"Руноқаракөл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 8 қыркүйек N 842. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.06.25. N 793 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау үшiн және жүн, қаракөл және басқа қой шаруашылығы өнiмдерiн өндiру мен ұқсату жөнiндегi кәсiпорындардың көп қырлы нарықтық экономикаға көшуiн жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазақруноқаракөл" өндiрiстiк-коммерциялық концернiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарының негiзiнде қосымшаға сәйкес "Руноқаракөл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы (бұдан әрi Компания) құрылсын.
      2. Компания "Қазақруноқаракөл" концернiнiң мүлiктiк хұқы мен мiндеттерiнiң заңды мұрагерi болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Компанияға заңда белгiленген тәртiппен оның құрамына кiретiн бұрын құрылған акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакетiн иелену, пайдалану және басқару хұқын берсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Компаниямен бiрлесе отырып 1993-1995 жылдарға арналған (II-кезең) мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру жөнiндегi Ұлттық бағдарламаға және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1137 Жарлығына сәйкес Компания құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн қайта құруды жүзеге асыру тапсырылсын. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарды акционерлендiрген жағдайда құрылатын акционерлiк қоғамдардың, белгiленген тәртiппен сатылатын акциялар пакетiнен басқа, мемлекеттiк акциялар пакетiн Компанияға иеленуге, пайдалануға және басқаруға берсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Компанияға:
      Компания құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдар мен кәсiпорындардың қызметiн үйлестiру мен реттеу;
      жоғары сапалы өнiм өндiрудi арттырудағы, кәсiпорындарды жаңғырту, жаңа объектiлер салу, қой шаруашылығының өнiмдерiн өндiру мен ұқсату жөнiндегi ғылыми-техникалық талдамаларды енгiзу және орындау үшiн шет ел инвестицияларын тарту мен пайдаланудағы сапалық бағдарламаларды әзiрлеу мен жүзеге асырудағы мемлекет мүддесiн сақтауды қамтамасыз ету тапсырылсын.
      6. "Руноқаракөл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы заңды ұйым болып табылады, Қазақстан Республикасының заңдары, өз Жарғысы негiзiнде iс-әрекет етедi және республика агроөнеркәсiп кешенiнiң құрамына кiредi.
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 8 қыркүйектегi
                                           N 842 қаулысына
                                            Қосымша
             "Руноқаракөл" мемлекеттiк акционерлiк
          компаниясының құрамына кiретiн кәсiпорындардың
                       Т I З Б Е С I
"Гурьев" мемлекеттiк асыл тұқымды заводы, Қызылқоға ауданы, Атырау облысы "Правда" газетi атындағы асыл тұқымды совхозы, Индер ауданы, Атырау облысы "Талас" мемлекеттiк асыл тұқымды заводы, Талас ауданы, Жамбыл облысы "Бостандық" асыл тұқымды совхозы, Талас ауданы, Жамбыл облысы "Түгiскен" мемлекеттiк асыл тұқымды заводы, Сарысу ауданы, Жамбыл облысы "Шу" асыл тұқымды совхозы, Мойынқұм ауданы, Жамбыл облысы "Тимур" мемлекеттiк асыл тұқымды заводы, Отырар ауданы, Оңтүстiк Қазақстан облысы "Қожатоғай" мемлекеттiк асыл тұқымды заводы, Отырар ауданы, Оңтүстiк Қазақстан облысы "Көксу" асыл тұқымды совхозы, Шардара ауданы, Оңтүстiк Қазақстан облысы "Шардара" асыл тұқымды совхозы, Шардара ауданы, Оңтүстiк Қазақстан облысы "Байырқұм" шағын кәсiпорындар мен шаруа қожалықтарының ассоциациясы, Арыс ауданы, Оңтүстiк Қазақстан облысы "Сырдария" шағын кәсiпорындар мен шаруа қожалықтарының ассоциациясы, Сарыағаш ауданы, Оңтүстiк Қазақстан облысы "Созақ" ұжымдық шаруашылығы, Созақ ауданы, Оңтүстiк Қазақстан облысы

Облысаралық мал дәрiгерлiк-өндiрiстiк мамандандырылған лаборатория, 
Абай ауданы, Оңтүстiк Қазақстан облысы
"Шәуiлдiр" асыл тұқымды заводы, Отырар ауданы, Оңтүстiк Қазақстан
облысы
Ақтөбе жүндi бастапқы өңдеу фабрикасы, Ақтөбе қаласы
"Сенiм" акционерлiк қоғамы, Семей қаласы
Орал мех комбинаты, Орал қаласы
"Қазақиталқаракөл" бiрлескен кәсiпорны, Шымкент қаласы
Ақтөбе аймақтық жүн лабораториясы, Ақтөбе қаласы
Жамбыл аймақтық жүн лабораториясы, Жамбыл қаласы
Семей аймақтық жүн лабораториясы, Семей қаласы
"Қазақаракөл" жылжымалы механикаландырылған колонна, Арыс ауданы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады