"Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 9 қыркүйек N 859. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.12.30. N 1898 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау үшiн және ауыл шаруашылығын химияландырудың бiрыңғай қызметi мен технологиялық байланыстардың үзiлмеуiн сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Құнарлылықты арттыру жөнiндегi "Қазқұнарлылық" республикалық мемлекеттiк-кооперативтiк бiрлестiгiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарының негiзiнде N 1, 2 қосымшаларға сәйкес "Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы (бұдан әрi Компания) құрылсын.
      2. "Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы құнарлылықты арттыру жөнiндегi "Қазқұнарлылық" республикалық мемлекеттiк-кооперативтiк бiрлестiгiнiң мүлiктiк құқы мен мiндеттерiнiң заңды мұрагерi болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Компаниямен бiрлесе отырып 1993-1995 жылдарға арналған (II- кезең) мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру жөнiндегi Ұлттық бағдарламаға және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1137 Жарлығына сәйкес Компания құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн қайта құруды жүзеге асыру тапсырылсын. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарды акционерлендiрген жағдайда құрылатын акционерлiк қоғамдардың, белгiленген тәртiппен сатылатын акциялар пакетiнен басқа, мемлекеттiк акциялар пакетiн Компанияға иеленуге, пайдалануға және басқаруға берсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Компанияға оның құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру және реттеу жолымен мына мәселелерде:
      - топырақ құнарлылығын сақтау мен арттырудың кешендi бағдарламасын әзiрлеп, жүзеге асыруда және ауыл шаруашылығын химияландыру саласында бiрыңғай саясат жүргiзуде;
      - өсiмдiктердi зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуде;
      - топырақтың, ауыл шаруашылық алаптарының және өнiмдерiнiң агрохимиялық радиоактивтенуi мен техногендiк ластануына, сондай-ақ топырақ құнарлылығының жайына және өзгеруiне экологиялық бақылау жасауды жүзеге асыруда;
      - сор жерлердi мелиорациялау және егiстiктердi кешендi

агрохимиялық баптауда;
     - ауыл шаруашылығының химияландырудың өндiрiстiк базасының
объектiлерiн жаңғыртуға, кеңейтуге және жаңасын салуға инвестициялар,
оның iшiнде шет ел инвестицияларын тартуда мемлекет мүддесiн сақтау 
тапсырылсын.
     5. "Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы заңды ұйым
болып табылады, Қазақстан Республикасының заңдары, өз Жарғысы
негiзiнде iс-әрекет етедi және республика агроөнеркәсiп кешенiнiң
құрамына кiредi.
        
           Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi  
                                            Қазақстан Республикасы
                                            Министрлер Кабинетiнiң
                                           1993 жылғы 9 қыркүйектегi
                                               N 859 қаулысына
                                                N 1 қосымша

          "Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының
            құрамына кiретiн кәсiпорындар мен мекемелердiң
                          Т I З Б Е С I

     "Агрохимсервис" шағын мемлекеттiк кәсiпорны, Алматы қаласы, 
кәсiпорнының құрамында:


      Минералдық тыңайтқыштар мен улы химикаттардың республикалық орталық резервтiк базасы, Қайрат ст. (бекет), Алматы облысы
      Минералдық тыңайтқыштар мен улы химикаттардың Қостанайдағы республикалық резервтiк базасы, Қостанай қаласы
      Республикалық материалдық-техникалық жабдықтау базасы, Алматы қаласы
      "Жасыл желеңдi қорғау" Алматы ауданаралық өндiрiстiк бiрлестiгi, Алматы қаласы
      "Агрохим" Республикалық ғылыми-технологиялық орталығы, Алматы қаласы және оның қарамағындағы облыстардағы бөлiмшелер
                                            Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 қыркүйектi N 859 қаулысына N 2 қосымша


              "Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк

          компаниясының құрамына кiрген, жекелендiруге
                    жатпайтын мекемелердiң
                        Т I З Б Е С I
     Республикалық өсiмдiктердi қорғау станциясы, Алматы қаласы оның
iшiнде оның қарамағындағылар:
     Ақмола облыстық өсiмдiктердi қорғау станциясы
     Ақтөбе облыстық өсiмдiктердi қорғау станциясы
     Алматы облыстық өсiмдiктердi қорғау станциясы
     Атырау облыстық шегiрткеге-саршұнаққа қарсы күресу экспедициясы
     Шығыс Қазақстан облыстық өсiмдiктердi қорғау станциясы
     Жамбыл облыстық өсiмдiктердi қорғау станциясы
     Жезқазған облыстық өсiмдiктердi қорғау станциясы
     Батыс Қазақстан шегiртке-саршұнаққа қарсы күресу станциясы
     Қарағанды облыстық өсiмдiктердi қорғау станциясы
     Қызылорда облыстық шегiрткеге қарсы күресу экспедициясы
     Көкшетау облыстық өсiмдiктердi қорғау станциясы
     Қостанай облыстық өсiмдiктердi қорғау станциясы
     Маңғыстау облыстық өсiмдiктердi қорғау станциясы
     Павлодар облыстық өсiмдiктердi қорғау станциясы
     Солтүстiк Қазақстан облыстық өсiмдiктердi қорғау станциясы    
     Семей облыстық өсiмдiктердi қорғау станциясы
     Торғай облыстық өсiмдiктердi қорғау станциясы
     Оңтүстiк Қазақстан облыстық өсiмдiктердi қорғау станциясы
     Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерi мен ауруларын болжайтын,
диагностика жасайтын республикалық лабораториясы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады