Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссияны құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 9 қыркүйек 1993 ж. N 849. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.29. N 594 қаулысымен. ~P020594

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi арасындағы экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық туралы Келiсiмге сәйкес, Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi жұмысты үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Үкiметаралық комиссияның қазақ бөлiмi мына құрамда бекiтiлсiн:

Шаяхметов Шайсұлтан Шаяхметұлы (басқа жұмысқа ауысуына байланысты
комиссияның тең төрағасы мiндетiнен босатылсын
<*>
.
     Қазақстан Республикасының Мәдениет министрi - Мамашев Т.А.
комиссияның тең төрағасы болып бекiтiлсiн.
<*>

                        Комиссия мүшелерi:
     
Әкiжанов Балқаш Төлеуханұлы         - Өнеркәсiп министрлiгi басқармасының  
                                      бастығы
Загорулько Юрий Владимирович        - Сыртқы экономикалық байланыстар 
                                      министрлiгi басқармасы бастығының
                                      орынбасары /комиссия хатшысы/
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы       - Энергетика және отын ресурстары
                                      министрлiгiнiң басқарма бастығы
Косарев Виктор Алексеевич           - Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 
                                      орынбасары
Құтыбаева Роза Байжанқызы           - Ұлттықбанк басқармасы төрағасының
                                      орынбасары
Сарбөпин Қайырхан Есенғалиұлы       - Сыртқы экономикалық байланыстар
                                      министрiнiң орынбасары
Сүлейменов Төлеген Идиатұлы         - Президент пен Министрлер Кабинетi
                                      Аппараты Сыртқы байланыстар
                                      бөлiмiнiң аға референтi
Тайғашынов Жамантай Дәуренбекұлы    - Көлiк министрiнiң орынбасары
Оразғалиев Қуаныш Ғабидоллаұлы      - Мәдениет министрлiгi басқармасының
                                      бастығы
     Ескерту. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 4.02.1994 ж. N    
              140 қаулысымен.
     Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.07.
              N 980 қаулысымен. 

P960980_

 
     2. Үкiметаралық комиссияның қазақ бөлiгiне, қажет болған
жағдайда, тұрақты комиссиялар құру, олардың құрамын, мiндетiн
және жұмысының негiзгi бағыттарын белгiлеу хұқығы берiлсiн.
     3. Министрлiктер, ведомстволар, облыс, Алматы және Ленинск 
қалаларының әкiмдерi комиссияның қызметiне барынша көмек көрсететiн
болсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады