ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНДА 300 ОРЫНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ПЕН КҮНIНЕ 800 АДАМ ҚАБЫЛДАЙТЫН ЕМХАНА САЛУ ТУРАЛЫ

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 29 желтоқсан 1993 ж. N 1309

      Аймақта әлеуметтiк жағдайды жақсарту мен қазiргi заманғы диагностикалық және емдеу жабдықтарының негiзiнде халықтың дәрiгерлiк қызмет көрсетуге қажеттiгiн неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Жезқазғантүстiмет" акционерлiк қоғамының Жезқазған қаласында 300 орындық медициналық орталық пен күнiне 800 адам қабылдайтын емхана салу жөнiндегi бастамасы мақұлдансын.
      2. Денсаулық сақтау министрлiгi мен Өнеркәсiп министрлiгiнiң осы объект құрылысының бас мердiгерi ретiнде халықаралық тендердi жеңiп алған "Самсунг" корпорациясын (Корея Республикасы) белгiлеу жөнiндегi ұсынысы қабылдансын, бұл ретте "Самсунг" корпорациясының құрылысқа қажеттi кредит бөлетiндiгi ескерiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгiне валюталық кредиттi ресiмдеу жөнiндегi құжаттарды сараптан өткiзу жүктелсiн. Кредиттi алудың шарттары мен өтеу мерзiмi туралы қорытынды 50 миллион АҚШ долларына дейiнгi сомаға үкiмет кепiлдiгiн ресiмдеу үшiн бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етiлсiн.
      "Жезқазғантүстiмет" акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне шетелдiк кредиттi өтеу жөнiнде тиiстi кепiлдiктердi тапсыратын болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi "Жезқазғантүстiмет" акционерлiк қоғамына құрылысты қаржыландыру және осы объект бойынша алынған кредиттi қосымшаға сәйкес өтеп отыруды қамтамасыз ететiн баспабас операцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi катодты мысқа 1994 жылдан бастап жыл сайын экспорттық квоталарды Қазақстан Республикасының Сыртбайланысминi жанындағы "Отырар" мемлекеттiк сыртқы сауда компаниясы арқылы мақсатты түрде бөлiп отыратын болсын.

     (5-тармақ)
<*>
.  
     Ескерту. 5-тармақ күшiн жойды - ҚРМК-нiң 1994.08.15. N 904            
              қаулысымен.
     6.
<*>

     Ескерту. 6-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1998.10.30. N 1114
              қаулысымен.  

P981114_

 
     7. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары,
Жезқазған облысының әкiмi "Жезқазғантүстiмет" акционерлiк қоғамына
осы жобаны жүзеге асыруға байланысты мәселелердi шешуде көмек 
көрсететiн болсын.
     8. Қаржы министрлiгi кредиттi қаржының мақсатты жұмсалуына
бақылау жасауды қамтамасыз ететiн болсын.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                     1993 жылғы 29  желтоқсандағы
                                          N 1309 қаулысына 
                                             Қосымша
     
            "Жезқазғантүстiмет" акционерлiк қоғамына баспабас
              негiзде өткеру үшiн бөлiнетiн катодты мысқа
                  экспорттық квоталардың мөлшерi
---------------------------------------------------------------------
                          !               !           Мөлшерi
      Өнiм түрi           ! Өлшем бiрлiгi !--------------------------
                          !               ! 1994   !  1995  !  1996
                          !               ! жылға  !  жылға !  жылға
---------------------------------------------------------------------
       Катодты мыс           тонна           20000    25000    15000

     Ескерту. Экспорттық квоталардың мөлшерi катодты мысқа ЛМБ-да
              (Лондон Металдар Биржасында) бағалардың құбылуына 
              байланысты өзгерiп отыруы мүмкiн.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады