде қаржы бөлу белгiленсiн.
      5. Ирандағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң шығыс сметасы 1993 жылдың 4 айына 409,5 мың АҚШ доллары және 91093,5 мың сом сомасында бекiтiлсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiп 1993 жылға Елшiлiктiң шетел валютасы мен сом шығысының сметасын жасап, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын.
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады